Мемлекеттік қызметшілердің ауысу тәртібімен лауазым иелену мүмкіндігі бар

Мемлекеттік қызметшілердің ауысу тәртібімен лауазым иелену мүмкіндігі бар

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің ауысу қағидаларын, сондай-ақ оларға ротация жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында облыстық басқармалардың бірінші басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметтерінің басшылары үшін семинар ұйымдастырды.

Өз сөзінде Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей-ақ, ауысу тәртібімен орналасудың негізгі ережелерін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшінің бір лауазымдағы өтілі кем дегенде екі жыл немесе одан артық мерзімді құраса, сол мемлекеттік органның ішінде тең дәрежелі лауазымға, не болмаса одан бір деңгей жоғары тұрған лауазымға ауысу тәртібімен орналаса алады.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны немесе мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін шешілмеген тәртіптік жазасы болған жағдайда, оның жоғарыда көрсетілген лауазымдарға ауысу тәртібімен орналасуына жол берілмейді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу мерзімі мен қағидаларына, ротацияға жіберілетін мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына, «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу тәртібіне, ротация мерзімін ұзарту және оны қабылдаудан бас тарту жағдайларына қатысты түсініктемелер берілді. 

Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Darnell 21 января 2024 16:09

    Greate post. Keep writing such kind of information on your
    page. Im really impressed by it.
    Hey there, You have performed a great job.
    I'll certainly digg it and for my part suggest to my friends.
    I'm confident they'll be benefited from this web site.

    Feel free to surf to my webpage: жарық көздері

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив