АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ СУБСИДИЯЛАР

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДЕГІ СУБСИДИЯЛАР

«ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары

Гүлмира Ермолдина және Департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялар» тақырыбында онлайн сұхбат өтті.

Эфир барысында спикер агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялардың 9 түрі қарастырылғанын айтты. Оның ішінде елорданың аумақтық ерекшеліктеріне және Нұр-Сұлтан қаласындағы АӨК өтініштерінің болмауына байланысты субсидиялаудың 3 түрі жүзеге асырылады:

- инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу;

- ауыл шаруашылығы жануарларын, машиналар мен технологиялық жабдықтарды сатып алу үшін несиелеу және лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау туралы;

- АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты шеңберінде несиелік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

Жалпы, Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері қалада 26 кәсіпорын бойынша 1 310,3 млн.теңге сомасына 55 жоба субсидияланды

2021 жылға бюджеттен 270,5 млн. теңге бөлінді:

- инвестициялық шығыстарды өтеуге 264 млн. теңге;

- 6 жоба бойынша бұрын қабылданған міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға – 6,5 млн.теңге.

Сондай-ақ, Гүлмира Ермолдина Qoldau субсидия алуға өтінім беру платформасы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, Бақытжан Ниязов агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы өзекті мәселелер реестрі туралы хабардар етті. Осыған байланысты спикер осы бағытта проблемалық мәселелер туындаған жағдайда қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарласу қажет екенін атап өтті (: 8-775-504-35-17, : t.me/antikorsub,                                      : dagspk@mail.ru).

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив