Жамбыл облысында жалған тіркеу куәлігі бар автокөліктер анықталды
Жамбыл облысының аумағында 2022 жылдың 25-27 наурызы аралығында "Қауіпсіз жол"жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел-алдын алу іс-шарасының 3 күнінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 2300-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді және мас күйінде көлік жүргізген 16 жүргізушіні ұстады.
Тәртіп сақшылары қауіпсіздік белбеуін тақпаған 250 тәртіп бұзушыны, көлік жүргізу кезінде ұялы телефондарды пайдаланған 268 жүргізушіні, қарсы қозғалыс жолағына шыққан 5 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты және техникалық байқаудан өтпеген 140-тан астам автокөлікті анықтады.
Сондай-ақ, белгіленбеген жерлерде жолды кесіп өткен 400 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктерді тексеру кезінде шетел мемлекеттерінде есепте тұрған көлік құралын тіркеудің жалған куәліктері бар 5 автокөлік анықталды.
- Аталған деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы (Жасанды құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу кезінде жалған құжаттары бар көліктер айып тұрағына қойылды, - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.
"Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері полиция қызметкерлерімен айып тұраққа 90 автокөлік қойылды.
[xfvalue_img]
7 пікір