АӨК мемлекеттік қолдау көлемін және көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту туралы шешім қабылданды – Ербол Қарашөкеев

АӨК мемлекеттік қолдау көлемін және көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту туралы шешім қабылданды – Ербол Қарашөкеев

2022 жылғы 6 сәуірде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және АӨК мемлекеттік қолдау шаралары" тақырыбында брифинг өткізді.

Министр Мемлекет басшысының фермерлердің көктемгі егіске дайындығын қайта тексеру туралы тапсырмасының орындалғаны туралы хабарлады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқыммен, агрохимиямен, техникамен, қаржыландырумен және басқа да қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі мәселелері айтылды.

Ведомство басшысының айтуынша, жалпы егіс алқабы 23,1 млн га құрайды, әлеуметтік, сондай-ақ жем-шөп дақылдарының алқабы айтарлықтай ұлғайтылды. Ол ағымдағы жылы 3,6 млн га құрайды, бұл жем-шөп қажет өңірлерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Топырақта ылғал жинау және оны ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралар шеңберінде шамамен 3,1 млн га алаңда қар тоқтату екі ізбен жүргізілді, бұл 2021 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,5 есе артық.

"Мемлекет басшысының шаруалардың егін егуге дайындығын қайта тексеру қажеттігі туралы тапсырмасынан кейін өңірлермен фермерлердің тікелей қатысуымен кеңес өткізілді. Әрине, проблемалық мәселелер бар, бұл ең алдымен әлемдегі оқиғаларға байланысты жеткізу мәселелері. Бұған қарамастан, әкімдіктер мен фермерлер егіс науқанын өткізуге дайындықтарын растады", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 144 мыңнан астам трактор, 4,7 мың бірлік өнімділігі жоғары егіс кешендері, 77 мың тұқым сепкіш, 221 мың топырақ өңдеу құралдары бар. Дайындық шамамен 98% құрайды. 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға литріне 200 теңгені құрайды. 

Тұқым себу жоспарға сәйкес 100 % жүзеге асырылды.

"Ресейден дәнді дақылдарды жеткізуде проблема болды. Мұның себебі Ресей тарапының дақылдарды экспорттауға тыйым салуы. Аталған тұқымдар бізге сорт жаңарту және сорт ауыстыру үшін қажет болғанын ескере отырып, проблема премьер-министрлердің орынбасарлары деңгейінде көтеріліп, нәтижесінде Ресей Федерациясының Үкіметі тұқым әкетуге тыйым салуды алып тастау және оларды рұқсат беру тәртібіне ауыстыру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Ербол Қарашөкеев.

Ағымдағы жылы шамамен 670,2 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,7 мың тоннаға артық. Өңірлерде минералды тыңайтқыштарды жөнелту басталды, аграршыларға шамамен 149 мың тонна тыңайтқыш тиелді.

Отандық аммиак селитрасының құнын тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды.

"Бұл ретте әкімдіктер тарапынан субсидиялауға 27 млрд теңге қарастырылғанын айта кету қажет. Яғни, сатып алынған тыңайтқыштар құнының 50 % - ын мемлекет өтейді", - деді министр.

2022 жылға арналған пестицидтерді субсидиялау бағдарламасына 29,7 млрд теңге қарастырылған, бұл егіс алаңын 100% өңдеуді қамтамасыз етуге және сол арқылы қолайлы фитосанитариялық жағдайды сақтауға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді. Жалпы соманы 140 млрд теңгеге дейін жеткізе отырып, қаржыландыру көлемін қосымша екі есе ұлғайту туралы шешім қабылданды.

"Сонымен қатар, қосымша 70 млрд теңге бойынша несиелендіру нормативі ұлғайтылады, бұл туралы фермерлердің өздері сұрады", - деді ведомство басшысы.

"Кең дала" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 81,7 млрд.теңгеге 2861 өтінім келіп түсті, 63,1 млрд. теңге қаржыландырылды. Форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 83,1 млрд.теңгеден астам сомаға 466 өтінім келіп түсті, қаржыландырылғаны - 57,2 млрд. теңге.

Жалпы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында. Кейбір оңтүстік өңірлерде жұмыстар басталып кетті, 181,2 мың га алқапта дақылдар егілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік АӨК субсидиялау тетігін жетілдіру бойынша бірнеше нұсқаны ұсынды. Алайда, АӨК дамуының тұрақтылығын сақтау мақсатында ағымдағы жағдайларда субсидиялаудың жаңа тетігін енгізу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, 139 млрд теңге сомасында қосымша субсидиялар бөлу мәселесі пысықталуда, олар бірінші кезекте өткен жылы пайда болған берешекті өтеуге бағытталатын болады, сондай-ақ тауарлық-материалдық ресурстарға бағаның көтерілуінің салдарын жояды.

Көкөністер мен қант қызылшасын өндіруді қолдауға қосымша 8,3 млрд теңге бағытталатын болады.

Өз бизнесін ашу және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту мақсатында ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындарын шағын несиелендіруге 40 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл кемінде 8 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі әзірленді, ол Ақмола облысында жүйенің пилоттық тестілеуінен өтті, қазіргі уақытта жүйені пысықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл жүйені енгізу субсидияларды бөлу және беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Сұрақтар мен жауаптар сессиясы кезінде журналистер азаматтарды толғандыратын бірқатар тақырыптарды көтерді. Министрге азық-түлік және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жерді пайдалану, фермерлердің көктемгі егіс жұмыстарына дайындығы, сондай-ақ тауарлардың экспорты мен импорты мәселелері бойынша сұрақтар қойылды.

Министр көтерілген әрбір тақырып бойынша толық жауаптар мен түсініктемелер берді, құрылымдық бөлімшелерге журналистердің жерді пайдалану бөлігінде ұсынған фактілерін зерделеуді тапсырды.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Roscoe 13 апреля 2024 14:21

    What you published made a ton of sense. However, think about this, what if you added a little information? I ain't suggesting your information isn't solid., but
    what if you added a headline to maybe get people's
    attention? I mean АӨК мемлекеттік қолдау көлемін және көктемгі егіс жұмыстарын
    қаржыландыруды ұлғайту туралы шешім қабылданды –
    Ербол Қарашөкеев » Infozakon is kinda vanilla.
    You should look at Yahoo's front page and see how they create news headlines to
    get viewers to open the links. You might add a related video or a related pic or two to grab readers excited about everything've written. Just my opinion,
    it could bring your posts a little bit more interesting.


    My website ... Où trouver de la
    floxin en ligne

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив