Қызылордада түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында психологиялық клуб құрылды

Қызылордада түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында психологиялық клуб құрылды

Қызылорда  облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37, №60  мемлекеттік мекемесінде психологияға қызығушылық танытқан сотталғандар арасында психологиялық клуб құрылды.

Сотталғандарға арналған клубтың басты мақсаты: қарым-қатынас, эмоциялар психологиясы саласынан негізгі ұғымдарды қалыптастыру, сотталғандарға «тең теңімен» қағидаты бойынша  танымдық қызығушылығын, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, одан әрі өзін-өзі дамыту мен өзара көмек көрсетуге  ынталандыру.

Психологиялық клуб мүшелігіне № 37 мекемеден 12 сотталған, №60 мекемеден  15 жазасын өтеуші  өз келісімін берді.   №60 мекемеде алғашқы клубты ұйымдастыру сабағын «Ақниет ақпараттық- насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының психологы Алмагүл Аяғанова жүргізсе, №37 мекемеде мекеменің психолог маманы Ақгүл Аманова ашып, психологиялық клубтың мақсаты мен оның негізгі жұмыс барысын түсіндіріп, шара соңында  танысу тренингі өткізді.

«Бұл клубтың құрылуына сотталғандар тарапынан қызығушылық танытып, өз топтарына атау қойды.  Бірінші семинар тренинг сабағымыз керемет өтті. Психологиялық клубта түрлі семинар тренингтер өткізілу арқылы олардың өздеріне деген сенімділі артып, болашаққа деген көзқарастары өзгеретін болады,- деді психолог маман Ақгүл Аманова.

  • Психологиялық клубқа мүше болдым. Сезімімді жеткізу мүмкін емес. Клуб мүшелерімен қызықты шараларға қатысу арқылы мінез-құлқымызды дұрыстауға, өзі-өзіңді, басқаларды да толық тануға және болашаққа сеніммен қарауға  мүмкіндік береді,-  деді сотталған азамат.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив