«ҚазАгроҚаржы» компаниясы шаруаларға 50 мыңға жуық ауыл шаруашылық техникасын берген

«ҚазАгроҚаржы» компаниясы шаруаларға 50 мыңға жуық ауыл шаруашылық техникасын берген

 

2019 жылы «ҚазАгроҚаржы» компаниясы қазақстандық фермерлерге тиімді шарттармен 5,9 мың жаңа трактор, комбайн, тұқым сепкіш және егіс кешендерін сатып алуға көмектесті. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлайды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы өткен жылдың соңында 20 жыл толғанын атап өткен жөн. Аталмыш компания Үкімет қаулысына сәйкес 1999 жылдың 28 желтоқсанында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің жанынан құрылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі компанияның жалғыз акционері болып табылады. Компанияның негізгі міндеті – шаруаларға қол жетімді лизингтер беру арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға көмек көрсету.

20 жыл ішінде акционерлік қоғам жалпы соммасы  602 млрд. теңгеге 49 мыңға жуық жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландырды.

Бүгінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ агроөнеркәсіптік кешені үшін берілетін лизинг нарығында ұлттық көшбасшы болып табылады. Бұл бағыттағы оның үлесі 90%-ды құрайды.

Өткен жылы компания ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге лизингке 5 893 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасын берді. Бұл 2018 жылға қарағанда 72%-ға артық. Атап айтқанда, фермерлер жеңілдетілген шарттармен жалпы соммасы 99 млрд. теңгеге 540 комбайн, 1 713 трактор, 416 тұқым сепкіш, 143 егіс кешенін және 3 081 бірлік басқа да техника сатып алды.

Естеріңізге салсақ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ жылдық пайызы 17% және 9%-ды құрайтын қаржыландыруды ұсынады. Бұл ретте, жылдық пайызы 17% мөлшерлеменің мемлекет 10 пайызын субсидиялайды, яғни аграриялар 7%-ды құрайды. Өз кезегінде, 9 пайыз субсидияланбайды.

Техниканың құны мен түріне байланысты қаржыландыру мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін, бастапқы жарна – 15%-дан 20%-ға дейін, ал кейбір арнайы бағдарламалар бойынша - 0-ден 10%-ды құрайды.

Бұл ретте лизинг алушы алғашқы төлемді өз қаражаты есебінен немесе инвестсубсидия есебінен төленеді. Бірақ, шаруалардың инвестициялық салымның бір бөлігі мемлекеттік субсидия арқылы өтеледі.

АШМ Баспасөз қызметі.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.