Мәжілісте жылумен қамту саласындағы аудит туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды

Мәжілісте жылумен қамту саласындағы аудит туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар жылумен қамту мәселелері туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдады. Сондай-ақ жайылымдарды пайдалану мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заңды қабылдады. Мемлекет басшысының 2022 жылғы қарашадағы Жарлығына сәйкес, Жоғары аудиторлық палата төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарына есеп беруге тиіс. Бүгін Мәжіліс отырысында Жоғары аудиторлық палатаның «Жылумен жабдықтау саласындағы басқарудың, тартылған қаражатты жылу энергиясын өндіру және беру объектілерінің нысаналы пайдалануы мен инвестициялық бағдарламаларды орындауының тиімділігіне мемлекеттік аудит» атты аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша алғашқы есебі тыңдалды. Жоғары аудиторлық палата төрайымы Наталья Годунова 23 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 37 миллиард теңгеге бюджетті тиімсіз жоспарлау, 117 миллиард теңгеге экономикалық шығын мен жоғалған пайда анықталғанын айтты. Сонымен қатар жыл сайын апатты жағдайлар саны артып, шығарындылар мен жылу шығынының жоғары деңгейі байқалып отыр. – Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған әлеуметтік-экономикалық, демографиялық дамуын ескере отырып, жылу энергиясына қажеттілікке талдау жүргізу керек деп санаймыз. Энергетика саласындағы қордаланған проблемаларды кейінге қалдырмау қажет. Үкімет оларды шешудің жүйелі тәсілін әзірлеуге тиіс, – деді Мәжілістің Қажры және бюджет комитетінің мүшесі Мархабат Жайымбетов. Депутаттар ұзаққа созылған есепті талқылау кезінде саланың бүгінгі тыныс-тіршілігі, өңірлердегі проблемалық нысандарды жөндеу жұмыстары, қаржыландыру, тарифтер және басқа да маңызды тақырыптар төңірегінде сауалдар қойды. Талқылауды қорытындылаған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінде жылумен қамту өңір тұрғындары үшін ең өзекті мәселе екенін атап өтті. – Өткен қыста Екібастұзда, Петропавлскіде, Риддерде, Рудныйда тұрғындар жылусыз қалды. Бұл – жылдар бойы қордаланған проблемалардың салдары. Мемлекет басшысы осы мәселелерді үнемі бақылауында ұстап отыр. Үкіметке біраз нақты тапсырма берді. Алайда жылу-энергетика жүйесін толыққанды жаңғырту басталды деп айтуға әлі ерте. Бүгінгі Жоғары аудиторлық палатаның есебі де осы саладағы олқылықтарды көрсетті, – деді Ерлан Қошанов. Спикер депутаттар тарапынан айтылған кейбір сыни пікірлерге де назар аударды. – Үкімет мүшелерінің берген жауаптарынан әлі де мәселелердің толық шешілмей жатқанын байқап отырмыз. Сондықтан жылумен қамтамасыз ету мәселесі алдағы уақытта да депутаттардың ерекше бақылауында болады. Келесі сессияда біз міндетті түрде бұл тақырыпқа қайта оралып, Үкімет мүшелерінің есебін тағы да тыңдауымыз қажет, - деп қорытындылады Мәжіліс төрағасы. Бұдан соң депутаттар жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады. Заң жобасына депутаттар бастамашы болды. Мақсаты – жайылымдарды басқару және пайдалану саласы бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру. Атап айтқанда, халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға арналған жайылымдарды ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салуды белгілеу, сондай-ақ «қоғамдық жайылымдар» жеке ұғымын енгізу ұсынылды. – Жерді пайдаланушыларға жайылымдардың айналасында қазба жұмыстарын жүргізгені, траншеялар қазғаны үшін жауапкершілік жүктеледі. Конкурстар өткізбей жайылым беру нормасы алынып тасталады. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарының қолданылу мерзімдері 2-ден 5 жылға дейін деп өзгертіледі, – деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Нұржан Әшімбетов. Сондай-ақ Мәжіліс «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады. Заң жобасы радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті тиісті деңгейін қамтамасыз ету, бұрынғы ядролық полигонның жерлерін пайдалану және оның аумағын оңалту мәселелерінде мемлекеттік бақылауды күшейту, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерінде Қазақстанның ұстанымын нығайту үшін әзірленген. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті процестік заңнаманы жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі шешу мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алды. Сонымен қатар мәжілісмендер жауапты мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдарын жолдады.
https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id50261/1/1

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив