БИЗНЕСКЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙТІЛДІ

БИЗНЕСКЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙТІЛДІ

 

19 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет Глубокое ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар  барысында  Глубокое  ауданының әкімі Т.Рахымжанованың, «Шығыс - Адалдық  Алаңы» жобалық  кеңсесінің басшысы М. Бахыт,  өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы А. Есімбекованың, әкімдік аппаратының басшылығының, ZOOM режиміне қосылған ауданның 17 ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің, сондай-ақ БАҚ және аудан жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту бойынша жаңа заңнамалық өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Атап айтқанда, бірінші басшылардың қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігін енгізу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларына сыйлықтар алуға толық тыйым салуды енгізу, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамын кеңейту және пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы анық түсіндіріп берді.

«Қылмыстық кодекске кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді. Енді бизнеске араласқаны үшін сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді Е.Жалмағамбет.

Transparency Kazakhstan үкіметтік емес халықаралық ұйымы жүргізген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай - күйіне мониторинг нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің - 48,1% өткен жылы облыста сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін көрсетеді.

Қорытындылай келе, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы барлығын заңсыз сыйақы төлеу немесе алу арқылы мәселелерді шешуге жол бермеу бойынша кең түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Сондай-ақ, Е.Жалмағамбет аудан әкімдігінің «ASHYQ AKIMDIK» сервистік орталығының жұмысымен танысты. Аталған сервистік әкімдік «Open space» форматында жұмыс істейді, сол арқылы мемлекеттік органның азаматтар үшін ашықтығын, есептілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етіледі.

Глубокое ауданы әкімінің аппаратына Белоусовка кентінде қызмет көрсетудің сервистік моделінде әкімдік ашу қажеттілігі бойынша ұсынымдар енгізілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив