Жамбыл облысында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды

Жамбыл облысында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізуде.

Конкурстың мақсаты жұмыста жоғары практикалық нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу болып табылады.

Республикалық кезеңге қатысу үшін кандидатты іріктеуді өңірлік комиссия олардың жобалау жұмысын, ауылдық округтің (кенттің, ауылдың) әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін, кандидаттардың уәждемелік эссесін, сондай-ақ елді мекеннің тұрғындары арасында және Әдеп жөніндегі уәкіл өткізген сауалнамалар нәтижелерін бағалау арқылы жүзеге асырады.

Жамбыл облысының өңірлік комиссиясы әңгімелесу кезеңіне 15 қатысушының ішінен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін 12 кандидатты жіберді.

Кандидаттар өңірлік комиссияға алдағы 3 жылға ауылдық округті (кентті, ауылды) дамыту бойынша өздерінің жобалау жұмыстарын ұсынды және елді мекеннің (ауылдық округ, ауыл, кент) әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берді.

Конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпазы «Үздік ауыл әкімі» байқауының республикалық кезеңінде Жамбыл облысының атынан қатысатын болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив