СҚО полицейлері 3 күннің ішінде 11 атыс қаруын тәркіледі

СҚО полицейлері 3 күннің ішінде 11 атыс қаруын тәркіледі

СҚО-да үш күндік «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы заңдылықты нығайту бойынша басты назарға – қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, есептегі тұлғаларды қадағалау, Жол жүрісі қағидаларының сақталуы алынды. Жұмыстың маңызды желілерінің бірі - тіркелмеген қару фактілерін анықтау болды. Көп жағдайда адамдар қаруды сақтаудың қарапайым қауіпсіздік нормаларын сақтамай жатады. Қызылжар ауданындағы бір ауылдың учаскелік полиция инспекторы бір күннің ішінде екі «ИЖ» мылтығын тәркіледі. Екі жағдайда да мылтықтар үй кіреберісінде сақталып келген, бұл ретте біреуінің үйінде кәмелетке толмаған балалары болған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материалдар жинастырылды. Алынған мылтықтар сараптамаға жіберілді.

«Жалпы жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінде 1 травматикалық тапанша мен тіркелмеген 10 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді, - деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Қаруды өз еркімен тапсыру ғана жауапкершіліктен босататыны туралы еске саламыз. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде 1477 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішіндегі 300-ге жуығы - қоғамдық орында ішімдікті ішу немесе масаң күйде жүру фактілері. Тұрмыс саласында 93 құқыққа қайшы факті тіркелді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар бөлінді. Жасөспірімдер түнгі уақытта үйден тыс немесе ойын-сауық орындарында жүрген, бұндай 70 факті анықталды. Облыс жолдарында 17 мас жүргізуші ұсталды».

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Rubin 15 октября 2023 15:45

    Good day! I know this is kind of off topic but I was wondering if you knew where
    I could find a captcha plugin for my comment form?
    I'm using the same blog platform as yours and I'm having difficulty finding one?
    Thanks a lot!

    Check out my homepage :: Kacey

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив