Еліміздегі балаларға арналған мемлекеттік барлық мекемелерге тексеру жүргізіледі

Еліміздегі балаларға арналған мемлекеттік барлық мекемелерге тексеру жүргізіледі

Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева көтерген мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Вице-премьер мемлекеттік органдардың Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлескен жұмысын үйлестіру мен бірыңғай тәсілдің маңыздылығын атап өтті.

Д. Закиеваның әрбір ұсынысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Отбасыларды жан-жақты көмекпен қамту жұмыстарын үйлестіру мәселелерін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына бекіту тапсырылды.

Ішкі істер министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, қолайсыз жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобилді топтардың жұмысын заңнамалық тұрғыдан бекітуді пысықтау тапсырылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша көмек көрсету үшін Бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығын құрумен айналысатын болады.

Сондай-ақ вице-премьер Оқу-ағарту, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт министрліктеріне әкімдіктермен, Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен бірлесіп, балаларға арналған барлық мемлекеттік ұйымдарды (оңалту орталықтары, интернаттар, балалар лагерлері және т. б.) кезең-кезеңімен жөндеу, материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша тексеру жүргізуді тапсырды.

Т. Дүйсенова Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Білім министрліктеріне облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға облыс орталықтарынан тұрғын үй беру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Тамара Дүйсенова балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды. Түркістан облысындағы соңғы қайғылы оқиғаға байланысты әкімдіктерге Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, жазасын өтеп шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіру бойынша деректер қорын құру тапсырылды.

https://primeminister.kz/kz/news/elimizdegi-balalarga-arnalgan-memlekettik-barlyk-mekemelerge-tekseru-zhurgizilmek-24826

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

12 пікір

  1. аватар
    Geraldo 21 августа 2023 11:55

    I'm not sure where you're getting your info, but good topic.
    I needs to spend some time learning much more or understanding more.
    Thanks for magnificent information I was looking for
    this information for my mission.

    Here is my web-site; Nicolas

  2. аватар
    Hollie 3 февраля 2024 08:17

    I am extremely impressed with your writing talents as well as with the format for your weblog.
    Is that this a paid topic or did you customize it yourself?
    Either way keep up the nice high quality writing, it's rare to look a
    great weblog like this one these days..

    my web-site :: dalacine fácilmente accesible

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив