Қазақстанда халықтың табысын арттыру бағдарламасы кеңейтіледі

Қазақстанда халықтың табысын арттыру бағдарламасы кеңейтіледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Халықтың табысын арттыру бағдарламасын өзектендіру бойынша ұсыныстар мен нәтижелері қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бюджет саласының 1,1 млн-нан астам қызметкерінің, атап айтқанда 74 мың дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 600 мың педагог пен мұғалімнің – 25%-ға, 173 мың орта медициналық персоналдың жалақысы 20%-ға және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің ішінде басқа да санаттарының жалақысы 20%-ға өскенін хабарлады. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және қызметкерлер арасындағы еңбекақы алшақтығын азайту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Сонымен қатар бүгінгі таңда бағдарламаны 2029 жылға дейін өзектендіру шаралары пысықталды. Бұл ретте оны республикалық және өңірлік деңгейлерге бөлу жоспарланып отыр, бұл жергілікті атқарушы органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

Алдағы кезеңдегі негізгі бағыттардың бірі Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру, сондай-ақ шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады.

Сонымен қатар бюджеттен жалақыны көтеру және азаматтарға жаңа цифрлық қызметтер арқылы белсенді әлеуметтік қолдаудың шараларымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда.

Премьер-Министр екі күн ішінде халықтың табысын арттырудың өңірлік жоспарларын бекітуді қамтамасыз етіп, бағдарламаны Үкіметке Кешенді жоспар түрінде жеделдетіп келісу және енгізу қажеттігін атап өтті.

Жиында сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек және Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов баяндама жасады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

  1. аватар
    Hlpalb 25 ноября 2023 14:49

    strongest sleeping pills at walgreens <a href="https://weightlossots.com/">online weight loss medication prescription</a> get qsymia prescription online

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив