Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау туралы

Мемлекеттік қызметшілерді ротациялау туралы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері үшін онлайн-семинарлар ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 447 Жарлығымен бекітілген ротация жүргізу қағидаларында соңғы үш жылдан кем емес уақыт ішінде С-2, С-3, С-О-2, С-О-3, C-R-1, C-R-2, C-R-3, D-O-2, D-1, D-2, D-3, Е-1, E-R-1 санаттарының басшы лауазымдарын атқаратын, оның ішінде әртүрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін «Б» корпусы қызметшілерінің арасында, осы «Б» корпусы қызметшілерінің өзара келісімі болған жағдайда уәкілетті тұлғалардың актілерімен ротация жүргізуге жол беріледі.

Бұл - орталық мемлекеттік органдар департаменттері директорларының орынбасарлары, басқармалары басшылары мен басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың облыстық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары және орталық мемлекеттік органдардың облыстық бөлімшелері басқармалары басшыларының орынбасарлары, аудандық аумақтық басқармалар басшылары мен басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ бөлімдері басшыларының, облыстық басқармалар басшыларының орынбасарлары, мәслихаттар аппараттары басшылары мен басшыларының орынбасарлары, облыстар әкімдіктерінің аппараттары басшылары мен басшыларының орынбасарлары, тексеру комиссиялары аппараттарының басшылары, облыстардың әкімдіктері мен мәслихаттары аппараттарының бөлімдерінің басшылары, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, бөлімдер басшылары.

Бұл ретте тиісті бағыттар бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері ескеріледі. Бұдан басқа, бұл ротацияға әртүрлі әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмыс істейтін «Б» корпусының қызметшілері арасында ғана жол беріледі.

Сондай-ақ, Департамент әлеуметтік желілерде ротация жүргізу ережелері туралы толық ақпараты бар арнайы фото-бейне жадынамалар әзірлеп, орналастырды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив