Талас ауданының 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы  әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштерінің  орындалуы туралы  МӘЛІМЕТ

Талас ауданының 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы туралы МӘЛІМЕТ

Ағымдағы жылдың 3 айының қорытындысымен аудан экономикасынның негізгі салаларында оң динамика қалыптасқалы отыр.

Аудан бойынша 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендегі көрсеткіштер негізінде сипатталады:

Жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі10 млрд. 773 млн. 300 мың теңгені құрап, 2021 жылымен салыстырғанда 98,0%-ға немесе 216млн. 300 мың теңгеге кеморындалды. (2021 жылы10 млрд.989 млн.600 мың теңге).  

Өнеркәсіп өнімдері 6 млрд. 655 млн. 300 мың теңгеге өндіріліп, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 2021 жылмен салыстырғанда 88,9%-ға немесе 830млн.500 мың теңгеге кеморындалды. (2021 жылы 7 млрд. 485млн.800 мың теңге). Нақты көлем индексі 100,4%-ды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар қаңтар-наурыз айларында2млрд. 827 млн. 400 мың теңгені құрап, 2021 жылдың қаңтар-наурызайларымен салыстырғанда128,7%-ға немесе 772млн. 500 мың теңгеге артық орындалды. (2021 жылы 2 млрд. 54 млн.900 мың теңге). Нақты көлем индексі 130,7%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімі қаңтар-наурызайларында 2 млрд. 460 млн. 400 мың теңгеге өндіріліп, 2021 жылдың қаңтар-наурызайларымен салыстырғанда 119,6%-ға немесе 403 млн. 600 мың теңгеге артық орындалды. (2021 жылы2 млрд. 56млн.800 мыңтеңге). Нақты көлем индексі 100,2%-ды құрады.

Жеке және шағын кәсіпорындардағы сауда тауар айналымы773 млн.100 мың теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 125,1%-ға немесе 154 млн. 900 мың теңгеге артық орындалды. (2021 жылы 618 млн.200 мың теңге). Нақты көлем индексі 113,4%-ды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар-наурызайларында 884 млн. 500 мың теңгені құрап, өткен жылмен  салыстырғанда 106,7%-ға немесе 55 млн. 700 мың теңгеге артықорындалды. (2021 жылы828 млн.800 мың теңге).Нақты көлем индексі 104,4%-ды құрады.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері

КІРІСТЕР    бойынша    бекітілген  жылдық жоспар   12 705 032,0   мың   теңге,  наурыз  айының  жоспары 2 780 079,0 мың  теңге болса,    2022  жылдың  01  сәуір   айына   оның  орындалуы  3 030 700,7 мың теңгені   құрап отыр,  яғни 109,0 %.    Жоспар  250 621,7 мың теңгеге  артық     орындалып    отыр.

ШЫҒЫСТАР  бойынша   бекітілген жылдық жоспар    12 720 198,0  мың  теңге,   сәуір  айының жоспары 2 795 245,0 мың теңге болса, 2022  жылдың  01  сәуір   айына  оның   орындалуы 2 781 493,4 мың теңге,  яғни  99,5 %.     Игерілмеген сома  13751,6   мың теңгені құрап отыр (аудандық бюджет 687,2 мың теңге, жергілікті өзін өзі басқару бюджеті  13 064,4 мың теңге).

Салықтар түсімі бойынша 2022 жылдың 3 айына  554 млн. 242 мың теңге болса, 2021 жылдың 3  айына 380 млн. 072 мың теңге, яғни 145,4% құрады.

Кәсіпкерлік бойынша:

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2753  субъектісі тіркелген (2021 жылы 2681), олардың 181 шағын-орта кәсіпорын (2021 жылы 174), 1731 дара кәсіпкер (2021 жылы 1650) және 841 шаруа қожалықтар (2021 жылы 857). Осы тіркелген субъектілердің 2222 немесе 80,7 пайызы жұмыс істейді (2021 жылы 2151 немесе 802). Талдайтын болсақ, жұмыс істейтіндер 2222 (2021 жылы 2151),  130  шағын кәсіпорын (2021 жылы 120), 1298 дара кәсіпкер  (2021 жылы 1211)  және 794 шаруа қожалықтар (2021 жылы 820).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субьектілерінің саны 2022 жылдың наурыз  айында 2222 (2021 жылғы саны 2151 сәйкес кезімен салыстырғанда) 103,3 пайыз орындалған, 3,3 пайызға жоғарлаған.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 2022 жылдың 1 сәуіріне стат мәлімет шыққан жоқ.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында адам саны 2021 жылдың 1 шілдесіне 3421 (2020 жылы 4038) адам  оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 516 адам, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 80 адам, дара кәсіпкерлікте 1738 адам және шаруа қожалығында 1087 адам жұмыспен қамтылғандар.

 Ағымдағы жылы 2021 жылдың 01шілдесіне  ШОК субъектілерімен өнім шығарылымы 3768 (2020 жылы 5740) млн тенге, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 1703,0 млн тенге, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 0 млн теңге, дара кәсіпкерлер 1020,0 млн теңге және шаруа қожалықтар 10399 млн теңге.  

Өнеркәсіп саласы бойынша:

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6655,3 млн теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда (2021 жылы-7485,8 теңге), өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 830,5 млн.теңгеге кем немесе 88,9 %-ға кем орындалды. Нақты көлем индексі 100,4 пайызды құрады.

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларына аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7485,8 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,4 %-ды құраған.

Аудан бойынша кәсіпорындар арасында  еңбек жанжалдарын, даулар мен шиеленістерін болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау бойынша тиісті түсінік беру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорындар  арасында айлық жалақы бойынша жұмысшылар алдында қарыз жоқ.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап «Talas Investment Company» ЖШС-і, «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-і және «Қаратау-ПРО» ЖШС-і барлық жұмысшыларға айлық жалақысын 7 %-ға, «Казфосфат» ЖШС-нің филиалы «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені  10 %-ға,   ЖК «Т.Дуамбеков» 20 %-ға,  ЖК «Ж.Төремұратова» және  ЖК «М.Сергабаев» 15 %-ға көтерілген.

Қалған кәсіпорындарда 2022 жылы ең төмеңгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) 42500 теңгеден 60000 теңгеге өсуіне байланысты, тиісті мөлшерде көтерілген.

Кәсіпорындарды талдайтын болсақ; «Талас Инвестмент Компании» ЖШС-і ЖШС 2180 (2021 жылы 5180) тонна цианид натрий және 662 (2021жылы 968) тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 2443,2 млн тенгені (2021жылы 5586,0) құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 3142,8 млн тенгеге кем  орындалды.

 «Жамбыл недр» ЖШС  ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 1200 тонна әк тасын өндіріп, ақшалай 5,606  млн тенгені (2021 жылы 0) құрады.

«Қаратау Про» ЖШС 777(2021 жылы 1459) тонна карбонат кальций, 13686 (2021 жылы 15180) тонна мәрмәр ұнтағын, ақшалай 169,6 млн тенгені (2021жылы 167,686) құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 1,9 млн тенгеге артық немесе 101,1 пайызға орындалды.

«Амангелді газ» ЖШС 58,3 (2021 жылы 38,0) млн текше метр табиғи газ және 2,9 (2021 жылы 0,0) мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 1839,6 млн тенгені (2021 жылы 1424,4) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 29,1 пайызға артық орындалды.

«Шолақтау» ЖШС 16,7 (2021 жылы 23,3) мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 71,7 пайызға орындалды.

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС 0,3  (2021 жылы 0,0) мың тонна газ метан  және 0,7 (2021 жылы 0,0) сұйытылған газ  өндіріп, ақшалай 315,3 млн тенгені (2021 жылы 0) құрады.

Инвестиция бойынша:

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың  жалпы көлемі  2827,4 (2021 жылы қаңтар-наурыз айларында 2054,9) млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 772,5 млн. теңгеге артық орындалды немесе 137,6 пайыз. Нақты көлем индексі 130,7 пайызды құрады.

Талдап айтсақ, кәсіпорындардың ауданға инвестиция тарту бойынша: Құрылыс бөлімі (ФОК Ақкөл) - 94,886 млн. теңге,  «Шолақтау ТКӨК» - 14,191 млн.тенге, «Амангелді ГАЗ» ЖШС –510,532 млн тенге, облыс әкімдігінің энергетика басқармасы – 44,925 млн.теңге (Газ тарту Ақкөл -31,377 млн тенге, Қаратау қаласы 13,548 млн теңге), Talas Investment Company – 1777,4 млн. тенге, ЦРБ- 48,124 млн тенге,  Жеке құрылыс – 107,342 млн тенге, және т.б.- 230,0 млн. тенге құрайды.

Оның ішінде меншік қаражаты 2734,351 млн тенге (96,7%), бюджет қаражаты 93,049  млн. теңге.

Аудан халқының жан басына (54675 адам) шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 51,7 мың теңгені құрады (2021 жылы – 37,6 мың теңге, халық саны -54702).

Индустриалдық–инновациялық дамудың мемлекеттік

бағдарламасы бойынша:

Индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны – 374811,7 млн теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба жоспарланып, 18211,7 млн тенгені құрайтын 3 жоба іске асырылды.

1) 2014 жылы бірінші бесжылдықта ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын («Talas Investment Company» ЖШС) «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. «Жобаның жалпы құны 22,6 млрд. теңгені құрады. Зауытты қазіргі таңда 535 адам жұмыспен қамтылған. «Talas Investment Company» ЖШС-гі – Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі цианид натрий өндіретін тұңғыш химиялық зауыт болып есептеледі. Цианид натрий өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жаратуда құнды минерал тыңайтқышы жылына 5,0 мың тонна сульфат алынатын болады.

«Talas Investment Company» ЖШС-і 2022 жылы қаңтар-наурыз айыларында 2180 тонна цианид натрий және 661 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 2443,2 млн тенгені құрады. Өзінің толық қуаттылығының 18,9 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 36,7 пайызын құрады.

2) 2015 жылы екінші бесжылдықта ауданда жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіретін зауыт құрылысын аяқтады. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты қазіргі таңда 165 адам жұмыспен қамтылған. Шикізат көзі ретінде «Сүлейменсай» карьерінің әктасы мен «Майтөбе» топырағын пайдаланады.

«Жамбыл недр» ЖШС  ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 1200 тонна әк тасын өндіріп, ақшалай 5,606  млн тенгені (2021 жылы 0) құрады Қуаттылыққа шықпаудың себебі зауыттың құрал-жабдықтары  жиі істен шығудын кесірінен немесе шикізаттың толық қамтамасыз етілмеуінен болып отыр.

3) 2016 жылы жалпы құны 1946,0 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС-і жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт толықтай құрылысын итальяндық құрал-жабдықтарды орнату арқылы аяқтады. Зауытта 96 адам жұмыспен қамтылған. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. 2017 жылдың наурыз айында зауыттың қабылдау актісі жасалынып, кәсіпорын 23 наурызынан бастап іске қосылды.

2022 жылы қаңтар-наурыз айларында «Қаратау Про» ЖШС ұнтақталған мәрмәр 13689 тонна, карбонат кальций 777 тонна  өндіріп ақшалай 169,6 млн тенгені құрады. Өзінің толық қуаттылығының  13,2 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 2,5 құрады.

4) Республикалық индустрияландыру картасына 2023 жылға енгізілген жоба «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Жобаның құны 365,5 млрд. теңге. Жоба іске қосылғанда  2000  жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда минералды тыңайтқыштарға нарықта бағаның құлдырауына байланысты зауыт жобаның іске асуын 2023 жылға ауыстыруға шешім қабылдады.

5) 2020 жылға индустрияландыру картасына енгізуге жоспарланған жоба «Talas Investment Company» ЖШС. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 25438,0 млн тенгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 300 адам. Іске асырылатын мерзімі 2020-2022 жылдары. Картаға енгізу үшін кәсіпорынның құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-иннновациялық дамыту басқармасына жолданды.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша:

  1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы 156,0 млн тенгеге 26 жоба іске асырылған. Осы бағытта 20 жаба жалғасын табады.
  2. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында Зауыттың шығаратын өнім көлемінің қуаттылығын арттыру мақсатында екінші деңгейдегі банк арқылы «Каратау ПРО» ЖШС-і 1085,0 млн тенгеге несиеге оң шешімін алды.
  3. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жұмыстар жыл соңына дейін нәтижесін табатын болады.
  4. Бастауыш кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қаражатты бөлуіне сәйкес жұмыстар жасалады.

Бөлшек сауда тауар айналымы мен қызмет

көрсету саласы бойынша:

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында бөлшек сауда тауар айналымы 773,1 млн.теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 125,1%-ға немесе 154,9 млн.теңгеге артық (2021 жылы 618,2  млн.теңге) орындалды. Нақты көлем индексі 113,4 пайызды құрады.

Соның ішінде азық түлік таурлары 408,4 млн. теңгені құрап, өтке жылмен салыстырғанда 108,9 пайызға,  азық түлік емес тауарлар  364,7 млн. теңгені құрап, өтке жылмен салыстырғанда 117,6 пайызға орындалды.

Сауда саласы бойынша:

Жалпы ауданмызда 154-ге жуық азық-түлік және азық түлік емес дүкендер бар. Ауданда азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Облыс орталығы Тараз қаласындағы орналасқан ірі дүкен иелерімен (Дәмді Себет, Фиркан, Технодом, Сулпак және Светофор) келіссөздер жүргізіліп, ауданымыздың орталығы Қаратау қаласынан филилалдары ашылды.

Аудан тарапынан күнделікті аудан орталығында орналасқан ірі супермаркеттердің («Диас сауда орталығы», «Фиркан», «Дәмді Себет», «Айда», Ромашка) бағалары шарықтап кетпеу мақсатында мониторинг жүргізіледі. 2022 жылы баға өсімін тежеу мақсатында азық-түлік дүкен иелерімен азық-түлік бағаларына қосылатын үстеме ақыны 10-15%-дан асырмау туралы 27 меморандумға қол қойылды.

Ауданда 19 негізгі азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылдың I -тоқсандағы шекті бағалармен салыстырылады. I-тоқсандағы шекті бағамен 24 наурыздағы баға қорытындысын талдасақ, қымбаттаған 4 тауар, бірінші сұрыпты бидай ұны (22 теңгеге, 11,8%-ға), картоп (29 теңгеге, 19,2%-ға), ақ қант (84 теңгеге, 31,7%-ға),  және тауық еті (253 теңгеге, 28,3%-ға) қалған 15 тауарлар бағасы тұрақты деңгейде.

Талас ауданында сәбіз, қырыққабат, және т.б. көкөніс өнімдері басқа өңірлерден әкелінеді (80% Тараз қаласынан). Сондықтан бағалар ең алдымен жеткізушілерге байланысты болып тұр.

    Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы несие ала отырып          (0,01 пайызбен) әр ауданда негізгі азық-түлік қорын қалыптастыру жұмыстары бойынша қазіргі таңда, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы арқылы әлеуметтік дүкені бар жеке кәсіпкер Осипова Ирина Ивановна несие алуға құжаттыр топтамасын жинақтап, Тараз әлеуметтік әріптестік қорына қазан айында құжаттар тапсырылды, нәтижесінде 2021 жылдың желтоқсан айында  ЖК «Осипова» 3,4 млн. тг несие алды.

    Бұдан бөлек, Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны Касымбекова Кәмшат Тынышбековна ЖК «Касымбекова К» Ақкөл ауылдық округінен әлеуметтік дүкен ашуға «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы жылдық мөлшерлемесі 0,01% несие алуға құжаттыр топтамасын жинақтап, қорға тапсырды.

    Тараз қаласының ЖК «Империя» Талиповқа П. арнайы «Әлеуметтік дүкен»  ашу мақсатында, Қаратау қаласы Б.Момышұлы бойында орталық мешіттің жанындағы босалқы жері белгіленіп, көлемі 0,05 га жер учаскесі уақытша 3 жылға қысқа мерзімге берілді. Әлеуметтік дүкенге Әлеуметтік әріптестік корпорациясының мамандары қазіргі таңда мемлекеттік жер актісін алу жұмыстары жүргізілуде.  Дүкен құрылысы 2021 жылы желтоқсан айнда басталып,қазіргі таңда жұмыстар жасалуда.

    Ауданда көкеніс (қырықақабат, пияз, картоп, сәбіз) қорын қалыптастыру мақсатында  ЖК "Пазылов Ербол" Тараз Әлеуметтік әріптестік корпорациясы арқылы 15,0 млн. теңге несие алуға құжаттары рәсімделуде.

    Ауданда сүт өнімдерін өңдейтін цехтар ашу бағытында "Талас-2020" кооперативі (Басшысы Әденов Рахымжан) және «Талас-2021» кооперативті (Басшысы Байкупов Мурат) құндары әр қайсысы 19,0 млн тенгені құрайтын бизнес жоспарлары Тараз ӘӘК АҚ-на өткізілді. Алайда, "Талас-2020" кооперативі (Басшысы Әденов Рахымжан) Тараз ӘӘК АҚ-на алдыңғы алған несиесінен берешек соммасы болғандықтан несиені мақұлдамады.   

    Ауданда 7 наубайхана (Анель, Корзина, Диас, Ыстық нан, Ләззат, Рахат және Қайсар) жұмыс істейді. Ауданда күнделікті орташа есеппен 6500 бөлке нан шығарылады. Бүгінгі күнге бірінші сұрыпты ұнның 1 кг бағасы 160 теңге аралығында болып отыр. Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған 0,6 кг пішінді бөлке нанның орташа бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың қаңтар айына 95-110 теңгеден сауда дүкендерінде сатылуда.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасына және «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-на аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған 0,6 кг пішінді бөлке нан өндірісімен айналысатын нан өндіруші ұйымдарға бағаны тұрақтандыру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы бірінші сұрыпты ұнмен қамтамасыз етуге ықпал жасау туралы 2021 жылдың басында және қазан айында арнайы хат жолданған.

Азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге

бағаны тұрақтандыру бойынша

Ауданда негізгі азық-түлік емес тауарларының 53 атауы бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, 2020 жылдың 24 желтоқсанындағы бағалармен салыстырылады. Аудандық статистикалық басқарманың мамандарымен бірге негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде баға тұрақты, қымбаттаған тауар өнімдері жоқ.

 Ауданда көлік қызметінің жолақысы өткен жылмен салыстырғанда тұрақты. (2021 жылы - 700 теңге, қазіргі таңда - 700 теңге).

Талас ауданы Қаратау қаласында 10 дәріхана тіркелген. Оның жұмыс жасап жатқаны қазіргі таңға 8 дәріхана (ЖК «Асылжан» Аккулиова Раушан, ЖК «Байжанов» Байжанов Ғалымжан, «Азамат» ЖШС Момбекова Зина, ЖК Алиева Зарина «Арзан Фарм» Пак Александр, ЖК «ЛИ ИГ» Пак Александр, «Амир Д» ЖШС Тұрғынбаева Гүлнұр, ЖК «Али Цена» Шарипов Азиз) ал қалған 2 дәріхана жұмысын тоқтатқан. («ЖК Жапаркулов» және «Ромашка» Омаров Даулет)

Төмендегі көрсетілетін ақылы қызметтерге баға тұрақты: - Қонақ үйдің қызметінің бір номері 2500-8000 мың теңге құраса,  дәмхана-мейрамханада әр адам басына қымет көрсету 2500-5000 мың теңге аралығын құрайды. Сонымен қатар, шаштараз қызметі 600-1500 теңге, монша қызметі 500-700 теңгені құрайды. Азық-түлік емес тауарларының бағаларының 53 түріне күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тұрақты түрде жолданады.

Ауданда жанар-жағар майдың 12 бекеті бар, оның ішінде 8 бекет жұмыс жасауда. Қаратау қаласында 2 бекет, Талапты ауылында 1 бекет және Бостандық ауылында 1 бекет жұмыс істемейді. Аудандағы жанар-жағар май бекеттеріндегі сыйымдылық: АИ92 маркалы бензині - 317 тонна, АИ80 маркалы бензині - 192 тонна, дизель отыны - 190 тоннаны құрайды. Айына орташа есеппен қажетті жанар-жағар май көлемі: АИ92 – 240,0 тонна, АИ80 - 159,0 тонна, дизель отыны - 111,0 тоннаны құрайды. Жалпы көлемі болжаммен - 510 тонна.

Бүгінгі күнге АИ92 – 180 тг, дизель отыны – 230 тг бағасында саудалануда.

Ауданда жанар-жағар майдың бағаларына күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің энергетика басқармасына тұрақты түрде жолданады.

Жалпы ауданда сұйытылған мұнай газының 5 станциясы  орналасқан. Қаратау қаласында 4 газ станциясы және Ақкөл ауылдық округінде 1 газ станциясы. Аудан бойынша 1 күндік Сұйытылған мұнай газ отының кажеттілігі 8 тонна, оның ішінде Қаратау қаласы бойынша 6 тонна, қалған 2 тоннасы Ақкөл ауылдық округінде. АГЗС арқылы өткізу бағасы 1 литр 60-65 теңге аралығында.

Индустриалды аймақ бойынша:

Индустриялық аймақ Қаратау қаласының шығыс бетінде 3 км. ара қашықтықта, Қаратау-Тамды тас жолының бойында, Тамды ауылдық округінің жерінде орналасқан. Индустриялық аймақ құру үшін Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы №299 қаулысымен 20 гектар жер учаскесі бөлініп, қосымша Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №219 қаулысымен тағы 20 гектар жер учаскесі берілді және бүгінгі күнге, аймақтың жалпы жер учаскесінің ауданы 40 гектарды құрайды. Аймаққа бөлінген жер учаскесі Талас ауданы әкімдігінің «Игілік көпсалалы кәсіпорыны» коммуналдық кәсіпорнының басқаруына берілген. Индустриялық аймақтың Концепциясы жасалынған.

      Индустриялық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде  автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Talas Investment Company»ЖШС шоғырланған. Бұл кәсіпорыннан Индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту қолайлылық туғызады.

      Қазіргі таңда, 40 гектар жер бойынша аграрлық сала немесе басқа да салалар бойынша жобаларды шоғырландыру көзделуде.

Сондай-ақ, Қаратау қаласының шығыс бетінде индустриялды аймақ орналасқан, нақты мекен-жайы Амангелді көшесі №38, ауданы 4,02 га  құрайды. Қазіргі таңда Қаратау қалалық әкімінің аппаратының теңгерімінде.

Индустриялды аймақ құру үшін Қаратау қаласы әкімінің ағымдағы жылдын 11 қыркүйегіндегі №136 шешімімен  4,02 га тұрақты жер пайдалану бойынша құқығы берілген. 

Индустриялық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде темір жол,  автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Каратау Про»ЖШС шоғырланған. Бұл кәсіпорыннан Индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту қолайлылық туғызады.

Инвестициялық жобалар бойынша:

1) Ауданда құны 1867,6 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Power city» ЖШС-не Қызыләуіт ауылдық округінен 21 гектар жер учаскесі бөлініп берілді. Жоба іске асқанда 12 жұмыс орындары ашылады.  Жоба ҚР Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. «Wind Power city» ЖШС тарапынан ауданға 1829,0 млн. теңге инвестиция тартылды. 2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды. 11 адам жұмыспен қамтылды.

2) Жалпы құны 1867,6 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Electricity» ЖШС-не аудандағы Қызыләуіт ауылдық округінен 22 га жер учаскесі бөлініп берілді. Жоба Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. «Wind Electricity»  ЖШС тарапынан ауданға инвестиция тарту мақсатында 1829,0 млн. теңге инвестиция тартылды. 2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды. 10 адам жұмыспен қамтылды.

3) Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Кәсіпкерлікті қолдау картасына «TalasInvestmentCompany» ЖШС-нің қуаттылығын 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға дейін көтеру мақсатында, зауыттың жанынан қосымша цех соғу жобасын қосу жоспарланды. Қазіргі таңда зауытқа инфрақұрылым тарту бойынша құжаттар рәсімделуде.

4) Қызыләуіт ауылдық округіне қатысты «Елеман» ШҚ жылына 500 бас мал бордақылау орнын ашу. Мақсаты қой, сиыр, жылқы және түйе етін өндіру. Инвестиция көлемі 70,0 млн тенге. Жұмыспен 13 адам қамтылады. Мал бордақылау орнына «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында электр желілерін тарту бойынша жобалық сметалық құжаттары толық жасылынды. Толық құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасына жолданды.

5) Жобалық құны 1829,1 млн.теңге болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Шенгелді-1» ЖШС-нің құрылысы Қызыләуіт ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп 2020 жылы басталды. Жалпы қуаты 4,5 мВт болатын 3 қондырғы орнатылып, 14 адам жұмыспен қамтылады.

6) Жобалық құны 1829,1 млн.теңге болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Новатэкс» ЖШС-нің құрылысы Қызыләуіт ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп 2020 жылы басталды. Жалпы қуаты 4,5 мВт болатын 3 қондырғы орнатылып, 11 адам жұмыспен қамтылады.

7) Жобалық құны 1829,1 млн.теңге болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Шенгелді-2» ЖШС-нің құрылысы Қызыләуіт ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп 2020 жылы басталды. Жалпы қуаты 4,5 мВт болатын 3 қондырғы орнатылып, 11 адам жұмыспен қамтылады

Туризм саласы бойынша:

Облыс әкімдігінің туризм басқармасының Жамбыл облысында туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес Талас ауданындағы туризм әлеуетін көтеру мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған іс-шара жоспары әзірленуде.

Аудандағы туристтік маршруттар әзірленіп аудан әкімімен бекітілген.

Ішкі туризм бойынша келушілер саны 1600-ден-1800-ге дейін ұлғайту.

Қазіргі таңда статистикалық мәлімет шыққан жоқ. Жылдың қорытындысы бойынша орындалу күтілуде.

Ауыл шаруашылығы саласы

Мал басын сақтау және өнімін ұлғайту;

2022 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша МІҚ- 33203 бас, қой-ешкі- 400317 бас, жылқы – 14386 бас, түйе – 2206 бас, шошқа - 190 бас, үй құстары – 39805 бас болып отыр.

Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштермен салыстырғанда:

МІҚ-102,9 %-ды, қой-ешкі 104,2 %-ды, жылқы-108,1 %-ды, түйе–100,9 %-ды, шошқа -84,4 %-ды,  құс – 104,0 %-ды құрап отыр.

3 ай бойынша мал мен құс еті (тірідей салмағымен) – 2225,7 тонна, сүті – 1149,5 тонна, алынған тауық жұмыртқалары- 615,0 мың дана.

Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштермен салыстырғанда:

Ет- 100,1%-ды, сүт – 102,3%-ды, жұмыртқа – 100,5%-ды құраған.

Ауданда агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламаларының орындалуы туралы

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша Қаратау а/о «Нұр-Ислам» ШҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 24,0 млн.теңге несие алды. Енді осы несиеге 480 бас қой малын сатып алады. С.Шакиров  а/о «Ахай» ш/қ  асыл тұқымды қой малын сатып алу үшін 22,0 млн.теңгеге құжаттарын өткізді.

        Сонымен қатар, «Аулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС-не мал сатып алу үшін 5 шаруа қожалығы несие алуға құжаттарын өткізді. Атап айтқанда: Бостандық  а/о «Бірлесу» ш/қ  15,0 млн.теңгеге, «Жандарбек» ш/қ 14,0 млн.теңгеге, «Жүнісбек» ш/қ 12,0 млн.теңгеге, Ойық  а/о «Мұса» ш/қ  12,0 млн.теңгеге, Қаратау  а/о «Дәурен» ш/қ  3,6 млн.теңгеге мал алу үшін  құжаттарын өткізді.

 «Агротехника» бағдарламасы бойынша барлығы 32 800,0 млн.теңгеге
2 бірлік трактор және 5 бірлік әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде: Бостандық а/о – 3 бірлік, Қызыләуіт а/о – 4 бірлік.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында  Қызыләуіт ауылдық округінен «Еламан» ШҚ 2025 жыға дейін 414,0 млн.теңгеге
5000 бастық қой бордақылау алаңын іске қосады. 2021 жылы
80,0 млн.теңгеге Қызыләуіт ауылынан электр желісі тартылды. Қазіргі уақытта 1000 бас қой бордақылануда.

Егіс- дала жұмыстары жайлы

2022 жылдың өнімі үшін барлығы 14095 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылaды және 1193 га пар дайындалды. Яғни, барлық егістік жердің  76%  игерілді. Оның ішінде: күздік бидай 5000 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 4465 гектарды  құрайды.

Көктем айларында 4630 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Оның ішінде: 1600 гектар жаздық арпа, 500 гектар дәндік жүгері, 650 гектар мақсары, 50 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 300 гектар бақша, 200 гектар көкөніс және 1200 гектар көпжылдық шөп себіледі. 

2022 жылдың 15 сәуіріне 2114 га жер жыртылып дайындалып, 1100 га жерге көп жылдық шөп, 245 га жерге жаздық арпа, 70 га көкөніс, 145 га бақша, 45 га картоп себілді. 

Кепілдендірілген дизель отыны

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне Үкіметтен бөлінетін кепілдендірілген  дизель отынын сатып алуды, жеткізіп беруді және таратуды ұйымдастыру үшін төменгі аймақтарға операторларлыққа «Таң» және Қаратау аймағына «АТФ Энерджи» ЖШС-і бекітілді.

Көктемгі егіс-дала жұмыстарына Үкімет тарапынан қажетті 260 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Оның ішінде: «АТФ Энерджи» ЖШС (130 тонна) мен «ТАҢ» ЖШС (130 тонна). Бағасы 1 литрі – 194 теңге болып белгіленді. Бүгінгі күні, «ТАҢ» ЖШС-на 65 тонна,«АТФ Энерджи» ЖШС-на 65 тн дизель отыны жеткізілді. 130 тг дизель отынына көктемгі егіс-дала жұмыстары үшін ауылдық округтердің өтініштері операторларға жолданып, таратылуда.

Су үнемдеу технологияларын енгізубойынша

Биылғы жылы 8 шаруа қожалығы 300 гектардан аса егіс көлемін тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісімен егісін суару үшін жұмыс жасауда. Оның ішінде:  Бостандық ауылдық округіндегі «Нұр-Дәулет» шаруа қожалығын ерекше атап өтуге болады. Осы шаруашылық өткен жылы 77,0 млн. теңгеге инвестициялық жоба жасап жаңбырлатып суару құрал-жабдығын және сусорғысын сатып алып,  оларды құрастырып, сынақтан сәтті өткізді және қараша айында жерін жыртып егін егуге дайындап қойған болатын. Қазіргі кезде 50 гектар көп жылдық шөп егілуде.

Жылыжай бойынша

Жылыжай  бойынша ауданда 4 жылыжай көкөніс өнімдерін өндіріп отыр. Атап айтқанда, Үшарала/о 1 жылыжай – 0,20 га, Ойықа/о 2 жылыжай – 0,03 га және Қаратау қаласындағы 0,20 га жылыжайларда кияр және қызанақ өнімдері өсірілуде. Билғы жылы Ақкөл ауылдық округіндегі 0,02 га жылыжай қайта қалпына келтіріліп, іске қосылады.

Ауданда кәсіпкерлер арасында жылыжайды дамыту мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында Түркістан облысы Сарыағаш ауданына Талас ауданы кәсіпкерлерін тәжірбие алмастыру мақсатында іссапар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 3 азамат жылыжай салуға неиет білдіріп отыр. (Тамды, Кеңес а/о және Қаратау қаласы).

Минералды тыңайтқыш пайдалану бойынша

Аудан бойынша 158 тонна минералды тыңайтқышқа тапсырыс берілді. Оның ішінді: Аммияк селитрасы -55 тонна, Аммофос -103 тонна. Алынғаны С.Шакиров а/о 45 тонна аммофос тыңайтқышы. 2022 жылға жоспар 305 тонна.

Су нысандары бойынша атқарылатын жұмыстар

Ойық ауылдық округіндегі Жамбыл каналының 1,2 шақырым, Аққұм ауылдық округіндегі Есімхан каналының 1,5 шақырым механикалық тазалаудан өткізілді. Қызыләуіт ауылдық округі тұрғындарын ыза судан қорғау мақсатында Тұрлыбай көшесі сыртынан 1,0 шақырымнан аса дренаж жүйесі қазылды.

Сонымен қатар, «Жамбыл су қоймалары» КМК  «Қазақбай» су қоймасы дамбасының 1,5 шақырым, «Тамды» су қоймасы дамбасының 0,5 шақырым жеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, «КазСушар» РМК Ақкөл өндірістік бөлімшесі өздерінің теңгермесіндегі «Жартас» су қоймаларының бас су құрылғысы мен дамбасына, Ақтоған каналына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ,

-Ақкөл а/о «Сұлтан», «Жаңатоған», «Орта арық»;

-Аққұм а/о «ПВМК», «Аққұм», «Көккөл», «Лоток»;

-Бостандық а/о «Жиенбет», «Левый», «Көккөл», «Қыдыр»;

-С.Шәкіров а/о «Бірлік», «Шаруашылық», «Қазақбай», «Жұмабек»;

-Ойық а/о «ЛВМК», «ПВМК», «Бөрібай», «Жәдік»;

-Қызыләуіт а/о «Қызыл», «Ақтөбе»;

-Тамды а/о «Ақтоған», «Көкойық» шаруашылық каналдарына механикалық тазалау және асарлатып тазалау жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы аудандық коммуналдық меншіктегі Ақкөл ауылдық округіндегі 4 латок (Р-2, Р-3, Р-4, Р-5) арықтар мен Тамды ауылдық округіндегі 4 латок (№3,4,5,6 ) арықтары қайта қалпына келтіру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау

2022 жылдың 2 айында аудан бойынша барлығы 32 800,0 млн.теңгеге
2 бірлік трактор және 5 бірлік әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Жоспар 1,0 пайызға орындалды.

Жайылым, шабындық және егіс жерлерді  Геопорталға енгізу

Ауданда «minagro.kz» веб-порталында Мемлекеттік жер кадастрының деректеріне сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерінің барлық алқаптарын электрондық картаға қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Eгістік жер бойынша 206 шаруашылықтың 371 дана мемлекеттік актісі бойынша 16757,8 га жері немесе 82,9% қалыптастырылды. Жайылым жер бойынша 480 шаруашылықтың 888 дана мемлекеттік актісі бойынша
310323,4 га жері немесе 71,0% қалыптастырылды. Шабындық жер бойынша
54 шаруашылықтың 74 дана мемлекеттік актісі бойынша 4833,8 га жері немесе 26,6 % қалыптастырылды.

Жер ресурстары

Ауданның жер қорының құрамы:

Жер есебіне сәйкес, ауданның жер көлемі 1220562 гектарды құрайды, оның ішінде егістік жерлер 23698 гектар (суармалы егістік 13802 гектар). Санаттары бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 480977 гектар, оның ішінде егістік жерлер 20086 гектар (суармалы егістік 10709 гектар), елді мекендердің жерлері 78962 гектар, барлығы өнеркәсiп, көлiк, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер 27409 гектар, орман қорының жерлері 602443 гектар, су қорының жерлері 6504 гектар, босалқы жерлер 24537 гектар( егістік жерлер 2158 гектар).

Құрылыс саласы

Ауданда 2021 жылдың 1 қаңтарына (2022 жылдың I-тоқсанына базалық ақпарат нақтылануда) кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1381 адамды құрады (мемлекеттік қызметшілер 411 адам, осал топтар-793 адам, алтын алка и көпбалалы отбасылар-176, жетім бала-1).

Аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі қаңтар-наурызайларында 3081шаршы метрді құрап, 2021 жылдың қаңтар-наурызайларымен салыстырғанда 109,1%-ға немесе 258 шаршы метрге артық орындалды.(2021 жылы 2823 шаршы метр). Нақты көлем и ндексі 109,1%-ды құрады.

1) Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және аудан ішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға  21 100,0  мың теңге бөлінді:Атап айтқанда:

Қаратау қаласы бойынша 2 маршрут бекітіліп (№1, №3) 2019 жылы қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау аудандық әкімдік және «Қаратау Ақ-жол» ЖШС тарапынан ұйымдастырылған. 2019 жылы облыстық мәслихат шешіміне сәйкес аталған маршруттарды тұрақты әлеуметтік маршруттар тізіміне еңгізіліп, субсидиялау жұмыстары жүргізілуде. Есептеліктерге сәйкес 2022 жылға №1,№3  маршрутбойынша – 21 100,0  мың теңгеқарастырылған. 

         Қалалық екі маршрут бойынша барлығы 6 автобус қатынауда, күнделікті 20 рейс жүруде. Жол ақысы ересек адамдарға 60 теңге, балаларға 35 теңгені құрайды. Күнделікті 600-700 жолаушы тасымалданады.

Сол сияқты, аудандық полиция тарапынан аудан аумағында «Автобус» «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шаралары тұрақты жүргізілуде.

2).«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендеріндегі әлеуметтік және инженерлік  инфақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша  470 018,0 мың теңге қаржы бөлінген:  Оның ішінде:  

Аққұм, Бостандық, Талапты, Шакиров ауылдарындағы25 көшеге немесе84,3 шқ құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстарынамемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

         Сонымен қатар, Бұдан бөлек Қаратау қаласындағы 6 көшеге (Ы.Алтынсарин, Байходжаев, Жансүгіров, Ә.Молдағұлова, Арыстанбаб баба, Қарашаұлы)Қаратау қаласына оңтүстіктен кіре беріс және әр елді мекеннен 1 көшеден жөндеу мақсатында жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, жалпы құны 742395,0 мың теңгені құрап отыр.

Аталған қаржының облыстық бюджеттен50 пайызы371209,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 50пайызы371186,0 мың теңге бөлуге бюджеттік өтінім берілген.

Әзірленген жобалық сметалық құжаттамалар:

Аудандық маңызы бар Майтөбе, Қызыләуіт, Тұрымқұл, Есейхан ауылдарына кіре беріс көлік жолдарына жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп жалпы құны 643216,0 мың теңгені құрайды.

 

Қаратау қаласы бойынша:

2022 жылғы жоспар бойынша жөнделетін 6 көшеден бөлек 53 көшені орта жөндеуге жобалық сметалық құжаттамамалары әзірленген, жалпы құны 966137,0 мың теңге, барлығы 46,3 шақырымды құрайды.

Бұдан бөлек Қаратау қаласында 7 көпір, Есейхан ауылында 1 көпірге жобалық сметалық құжаттама әзірленіп кәзіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 437 737,7 мың теңгені құрап отыр.

3) Аудан аумағындағы облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша25 700,0 мың теңге қаржы бөлінген,Оның ішінде:

Облыстық маңызы бар 394,1 шақырым автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 47 млн. 969 мың теңге бөлінді. Оның ішінде:

Аудандық маңызы бар 193,49 шақырым автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарын «EliteBuild Partners» ЖШС-гі атқарады, келісім шарт сомасы25 700,0 мың теңге.

Жұмылдырылған техника: Урал (күрегімен) 1 дана, Камаз күрегімен 1 дана, фронталдық тиегіш 1 дана, МТЗ-80 2,1 тіркемесімен 2 дана және 1 РУМ тіркемесі. Барлығы: 5 дана.

Инертті материалдар: Құм 350 тн., 150 тн. тұз.

4) Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша жалпы 2 848 273,0 мың теңге қаржы бөлінген;Оның ішінде:

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласына арналған Көктал су құбырын салуға2 848 273,0мың теңге қаралған.  Аталған нысан 2020 жылы басталған, қаралған қаражат 263 333,0 мың теңге,2021 жылы бөлінген қаражат 1 716,516,0 мың теңге, 2022 жылы 544 559,0 мың теңгебөлініп жұмыстар атқарылуда.

Құрылыс нысаны бойынша – 33,4 шқ су құбырының 32,4 щқ 400х36,8 пластикалық құбыр 1 шқ 377х7 темір құбыры жүргізілді, қажетті 4 ұңғыманың 2 данасы 270 метрлі, 2 данасы 140 метрлі. Бүгінгі таңда 1 дана 270 метрлі ұңғыманың 190 метрі қазылды, 1 дана  270 метрлі ұйғыманың 20 метрі қазылды және орнатылатын 125 құдықтың 100 дана орнатылды.

5) Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша  5 577,0 мың теңге қаржы бөлінген,Атап айтқанда:

Үшарал ауылын сумен қамту бойынша ЖСҚ« Тараз Гео Проект Люкс » ЖШС- гі  әзірлеуде. Келісім шарт сомасы 5 577,0 мың.тг.

6) Газбен қамту бойынша:

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан Аққөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекендеріне газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2022-2023 жылдарғаөтпелі. Жобаныңқұны 3 млрд. 221 млн. 700 мыңтеңге. (2021 жылға400 млн 000 мыңтеңге.)

Солсияқты, бөлімтарапынанЖамбыл облысы Талас ауданыАқкөл, Қызыләуіт,Ақтөбеелдімекендеріндеішкікварталдықгазтаратужелісініңқұрылысыбойыншамемлекеттіксараптамаданөткізуімен ЖСҚ әзірлеубойынша 2020 жылдың 25 ақпанындаЖШС "Бакыттаны" келісімшартжасалынды.Келісімшартсоммасы  10 млн 23 мың.теңге.

Қазіргітаңдамемлекеттіксараптамаданөткізіліп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

Талас ауданы, Майтөбе, Қожағаппарелді-мекендерінгаздандыруғаЖамбыл облысыәкімдігінің энергетика жәнетұрғынүй-коммуналдықшаруашылықбасқармасытарапынанбүгінгікүнге 444 млн 444 мыңтеңгебөлініп, «Билікөл» автоматтандырылған газ таратустанциясыныңқұрылысыжүргізілуде. Мердігер «Арайстроймаркет-2003» ЖШС.

Майтөбе, Қожағаппарелді-мекендерінедейін газ құбырынтартубойынша аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 1 100 000,0 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізу  бойынша құжаттар топтамасы әзірленуде.

7) Ауыз сумен қамтамасыз ету:

Қазіргі танда, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан төмендегі елді мекендерде ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:

7 елді мекенді Қайыр, Ақтөбе, Арал елді-мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін мембрандық қондырғы орнатуға және Тұрымқұл, Қожағаппар, Қараой, Сейілбек елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 20 000,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,59 шақырым. Оның ішінде:

- 394,1 шақырым облыстық маңызы;

- 193,49 шақырым аудандық маңызы.

Қаратау қаласы мен ауылдық округтерде көктемгі көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық екі айлығы бойынша:

Көктемгі екі айлық, абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша атқарылатын іс-шаралар Талас ауданың әкімдігінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №75 қаулысымен бекітілген. Тазалық айлығын өткізу туралы жергілікті БАҚ («Талас Тынысы» газеті, 22 ақпан күні №13) арқылы тұрғындадың назарына жеткізілген.

Бүгінгі таңда аудан аумағында 8 сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Қаратау қаласы мен ауылдық орругтерінде көректендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалықты жақсарту үшін ақтарылатын жұмыс жоспары төмендегідей:

- ағаш егу жұмыстары. Жоспар 16 000 түп ағаш, егідгені 12 500 түп ағаш, немесе 78,1%.

- гүлзарлар орналастыру. Жоспар 10 000 шаршы метр, орналыстырылғаны 7 800 шаршы метр немесе 78,0 %.

- көгал ораналастыру. Жоспар 150 шаршы метр, орналыстырлығаны 85 шаршы метр немесе 57 %.

         - арық және каналдар тазарту жұмыстары. Жоспар 152 шақырым, тазаланғаны 130 шақырым немесе 85,3 %.

- көшелерді тазалау жұмыстары. Жоспар 193,5 шақырым, орындалғаны 175 шақырым немесе 90,4%.

- саябақтарды, скверлерді тазалау және көріктендіру жұмыстары. Жоспар 10 842 шаршы метр, орындалғаны 10 100 шаршы метр немесе 93,1%.

- кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау жұмыстары. Жоспар 277 тонна, орындалғаны 174 тонна немесе 62,8%.

         Тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеу бойынша:

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен аудан әкімі арасындағы 2022 жылға арналған индикаторлар бойынша Қаратау қаласыда тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеу саласындағы 2022 жылға барлығы жоспар 228,5 тонна немесе 12 пайыз. Оның ішінде 2022 жылдың 3 айына жоспарға сәйкес орындалғаны 66,7 немесе 3,5 пайыз.

Тұрғын үй бойынша атқарылған жұмыстар:

Қаратау қаласы бойынша тұрғын үй қорынан көп қабатты тұрғын үй кезегіне тіркелген "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасыларға 25 пәтер сатып алынып, кілттері табысталды. Сонымен қатар бөлім зерделеуімен анықталған 20 пәтер, яғни, кезек ретімен пәтер алып заңсыз жалға берген және өздері тұрмай бос тұрған пәтерлер әлеуметтік осал топтағы мүгедектерге, толық емес отбасыларға, көп балалы отбасыларға берілді.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 74-бабына сәйкес 2022 жылға кезек тізіміне түгендеу жүргізіліп, бекітілді. Аудан әкімдігінің интернет ресурсына орналастырылып, аудандық «Талас тынысы» газетіне жарияланды.

Арыз, шағым, өтініштер, хаттардың айналымы бойынша:

2022 жылғы қаңтар-наурыз айларында «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы бойынша 33  жолданым түсіп, жолданымдарға Заң аясында тиісті шешімдер берілді.

Бөлімнің құжат айналымы бойынша кіріс құжаттары – 420, шығыс құжаттары – 368.

Жұмыспен қамту бойынша 2022 жылдың 1-ші тоқсанында

атқарылған жұмыстар туралы АҚАПАРАТ

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының мерзімі өтуіне байланысты оның орнына «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысы бекітілген.

Жұмыспен қамтудың белсенді шарларына тартудың жылдық жоспары 3299 адамға жоспарланса, есепті мерзімде 765 адамға орындалып 23,2 % құрады.

Жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 2724 адамға жоспарланса, есепті мерзімде 765 адамға орындалып 28,0 % құрады.

Ал тұрақты ваканттық бос жұмыс орындарының жылдық жоспары 1915 адамға жоспарланса, есепті мерзімде 344 адамға орындалып 17,9 % құрады.

Техникалық біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының тізбесі мен мамандықтар бөлінісін бекітуге 30 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға облыстық бюджеттен 6,871 мың теңге мамыр айынан бастап жоспарланған.

Өзекті мәселе: Жұмыссыздарды қажетті мамандықтарға оқытуға сұраныс келіп түспей, яғни өз шешімін таппай отыр. Кәсіптік оқыту жөніндегі 4 жақты (жұмыс беруші, білім алушы, орталық, білім беру ұйымы) әлеуметтік келісім шартқа қол қойып, оқуын аяқтаған жұмыссызды тұрақты жұмысқа қабылдаулары қажет.

"Бастау Бизнес" жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне 283 адамды "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау операторы арқылы тегін оқыту жоспарланған. Соның ішінде: 120 жастар (42 %), 96 аз қамтылған (34 %), 67 жұмыссыз несие алуға үміткер (24 %).

Қала және ауылдық елді мекендерде шағын несие беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсетуге ағымдағы жылға қаржы жоспары бекітілмеген.

Қазіргі таңда жоғарғы уәкілетті органдар тарапынан (басқарма мен министрлік) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, кәсіпкерлікке тарту жұмыстары уақытша тоқтап тұр.

Мемлекеттік гранттар

Жаңа бизнес - идеяларды іске асыруға 182 адамға 400 айлық есептік көрсеткіш (1 аек 3063 тг) мөлшерінде 1 225 200 теңге мемлекеттік грант беру жоспарланған. Соның ішінде 131 жастар және 51 аз қамтылған отбасы мүшелерін құрайды.  Жоспар барлық ауылдық округге бөлінген, үміткер құжаттарды ЭЦҚ арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталы арқылы өтініш береді.

Өзекті мәселе:   Өзгеріс енгізілген қағидаға сәйкес, жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жатпайтын аудан тұрғындар тарапынан нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіруде.

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 86 жұмыс берушіден 253 орынға сұраныс келіп түсті, уәкілетті органның 30.12.2021 жылғы № 67-Ө бұйрығымен 81 жұмыс берушіге барлығы 150 орын 9 ай мерзіммен 37 760,0 мың теңге жоспарланып 1 адамның жалақысы 80 000 теңге көлемінде есептеліп оның 35 пайызы, яғни 28 000 теңгеден мемлекет тарапынан субсидиялау үшін бекітілді.

ЖБ 9 ай мерзімге 81 жұмыс берушіге 89 орынға 22 400,0 мың теңге жоспарланып 2492,0 мың теңге игерілді, РБ 9 ай мерзімге 53 жұмыс берушіге 61 орынға 15 360,0 мың теңге жоспарланып 1708,0 мың теңге игерілді.

Қазіргі таңда 144 адам жұмысқа жолданды. Санаты бойынша: 14 аәк, 20 жас, 61 әйел, 3 мүгедек бар. Жұмысты аяқтаған 7 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

 

Жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 35 мекемеден 92 орынға сұраныс келіп түсті, уәкілетті органның 30.12.2021 жылғы №67-ө бұйрығымен бекітілді.

Есепті мерзімде 35 жұмыс беруші мекемеге 55 орынға барлығы 40458,0 мың теңге жоспарланып, есепті ерзімде 10345,0 мың теңге игерілді.

Жергілікті бюджеттен 12 ай мерзімге 24 мекемеге 35 орын 31269,0 мың теңге жоспарланған қаржыдан 7,285 мың теңге игерілді.

Республикалық бюджеттен 6 ай мерзімге 18 мекемеге 20 орын 9189,0 мың теңге жоспарланған қаржыдан 3,064 мың теңге игерілді.

Қазіргі таңда 43 адам жұмысқа жолданды. Жұмысты аяқтаған 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Қоғамдық  жұмыс орындарына 39 мекемеден 559 орынға сұраныс келіп түсті, уәкілетті органның 30.12.2021 жылғы № 67-ө бұйрығымен 1 адамға 85 000 теңге жалақы көлемінде бекітілді.

Жергілікті бюджеттен 19 жұмыс беруші мекемеге 200 орынға барлығы 207 452,0 мың теңге жоспарланып, есепті мерзімде 42000,0 мың теңге игерілді.

Республикалық бюджеттен 50 орынға барлығы 41347,0 мың теңге жоспарланып, есепті мерзімде 3446,0 мың теңге игерілді.

Қазіргі таңда 235 адам жұмысқа жолданды. Жұмысты аяқтаған 6 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Алғашқы жұмыс» орны жобасына жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа толмаған жастар қатысады. Мерзімі 18 айға, жалақысы 30 АЕК-ті құрайды.

Қазыргі таңда 6 жұмыс берушіден 8 орынға сұраныс келіп түсті, уәкілетті органның 30.12.2021 жылғы № 67-ө бұйрығымен барлығы 6 жұмыс берушіге 8 орын 5881,0 мың теңге жоспарланып бекітілді.

Қазіргі таңда 8 адам жұмысқа жолданды. Санаты бойынша: 8 жастар, Қаратау қаласы 6. Жұмысын аяқтаған жастар жоқ.

2021 жылы: 24 айға тұрақты жұмысқа орналастыруға шарт жасалған, 1-ші жылы үшін еңбекақыны субсидияланады. Қаратау қ. 4 жұмыс берушіге 4 жастар жолданды. Жоспарланған 1400,0 мың теңгеигерілді.(20 аек 58340 теңге төленеді )

«Ұрпақтар келісім шарты» жұмыс орны бойынша жобасы оқуын соңғы 2 жыл ішінде аяқтаған, 29 жасқа толмаған түлектер қатысады. Оларға зейнеткерлік жасқа жетуге кемінде 6 ай қалған тәлімгер (куратор) тағайындалуға міндетті. Жалақысы 30 АЕК-ті құрайды, 91890 тг. Мерзімі 6 айды құрайды.

2 орын жоспарланған. Жергілікті бюджетке 735 120 теңге сұраныс берілген. Қазіргі таңда жұмыс берушілер тарапынан сұраныс жинақталуда.

«Күміс жас» жобасы бойынша зейнетке 2 жыл қалған зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар қатысады. Жалақының 50 %-ы субсидияланады. Мерзімі 12 ай.

Жұмыс орнын құруға 14 орын жоспарланған. мысалы: 80 мың жалақының 40 мың теңгеден 12 айға 14 адамға 6 720 000 теңге қажет.

Қазіргі таңда жұмыс берушілер тарапынан сұраныс жинақталуда.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруда жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету бойынша консультациялар беру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда 2 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп отыр.

Ваканттық  бос жұмыс орындары бойынша жұмысқа орналасу жоспары 1915 адамға жоспарланса (жастар 445), есепті мерзімде 344 адам жұмысқа жолданып 17,9 % құрады. 249 адамның зейнетақы жарнасы аударылып, 72 % құрады.

Жастардың жұмыспен қамтылуы: Тұрақты жұмысқа 92, жастар практикасына 34, әлеуметтік жұмысқа 20, қоғамдық жұмысқа 24 жолданып, барлығы 768 адамның ішінен 170 адамды немесе 22,1 % құрады.

Білім саласы

Аудандық білім бөліміне қарасты 59 мекеме жұмыс жасайды. Олардың ішінде 35 мектеп, 19 балабақша (7 балабақша жекеменшік) және мектептер жанынан 16 шағын орталық (Қаратау қаласында 6, ауылдық округтерде 10), 3 мектептен тыс мекеме (Қаратау қаласында: Балалар өнер мектебі, Балалар мен жасөспірімдер орталығы, «Жұлдыз» аула клубы, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, «Жұрындысай» балалар лагері) бар.

         Бүгінгі күнде жалпы білім бөліміне қарасты 26 балабақша (19 мемлекеттік, 7 жекеменшік), 16 шағын орталықта 2932 бала тәрбиеленуде, ол аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 87,6 %,3-6 жас аралығында – 100% құрап отыр.

  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының үлесі аудан бойынша 49,8% құрап отыр.

Аудандағы 35 мектептің 608 сыныбында 9761 оқушы білім алса, мектепалды даярлық сыныптарында 796 тәрбиеленуде.

Жалпыға міндетті білім беру қоры

2022 жылға жалпыға міндетті білім беру қорынан аталған санаттағы балалар үшін 207 774,0 млн қаржы қаралып отыр.

Оның ішінде:

- 3298  баланы ыстық тамақпен қамтуға  207 774,0  млн. теңге;

Орта білім беру

Аудан бойынша 35 күндізгі жалпы білім беретін мектепте (оның ішінде: 2 – бастауыш,  6 –негізгі, 27 - орта мектептер,) 9761 оқушы білім алуда.

35 мектептің 30-і қазақ тілінде, 5-і қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді.

Шағын жинақталған мектептер саны - 17 (48,5%) (оның ішінде 2-і бастауыш, 6- негізгі, 9-ы орта мектептер). Онда 1579 оқушы білім алуда.

Білім сапасы

Талас ауданы бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың 2021-2022 оқу жылынының үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша білім сапасы 62,5% пайызды құрады.

Қосымша білім беру

Аудан бойынша 3 мектептен тыс мекемеде 4345(44,2%)  оқушы қосымша білім берумен қамтылған, оның4159(42,5%) өз қызығушылықтары бойынша түрлі үйірмелерге тартылып отыр. Мектептердегі 143 спорт секцияларына - 4569(46,5%) оқушы қамтылған.

Жалпы аудан бойынша қосымша білім берудің барлық түрімен  қамтылған   оқушылар  үлесі – 89,8% (8984 оқушы) -ны құрайды.

Педагог қызметкерлер

Бүгінгі күнге аудан мектептерінде 1403 педагог (пән мұғалімдері) бар. Оның ішінде 1362 ( 97%) педагог жоғары білімді.

Жоғары білімді – 1362 (97,1%), арнаулы орта білімді – 41 (2,9%). Оның ішінде жоғары санатты – 181 (12,9%), бірінші санатты – 220 (15,5%), екінші санатты – 176 (12,5%), санаты жоқ – 298 (21,2%), педагог-шебер – 3 (0,2%), педагог-зерттеуші – 170 (12,1%), педагог-сарапшы – 161 (11,5%), педагог-модератор – 189 (13,5%). Күндізгі бөлімді бітіргендер 800 (57%), сырттай бөлімді бітіргендер -603 (43%).

Бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету

Аудандағы 35 мектептің, 19 балабақшаның барлығында 100% бейнебақылау камералары орнатылған.

Аудан бойынша 620 бейнебақылау камералары орнатылған мектептерде  дана бейнебақылау камералары бар. Олардың 285 (46%) ғимараттың сыртында, 335 (54%) ғимараттың ішінде орналасқан.

Бейнебақылаумен қамтылған  балабақшаларда - 228 дана камера бар. Олардың 56 (25 %) ғимараттың сыртында, 172 (75%) ғимараттың  ішінде орналасқан.

ҰБТ қорытындысы

2021 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 73,6% болды

ҰБТ тапсырған 381 мектеп бітірушілердің 83- 3-50 балдан төмен. Шекті деңгейге қол жеткізе алмады, үлесі 21,7 % құрады. 100 – ден жоғары балл жинаған 43 оқушы, үлесі 11,2 пайызды құрады.

«Алтын белгі» белгісіне үміткер 35 оқушының 33-і, үздік аттестатқа үміткер 17 оқушының барлығы үздік аттестат иеленген.

Оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету

2021 жылы оқулықтар мен  оқу-әдістемелік  кешендерді және қосымша оқу құралдарын сатып алу үшін 203 млн. теңге қаржы бөлініп, оқушылар оқулықтармен 100%  қамтамасыз етілді.Биылғы жылға 197 млн 217 мың теңге қаржы қаралып отыр.

Тасымалдау

2021-2022 оқу жылында тек бастауыш мектебі бар 1 елді мекеннен 9 бала, қала ішінде 137 бала, барлығы 146 бала мектептерге және кері қарай күнделікті тасымалдануда.

Мектеп оқушыларын тасымалдайтын  автобустың -3-і 2000-2018 жылдары аралығында алынған. Автобустардың 2-і кәсіпкерлердің меншігінде.

Жастар саласы

Аудан халқының жастары 22,6 %-ды  құрайды.

Жастардың 13 286 (803-і студент, оның ішінде 656 грантта оқиды, 36 студент  жатаханада жатады. 14-18 жас аралығында 2712 оқушы оның ішінде 11 сынып бітіретін 424 оқушы және 9 сынып бітіретін 788 оқушы. 1143-ке жуығы өзге қалаларда жоғарғы, кәсіпті орта оқу орындарында) білім алса, 116 жас әскер қатарында, жұмыссыз және бейресми тіркелмеген 773 жас, соның ішінде NEET санатына 40 жас анықталды.

Тұрғын үй алу кезінде жастарға, жас отбасыларға жеңілдетілген жеңілдіктер қарастырылған

  Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған жалпы азаматтар саны 1836, оның ішінде 83-і (Мемлекеттік қызметкер – 15, білім- 6, мәдениет-6, әлеуметтік  қызметкер - 7 тағы басқа - 8) жастар. 

Сонымен қатар, тұрғын үй кезегінде тұрған жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар саны- 5 болса, мүмкіндігі шектеулі жастар саны - 2.

2021 жылдың 12 айдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй алған жас отбасылар – 10.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға – «Серпін-2050» бағдарламасымен аудан бойынша 2020-2021 жылдары - 2 жас солтүстік өңірлерге Өскемен және Көкшетау қалаларындағы жоғарғы оқу орындарына түсті.

 Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 жылы ауданда жалпы 337 жас кәсіпкер тіркелген, (97 жас ауыл шаруашылық, 104 жас сауда саттықпен және 136 жас әр түрлі қызмет көрсету бағытында) олар негізінен мал шаруашылығы мен қызмет көрсету салалары бойынша қызмет атқаруда.

Сол сияқты «Бастау Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша кәсіпкерлік негіздерінде 106 жас оқуын аяқтап, аталған жастар өз бизнес жоспарларын жасап, Республикалық бюджеттен бөлінген 584 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа 100 жас жобаға қол жеткізіп отыр.

  Бүгінгі таңда (құс және мал шаруашылығы, сән-салоны, кондитерлік өнімдер, тігін-цех және т.б.) сол сияқты бағыттарда өз кәсіптерін дөңгелетуде.

Биылғы жылға жұмыссыз ретінде тіркелген және NEET санатындағы 150 жасқа қайтарымсыз грант беру көзделіп отыр.

Денсаулық саласы

Талас аудандық емханасына тіркелген халық тіркелімі (РПН регистор прикрепления населения) халық саны – 44007 адам, оның ішінде: ересектер – 26988, балалар – 14889, жасөспірімдер –2130. Оның ішінде фертильді жастағы әйелдер-8851.

Аудан тұрғындарына медициналық емдеу-алдын алу көмегін Аудандық орталық ауруханасында 140 тәуліктік төсегімен, аурухана ішілік күндізгі стационар - 30 төсек орын. Емхана бойынша күндізгі стационар 55 төсек орынымен, БМҚК аусымына 620 қабылдау  қуатымен,  9-дәрігерлік амбулатория, 4-ФАП, 13-МП қызмет көрсетеді.

Аудандық емхана - аусымына 250 қабылдау қуаты бар жаңа типтік үлгіде салынған. 2016 жылдың 26 қарашасынан бастап  жұмыс жасауда. Құрылыс жұмысын ТОО «Корпорация жилстрой Тараз» жүргізді.

Ауылдық округтердегі амбулаториялар мен Фельдшерлік акушерлік пункт, медициналық пункт телефон нүктесімен толығымен қамтылған, компьютер техникасымен жабдықталған және ғаламторға толығымен қосылған.Елді мекендердегі 9-амбулатория толық санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілген. Аудандық аурухана дәрі-дәрмектермен 100% республикалық бюджеттен  қамтамасыз етілуде.

Кадрмен қамтылуы.

Қазіргі  таңда аудандық орталық ауруханасына қарасты мекемелерде 857 адам қызмет атқарады.

Талдау бойынша: дәрігерлер саны - 97

Оның ішінде жоғарғы санатты - 22, бірінші санатты – 18, екінші  санатты -  5

Мейірбикелер  саны   – 465

Оның  ішінде: жоғарғы  санатты -113, бірінші санатты–13, екінші  санатты - 3

Кіші бикелер мен  жұмысшылар – 137

Басқа қызметкерлер - 158

Денсаулық сақтау саласының бюджеті.

2022 жылдың 3 айында  республикалық бюджеттен ағымдағы  жылдық  жоспарынан  30% көлемінде  бөлінген  қаржы  көлемі 442 808,4 мың теңгені құрады, игерілгені – 420 885,4  мың теңге – 95,1 %.

Облыстық бюджет есебінен медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында, бөлінген қаражат 48 124,8 мың теңге толығымен игерілді.

Сонымен қатар, 2021 жылдың қаржыландыру сомасынан қалған 30% көлемінде  тускен  қаражат  107 245,6  мың теңгені құрап отыр, игерілгені 107 245,6 мың теңге, 100%.

Ана мен бала денсаулығы жайында.

2022 жылдары ана өлімі тіркелген жоқ.

2021 жылы 1 ана өлімі тіркелді. 100 мың тірі туғанға шаққандағы көрсеткіш -389,1.

Ауданда бұқаралық спорттың дамуы

 2022 жылдың І-тоқсанның қорытындысы бойынша ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары36,0 пайызға немесе 19 мың 705 адамды құрап отыр.(2021 жылы - 35,0%).

Сонымен қатар, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 6 мың 331 адамды немесе 50,9 пайызды құрады. (жалпы жастар саны-12 416 адам)

Аудан бойынша мектеп жасындағы 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны 2331 құрады.

Оның ішінде спорт мектептерінде 2 мың 018спортшы, «Жұлдыз» және Ойық ауылындағы аула және балалар жасөспірімдер дене шынықтыру спорт клубындағы спорт секцияларында 313 бала қамтылған.

         Аудан көлемінде 6 спорт мекемесі жұмыс атқаруда. Оның ішінде, 4-і балалар жасөспірімдер спорт мектебі (оның 2-Қаратау қаласында, 2 – Ақкөл, Бостандық ауылдарында), 1-і аула және балалар жасөспірімдер дене шынықтыру спорт клубы (ол Ойық ауылында) және 1 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы..

         Аудандағы балалар жасөспірімдер спорт мектептерінде 16 спорт түрі қамтылған. Оның ішінде 9 олимпиадалық, 5 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрі бар.

Ауданда жалпы 223(екі жүз жиырма үш) спорт нысаны бар.

Оның 1 стадион, 2 спорт кешені, 36 спорт зал, 82 футбол алаңы, 92  спорт алаңшалары, 1 ату тирі және 9 икемделген спортзалдар бар.

2022 жылыаудан тұрғындарының, оның ішінде жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін спорт нысандарына қол жетімділігін арттырумақсаттында аудан бойынша 221 спорт нысаны анықталды. Аталған нысандарда тұрғындардың спортпен шұғылданудың арнайы кестесі жасалып, ол жергілікті аудандық «Талас тынысы» газетінің 2022 жылдың 28 қаңтардағы,  4, 8 ақпандағы №6, 8, 9 нөмерлеріне және аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.Оның 70-і Қаратау қаласында, 151-і ауылдық округтерінде орналасқан.

Есепті мерзімде аудан бойынша әр-түрлі (республикалық, облыстық, аудандық, ауылдық) деңгейде жалпы 81 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 6 мыңнан астам адам тартылды.

Олардың қатарында «Балалар» жылына орай әуесқой командалар арасында кіші футбол, волейбол, баскетбол, бокстан аудан біріншілігі, дойбыдан, волейболдан жасөспірімдер, жастар арасында облыс біріншілігі, аудан біріншілігі, үстел теннисінен аудандық турнирі, «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған әйелдер арасында волейболдан, «Наурыз-2022» мерекесіне арналған көкпардан аудан біріншіліктері өткізілді.

Инфрақұрылымды дамыту мақсатында жоспарланған жұмыстар туралы:

2021 жылдың шілде айында «Ауыл ел-бесігі» жобасы аясында жалпы құны 336 млн. 217,0 мың теңгеге Ақкөл ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жұмыстары асталып, биыл қолданысқа берілуі жоспарланған.

(«Ақкөл ауылына спорт кешенінің құрылысын салу» жобасы іске асырылуда.   Жалпы сметалық құны – 336 217,0 мың теңге. Құрылысына 2021 жылға Республикалық бюджеттен бюджеттен 147 561,0 мың теңге, облыстық  бюджеттен 16 396,0 мың теңге  бөлініп, толық игерілген.  Бас мердігері – «Әль-Мансур» ЖШС. Ағымдағы жылға құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен бюджеттен 137 954,0 мың теңге, облыстық  бюджеттен 15 528,0 мың теңге. Бүгінгі таңда  құрылыс-монтаждау  жұмыстары – 50% орындалды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 30.07.2022 жыл.)

2022 жылы жергілікті бюджет есебінен 29 122,0 мың теңге бөлініп Қаратау қаласы, Д.Нүрпейсова кешесінде (бұрыңғы балабақша орны) шағын футбол мен стрит воркаут алаңшасын  орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қаратау қаласындағы 4 спорт нысанды қалпына келтіру үшін аудандық бюджеттен жалпы 20 659,0 мың теңге қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Казіргі кезде Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы тарапынан нысандарды заңдастыру бойынша құжаттары дайындалуда.

Атап айтқанда:

- Қаратау қаласы, Шахтер көшесіндегі Орталық саябақтағы волейбол алаңшасын жөндеуге – 3159,0 мың теңге;

- Шахтер көшесіндегі Орталық саябақтағы баскетбол алаңшасын жөндеуге – 4000,0 мың теңге;

- Жастар саябағындағы кіші футбол алаңшасын жөндеуге – 5500,0 мың теңге;

- Жастар саябағындағы кіші баскетбол алаңшасын жөндеуге – 8000,0 мың теңге.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Hczmnh 4 июня 2022 17:49

    order hydroxychloroquine 400mg generic - <a href="https://chloroquins.com/">aralen without prescription</a> order baricitinib 4mg without prescription

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив