ШҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ҚАЛА ЖӘНЕ АУДАН ӘКІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ШҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ ҚАЛА ЖӘНЕ АУДАН ӘКІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Ағымдағы жылдың 05 тамызында облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті.

Іс - шараға ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының міндетін уақытша атқарушы Жігер Байділдин, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, облыс қалалары мен аудандарының "Шығыс-Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің басшылары қатысты.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы заңнамалық өзгерістер және "Шығыс Адалдық Алаңы"  жобалық кеңсесінің атқарған жұмысы талқыланды.

Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдарда, оның ішінде оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдарда 27 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, оларды жасағаны үшін әртүрлі деңгейдегі 13 лауазымды адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылдың мамыр айында Аягөз аудандық сотының үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. Сондай-ақ, а. ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі аудан әкімдерінің орынбасарларын әшкереледі, бір қылмыстық іс өндірісте, екіншісі сотқа жолданды, - деді Жігер Байділдин.

Өңірде облыс әкімдігімен және азаматтық қоғаммен бірлесіп "Шығыс - адалдық алаңы" жобасы табысты іске асырылуда, оның басты мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою. Кездесу барысында Катонқарағай, Зайсан, Күршім аудандары аталмыш жоба аясында табысты жұмыс істеп жатқан үлгілі аудандар ретінде аталып өтті.

Сонымен қатар, кеңес барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының м.у.а. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті шаралар қабылдамайтын мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларына әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға уәкілетті екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Департамент квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер институтын ұйымдастыруда бірыңғай тәсілді қалыптастыру және көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда ШҚО-да квазимемлекеттік сектордың 116 ұйымында комплаенс қызметтері енгізілді. Алайда, жұмыстың төмен деңгейі Семей қаласында, Аягөз, Үржар, Абай, Тарбағатай және Күршім аудандарында байқалады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агроөнеркәсіптік кешендегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді сыртқы талдау жүргізуде. Талдау өтінімдерді беруден бастап, оны беруге дейін субсидиялар берудің ашық, әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою мақсатында жүргізіледі. Барлықтарыңызды субсидиялаудың проблемалық мәселелерін анықтауға жәрдемдесуге шақырамын, - деді Жігер Байділдин.

Іс-шара соңында қалалар мен аудандардың әкімдеріне бірқатар тапсырмалар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мүлтіксіз сақталуы туралы ескертілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив