ИИДМ-де жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланды

ИИДМ-де жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланды

Автомобиль жолдары комитетінде өткен «Ашық сағат алаңы» аясындағы кеңес автожолдардың жергілікті желісінің өзекті мәселелерін талқылауға арналды.

ZOOM форматындағы кездесуге облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының өкілдері, сондай-ақ еліміздің белсенді азаматтары қатысты.

Комитет төрағасы Төлеген Абдуллинның айтуынша, бүгінгі таңда жергілікті желінің ұзындығы 70 мың шақырымды құрайды, оның 80% - ы немесе 56 мың шақырымы нормативтік жағдайда. Ең үздік көрсеткіш Маңғыстау облысында – 95%, ал ең нашар көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында - 39%.

«Бюджет кодексіне сәйкес Министрлік тек облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне нысаналы трансферттер бөледі. Көше-жол желілерін жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың қарауында және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады», - деп атап өтті Төлеген Абдуллин.

Сондай-ақ, Комитет төрағасы соңғы уақытта ел тұрғындарынан жергілікті маңызы бар жолдарға қатысты көптеген шағымдар келіп түсетінін айтты. Түйткілдерді ашық талқылап, тиісінше шешу үшін конференцияға барлық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қосылды.   

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Асқар Айдарбеков кеңеске жолдан қосылды. Ол Сайрам ауданының жолдарындағы жолтабандарды.

«Жолтабандардың ұзындығы 15-20 сантиметр. Жүк көліктері өте көп. Олардың барлығы карьерлерден шығады. Міне қараңыз, қандай кептелістер. Жарықтандыру және жаяу жүргіншілерге арналған белгілер жоқ. Бұл мәселелер Сайрам мен Түлкібас аудандарында шешілмей келеді», - деп жеткізді белсенді.        

Сұраққа жауап берген Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәселе пысықталатынын атап өтті. 

«Жоғарыда аталған жолдар бүгінгі күні қабылдануда. Әрі қарай аудандық әкімдіктерге беріледі. Жарықтандыру және белгілер кейін жүзеге асырылады. Мәселе ерекше бақылауға алынды. Жұмыс істейміз», - деп түсіндірді ол.

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Аққурай ауылының тұрғыны Дархан Абдрахманов «Тасқала-Аққурай-Болашақ» автомобиль жолындағы жөндеу жұмыстары Аққурай ауылына дейін жетеді ме деп сұрады.

Батыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Менеев жалпы ұзындығы 157 шақырым болатын облыстық маңызы бар «Тасқала-Аққурай-Болашақ"» автомобиль жолының 96-157 шақырымын орташа жөндеуге биыл республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінгенін айтты.

«Аталған жолдың барлық ұзындығы жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ.  Қазіргі уақытта 30 шақырымнан астам жол жөнделді. Аққурай ауылы жөндеу жұмыстарымен қамтылады», - деп түсіндірді Айдар Менеев.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының «Көктал-2» тұрғын алабының тұрғыны Мейіржан Айтмұқашев Саумалкөл көшесіндегі 4/1, 8/1 және 6/1 үйлердің аумағындағы жолды жөндеу және абаттандыруды сұрады.

«Асфальт жоқ. Күзде және көктемде лай-батпақ. Мен бұл көшеде 15 жылдан астам уақыт тұрамын. Бұрын өзім батпаққа батып жүретінмін, енді балаларым да осыны қайталап жүр. Шара қабылдауды сұраймын», - дейді Мейіржан Айтмұқашев.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мерей Байырхан Саумалкөл көшесіндегі жол жабынын жөндеуге қатысты бұрын берілген ұжымдық өтініштер қаралғанын айтты. Саумалкөл көшесін Баршин көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде асфальттау жұмыстарын ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімде орындау жоспарланғанын алға тартты.      

 Айта кету керек, «Ашық сағат алаңы» жобасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың бастамасымен құрылған. Диалог алаңы жол пайдаланушылар мен елдімекендер тұрғындарының өзекті мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс әлі де жалғасатын болады. Жергілікті маңызы бар жолдардың тақырыбы ұдайы көтерілетін болады.

 


 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив