Шетелдік БАҚ-тың Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді

Шетелдік БАҚ-тың Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Бас редакторлар клубы, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы және АӨСШК Хатшылығы (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) бірлесіп өткізіп жатқан 8-ші жыл сайынғы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты байқауына қатысуға 40 елден 70-тен астам журналист өтінім берді.

Әлемнің бес құрлығынан жиналған журналистер мен блогерлер халықаралық қатынастар, тарих, мәдениет, туризм, білім, инвестициялық әлеует, ұлттық тағамдар және басқа да тақырыптарды қамтитын баспа және электронды басылымдарда, танымал интернет-платформаларда, блогтарда, сондай-ақ подкаст түрінде жарық көрген шығармашылық жұмыстарын таныстырды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, Kazakh Tourism Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев және АӨСШК әскери-саяси өлшем сарапшысы Елші Дулат Қуанышев кірген қазылар алқасы конкурстың нәтижесін қорытындылады.

Әлемнің түрлі аймақтары мен номинациялары бойынша 8 шетелдік автор конкурстың жеңімпазы атанды:

 Солтүстік және Оңтүстік Америка аймағы бойынша Қазақстандағы жоғары білім, тау-кен өнеркәсібін трансформациялау және елімізді шетелдік инвесторлар алдында тартымды ету тақырыбындағы Canada Eurasia Chamber of Commerce (CECC) подкасттар сериясы үздік деп танылды.

Еуропа елдерінің ішінде испандық журналист Хосе Пуглисидің жұмысы ең көрнекті деп танылды. Ол Иберия түбегінде ғана емес, Латын Америкасы елдерінде де оқылатын «Periodista Digital» басылымында жарияланған Қазақстанның әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға арналған мақаласын ұсынды.

«ТМД және Еуразия» номинациясында «Uzdaily.uz» тілшісі Аскар Якубовтың Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық тақырыбына арналған мақалалар топтамасы үздік деп танылды.

Азия – Тынық мұхиты аймағы бойынша «The Voice of Vietnam» ұлттық радиосының тілшісі Нгуен Фан Хуонг Суанның Қазақстан тарихы және екіжақты ынтымақтастықты дамыту тақырыптарындағы бірқатар жұмыстары атап өтілді.

Таяу Шығыс пен Африка елдері арасында қазылар алқасы эфиопиялық репортер Госай Фейисса Натеидің бірқатар мақалаларын жоғары бағалады. Құрлықтың 54 мемлекетін біріктіретін Африка мемлекеттері одағының штаб-пәтері Аддис-Абебада орналасуы да Конкурстық комиссияның шешіміне әсер етті.

Kazakh Tourism номинациясы бойынша итальяндық саяхатшы-блогер Филиппо Тентидің Қазақстанның мәдениеті мен туристік орындары туралы «Әлем Оверленд көзімен» атты деректі фильмі жеңіске жетті. Бұл фильм 2023 жылғы қаңтарда Италияның «RAI» бас теледидарында көрсетілді.

Биыл Қазақстанның АӨСШК-те төрағалық етуіне орай алғаш рет АӨСШК тарапынан жеке номинация енгізілді. Қазылар алқасы «Kazakhstan's Unwavering Commitment In Promoting International Peace, Security» мақаласы үшін «Bernama» агенттігі халықаралық бөлімінің редакторы малайзиялық Равичандран Раджаманикам, сондай-ақ «АӨСШК: Жаңа әлемдегі жаңа Азия – Әзербайжанның көзқарасы» мақаласы үшін Наргиз Мамедованы жеңімпаз деп таныды.

Бұрын хабарланғандай, байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанға ұйымдастырылатын сапар шеңберінде Астана, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарына саяхаттауға мүмкіндік алады.

Өз жұмысын 2014 жылы бастаған «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» жыл сайынғы байқауы шетелдіктердің еліміздің дамуының өзекті үрдістеріне, оның бай табиғи және мәдени мұрасын дәріптеу, сондай-ақ бүкіл әлемнен шетелдік инвесторлар мен туристерді тарту үшін оның әлеуетін ашуға бағытталған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Benito 31 августа 2023 18:40

    Hello, every time i used to check webpage posts here early in the break of day, for the reason that i like to gain knowledge of
    more and more.

    Here is my website ... Dominic

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив