ҚОСТАНАЙДА «ADAL KOMEK» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖІТІ АУРУМЕН АУЫРАТЫН ЕМДЕЛУШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚОСТАНАЙДА «ADAL KOMEK» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖІТІ АУРУМЕН АУЫРАТЫН ЕМДЕЛУШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

         Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа талаптарына сәйкес Қостанай облысының департаментімен облыстың тұрғандары үшін сезімтал мәселелер мен салаларға мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі.

         Түрлі мемлекеттік органдардың өкілдерін тартумен азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешу үшін кеңестік және ұйымдастырушылық көмек көрсету мақсатында қатарынан екі жыл бойы Департаментпен «Адал көмек» жобасы жүзеге асырылады.

         Осылайша, өз мәселелерімен облыстық ауруханада кәсіби маманға кезекке тұру проблемасына тап болған Қостанай ауданының тұрғыны мекемеге жүгінді.

         Департаментпен «Адал көмек» жобасы аясында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Анжела Бексұлтановамен қабылдау жүргізілді, қабылдау барысында барлық мән-жайлар анықталды, жүгінген азаматшаның диагнозы нақтыланды және қажетті медициналық көмек көрсету тәртібі туралы уағдаласты.

         «Жүгінген азаматшаның диагнозы тез шұғыл көмек көрсетуді және  медицина мекемесі тарапынан жедел ұйымдастырушылық шешім қабылдауды талап етті» - деді журналистерге Превенция басқармасының басшысы Рүстем Болат – «Мәселе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бақылауына алынып, сол күні емделуші Қостанай аудандық ауруханаға медициналық жолдама алу үшін жіберілді. Ал келесі күні кеңес беру үшін оны Қостанай облыстық ауруханасының мамандары қабылдады».

         Акцияға қатысқаннан кейін азаматшаның құқығы қалпына келтірілді, мәселелер оң шешімін тапты.

         Сонымен қатар, қажет болған жағдайда азаматтар Қостанай облыстық медициналық Call-орталығы 8 (7142) 22-90-10 телефоны бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдеріне қашанда жүгіне алатынын хабарлайды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз кезегінде қостанайлықтарды мекеменің ресми сайтындағы «Адал көмек» жобасы туралы ақпараттарды және жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілерін қадағалауға, мүдделі мәселелер бойынша сұрақтар қоюға және азаматтық секторлар мен жауапты меморгандардың қатысуымен  оларды одан әрі шешу үшін өзекті мәселелерді көтеруге шақырады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kostanay?lang=ru

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив