ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Ағымдағы жылғы тамыз айынан бастап ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның облыстық филиалдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне Агенттіктің тапсырмасына сәйкес сыртқы талдау жүргізуде.  

10 қазанда «Антикор орталығында» сыртқы талдау барысында анықталған теміржол саласындағы жемқорлық тәуекелдерін талқылау бойынша "Атамекен" кәсіпкерлер Палатасының облыстық филиалының және бизнес өкілдерімен кездесу өтті.

Аталған жиында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев Президенттің тапсырмасына сәйкес бұл салаға аса мән беріліп жатқандығын атап өтті. Жауапты тұлғалардың жұмыс барысында көрсетілетін қызметтерді күрделендіріп, қағазбастылық әрекеттерін көбейтіп жатқандығы сөз етілді.

–  Цифрландыру  деңгейінің төмендігі, теміржолшылардың кәсіпкерлермен тікелей қарым-қатынасы, өтінімдерді қағаз жүзінде рәсімдеу – мұның барлығы уақытты алып, жемқорлық тәуекелдеріне әкеледі. Сыбайластық фактілері қылмыстық статистика негізінде расталып отыр. Соңғы бес жылда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жауапты тұлғалары мен оларға бағынысты ұйымдарға қатысты 136 қылмыстық іс тіркеліп, 52 адам сотталды. Олар пара беру мен жымқыру қылмысы бойынша істі болған. Заңсыз сыйақы алу фактілері де бар, – деді Архат Абжатұлы.

 «Астана Бизнес» холдингі өкілдері де бұл салада проблемалық сұрақтармен жиі кездесетіндіктерін атап өтті. Ауылшаруашылық техникалар, дәнді дақылдар тасымалдайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестік тауар тасымалдауда «Қазақстан темір жолы» ҰК тарапынан туындайтын қиындықтармен жиі ұшырасатын көрінеді. Соның бірі – вагондардың жетіспеушілігі. Жалпы, ҚТЖ-дағы ескірген вагондар жайлы бұған дейін де талай айтылды.

– Білуімше, елімізде екі зауытта вагон өндіреді. Шынтуайтында, бар мәселенің бастауы – локомотивтік техникалардың тапшылығы. Неліктен ауылшаруашылық саласына жетіспей жатқан вагон түрлерін өндіру қолға алынбайды? Әсіресе, астық тасымалдауға арналған түрі. Осыған дейін «Защита» станциясы туралы диссертация жазған болатынмын. Түрлі құжаттарды зерттедім. Сол кезде «Өскемен-1» вокзалында тоғыз локомотив бар болатын, қазіргі уақытта бесеуге дейін қысқарыпты. Бұл немен байланысты? – деді «Астана Бизнес» ЖШС менеджері Мақсат Сләмов.

Оның сөзінше, көп түйткіл ҚТЖ қызметіндегі жүйесіздікке байланысты, соның себебінен тауар жөнелтушілер зардап шегуде. Жүйесіздік жойылмаса, кәсіпкерлер автокөлікпен зат тасымалдауға көшері сөзсіз, бұл тауарлардың қымбаттауына әкеп соғатыны белгілі. Жалпы, теміржол дегенде тауар жеткізу кезінде қызмет алушы тараптың қанағаттандырылуы маңызды екенін алға тартты.

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Әлия Мұқашева теміржолға қатысты мәселелерді шешуде Палата белсене араласуға дайын екендігін жеткізді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив