ИИДМ басшысы Орталық Азия елдері мен Ирандағы әріптестерімен кездесті

ИИДМ басшысы Орталық Азия елдері мен Ирандағы әріптестерімен кездесті

 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық Азия елдері мен Иран Ислам Республикасындағы әріптестерімен кездесті. Тегеран қаласында өткен кездесу барысында өңірлер арасындағы көлік-транзиттік ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Жиынға қатысушы елдер инфрақұрылымдағы «кедергілерді», атап айтқанда әкімшілік кедергілерді жою және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін дамыту жөніндегі бастаманы қолдады.

«Біз «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі бойынша елдер арасындағы транзиттік әлеуетті арттыруға мүдделіміз. Бүгінгі таңда Ақтау порттары және Иранның солтүстік порттары, сонымен бірге Анзали мен Амирабадтың арасында тұрақты көлік қатынасы орнатылды. Контейнерлік тасымалдарды дамыту үшін Ақтау порты өз қызметтеріне жеңілдіктер ұсынып, 40 футтық контейнерді ауыстырып тиеу тарифтері төмендетілді. Сондай-ақ Қазақстан – Түркіменстан – Иран құрлықтық теміржол бағыты бойынша контейнерлік қатынас орнатылып жатыр», – деп атап өтті министр.

Кездесуге қатысушылар Орталық Азия елдерін Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия өңірлерімен байланыстыратын дәліздер және көлік объектілерінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктеріне қатысты мәселені де күн тәртібіне сәйкес талқылады.

 «Қазақстан транзиттік тасымалдардың жылдамдығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін барлық қажетті жағдай жасап, тиісті инфрақұрылыммен қамтып отыр. Аталған алаң елдеріміздің мүдделерін жақындастыра түсетініне, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты құру үшін оңтайлы міндеттерді шешуге ықпал ететініне сенімдімін», – деп түйіндеді Қайырбек Өскенбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша көлік министрлерінің ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив