«Ашық сағат алаңы»: Теңіз порттары мен Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалдау мәселесі талқыланды

«Ашық сағат алаңы»: Теңіз порттары мен Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалдау мәселесі талқыланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңындағы» кезекті басқосу теңіз порттары мен Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалдауда туындап отырған мәселелерге арналды. ZOOM платформасында ұйымдастырылған жиынға ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тлепов, ТХКБ халықаралық қауымдастығы мен отандық транспорттық-логистикалық компания өкілдері және Қазақстан темір жолы, Ақтау және Құрық теңіз порттары мен жүк тасымалдау саласындағы жауапты тұлғалар қатысты.

Бүгінгі таңда транспорттық инфрақұрылым мен транзиттік жүк тасымалдау көлемінің артуы Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бәсекелестік қабілетіне оң серпін беріп, Ақтау және Құрық сынды теңіз порттарының рөлін нығайтуда. Мәселен, биылғы 8 айда еліміздің теңіз порттары арқылы Әзербайжанға 1,9 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе көп.

Сонымен қатар жүк тасымалдау саласындағы оң өсім Транскаспий халықаралық көлік бағдарында да байқалуда. Атап айтқанда, аталған бағыт бойынша 2022 жылдың алғашқы 8 айында 1,3 млн тонна жүк тасымалданған. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе жоғары. Қазіргі күнде ТХКБ-ның транспорттық инфрақұрылымы 6 млн тоннаға жуық жүк тасымалдауға қауқарлы. Бұл – 80 мың футтық эквивалентке тең.

 «Жүк тасымалдау көлемінің жылдам артуы мен транспорттық инфрақұрылым жүктемесінің көбеюі халықаралық көлік бағдарының қызмет көрсетуі барысында бірқатар тосқауылдардың пайда болуына әсер етті», – деді «KTZ Express» АҚ өкілі Айбек Қапар.

Басқосу барысында сала мамандары теңіз порттары, темір жол желілері мен тұйық бекеттердегі инфрақұрылымдық шектеулерге байланысты туындаған мәселелерді талқылап, тиімді шешімдерді ортаға салды. Сондай-ақ жылжымалы вагондардың жеткіліксіздігі мен Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы жүк контейнерлерінің аздығы да назарға алынды.

Өз кезегінде ТХКБ халықаралық қауымдастығының жетекшісі аталған бағдардың алдағы даму жоспары турасында айтып, жаңа фидерлік желінің ашылатындығын хабарлады.

Айта кетейік, «Ашық сағат алаңы» жобасы министр Қайырбек Өскенбаевтың бастамасымен түрлі түйткілді мәселелерді талқылау, сондай-ақ ИИДМ-нің жан-жақты қаралған және зерделенген жоспарлары мен шешімдерін қабылдау үшін құрылған болатын. Жоба аясында ZOOM арқылы министрліктің жауапты қызметкерлері мен сарапшылары, кәсіпкерлері, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері арасында тұрақты тақырыптық кездесулер ұйымдастырылады. Жоба «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға, ведомство қызметкерлерінің қоғаммен кері байланыс орнатуға және мүдделі азаматтарды өзекті жалпыұлттық міндеттерді талқылауға тарту үшін бағытталған. «Ашық сағат алаңы» жобасы аясындағы онлайн кездесулер туралы ақпарат министрліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында күн сайын хабарланады.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив