Сотталғандар арасында сайыс өтті

Сотталғандар арасында сайыс өтті

Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді.
Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектептің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Аяулы күз, Алтын күз» танымдық сайысы өтті. Сайысқа мекемедегі  жазасын өтеушілер қатысты. Сайыс ережесіне сәйкес сотталғандар екі топқа бөлініп, бес кезең бойынша сынға түсті.

Сайыс кезеңдері бойынша сотталғандар қызықты логикалық сұрақтарға жауап беріп, суреттерге байланысты әңгіме құрап, өз өнерлерін көрсетті. Қызықты да тартысты өткен сайыста сотталғандар күз мезгілінің тіршілікке берер пайдасын түсіндіріп, күзгі табиғат ерекшеліктері туралы  әңгімеледі. Ал соңғы кезеңде сотталғандармен крупотерапия жұмысы жүргізілді. Олар  әр түрлі дәндерден сурет құрастырып шықты.

  • Бұл шара сотталғандардың жүзіне күлкі сыйлап, оларды талғампаздыққа, ой ұшқырлығына  жетеледі.  Жазасын өтеуші азаматтар  ән айтып, би билеп өз өнерлерін паш етті.  Жеңімпаз топтарға күзгі жемістер себеті сыйға беріліп, громатамен марапатталды.Алдағы уақытта да осындай шараларды жиі ұйымдастыратын боламыз»,- деді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры А.Уайдаев.
  • Маған соңғы кезең дәнді дақылдармен жұмыс жасау кезеңі  ұнады. Жұмыс кезінде әуезді ән тыңдап, көңіліміз серпіліп қалды. . Жапырақ, гүл, жануарлар мен үй суреттерінің аппликациясы бойынша түрлі дақылдарды жапсырып, жақсы дүние жасап шықтық.Бұл іс-шара менің қиялыма қанат бітіріп, шабытымды оятты. Өмірге деген қызығушылығымды арттырды. Балалық-шағым есіме түсіп, сергіп қалдым.Ұйымдастырушы кешкі мектеп мұғалімдері мен мекеме қызметкерлеріне алғысым шексіз»,- деді сотталған азамат.  

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив