«Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 11 тамыз – ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауының қорытындылары жарияланды.
Биыл жетінші рет өткізілген байқаудың қазылар алқасының мүшелері ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Бас редакторлар клубының басшысы Бібігүл Жексенбай және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев болды.
Қазылар алқасы соңғы он екі айда жарияланған 40 елден түскен шетелдік журналистер мен блогерлердің материалдарымен 50-ден астам өтінімді қарастырды. Үміткерлердің материалдары газеттерде, журналдарда, интернет-басылымдарда, танымал интернет-платформаларда, блогтарда, сондай-ақ подкаст түрінде жарық көрді.
Қамтылған тақырыптардың ішінде халықаралық қатынастар, тарих, мәдениет, туризм, денсаулық сақтау, спорт, ядролық қарусыздану, жаңартылатын энергия көздері және т.б. Шетелдік БАҚ елімізде ағымдағы жылдың басынан бері болып жатқан жүйелі өзгерістерге, «Жаңа Қазақстан» аясындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларға ерекше назар аударды.
Қазылар алқасының шешімімен биылғы байқаудың жеңімпазы болып жеті шетелдік автор атанды.
Америка аймағында Ottawa Life журналының журналисі Донован Маккензидің Қазақстандағы саяси реформалар бағдарламасы туралы мақаласы үздік деп танылды.
Еуропа елдері арасында британдық блогер Тристан Хьюздің өтініші ең қызықты деп танылды. Оның подкасты былтыр Кембриджте өткен сақтардың археологиялық мұрасына арналған көрмеге арналған болатын.
«ТМД және Еуразия» айдарында грузин сарапшысы Гүлбаат Рцхиладзенің Қазақстан мен Грузия арасындағы тарихи байланыстар тақырыбына арналған мақаласы атап өтілді.
«Азия – Тынық мұхиты аймағы» номинациясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) қызметі туралы мақалалар жариялаған The Korea Herald газетінің журналисі Санджай Кумардың өтінімі үздік деп танылды.
Қазылар алқасы Таяу Шығыс пен Африка елдерінен бірден екі үміткерді таңдауды жөн көрді. Марокконың Le Matin және 12.ma басылымдарының журналисі Дрис Лакубидінің өз елі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық тақырыбына арналған мақалалар топтамасы және түрік сарапшысы Эмра Кайның «Жаңа Қазақстанды» құру туралы талдамалық мақаласы үшін жеңімпаз атанды.
Биыл алғашқы рет еліміздің туристік әлеуетін айшықтайтын жеке номинация пайда болды. Қазылар алқасының шешімімен Қазақстан туралы араб тіліндегі электронды кітап үшін марапатталған кувейттік турист-блогер Халид Альмутаири үздік шықты.
Бұрын хабарланғандай, байқау жеңімпаздары марапат ретінде ағымдағы жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалалары мен Бурабай курорттық аймағына барып Қазақстанға саяхатқа қатысатын болады. Сондай-ақ жеңімпаздар адамзаттың ең ірі конфессияларының жетекші қайраткерлері қатысатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің куәсі болу мүмкіндігіне ие болады.
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауы 2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және еліміздің дамуының өзекті үрдістеріне, оның бай табиғи және мәдени мұрасына, инвестициялық және туристік әлеуетіне халықаралық қызығушылықтың одан әрі артуын ынталандыруды көздейді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/411012?lang=kk
[xfvalue_img]