Әділет министрлігінде азаматтарға заң көмегін көрсету мәселелері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің көшпелі отырысы өтті

Әділет министрлігінде азаматтарға заң көмегін көрсету мәселелері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің көшпелі отырысы өтті

Бүгін, 23 мамырда QAZPATENT ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Адвокаттар мен заң кеңесшілерінің білікті заң көмегін көрсетуі» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы, заң консультанттары палаталары қауымдастықтарының, Республикалық нотариаттық палатаның, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Отырыста қатысушылар заң көмегін көрсету саласын жетілдіру және оны автоматтандыру бойынша жұмысты жалғастыру мәселелерін талқылады.

Кездесуді ашқан ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Мемлекет басшысы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бөлігінде заң қызметтерін көрсетуге ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.

«Заң көмегін көрсету саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша көшпелі кеңес өткізу – уақтылы және өзекті. Бүгінгі отырыс барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі нақты шаралар Комитеттің ұсынымдарында көрсетілетін болады. Келешекте біз оларды осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс шеңберінде ескеретін боламыз», – деп атап өтті Азамат Есқараев.

Айта кету керек, бүгінгі таңда республика бойынша 5 891 адвокат және 13 010 заң кеңесшісі заң көмегін көрсетуде.

 «2022 жылғы 20 маусымнан бастап «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобын кеңейтетін өзгерістер енгізілді. Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін көмек ала алады», – деді өз сөзінде Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

Әділет вице-министрінің айтуынша, өзгерістер енгізілгеннен кейін мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған азаматтар саны артты. Мысалы, 2021 жылы мұндай көмек 122 337 азаматқа, ал 2022 жылы 169 495 азаматқа көрсетілді.

Құқықтық кеңес беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған азаматтар саны артты. Егер 2021 жылы азаматтардың жалпы санының 12,6% ғана құқықтық кеңес алса, 2022 жылы құқықтық кеңес беру 32%  құрады.

Отырыста қатысушылар заң көмегін көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру, «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін дамыту, сондай-ақ депутаттардың ұсынымдарында көрсетілетін адвокаттар мен заң консультанттарына сағаттық мөлшерлеме бойынша уақытты ықшамдау жолымен заң көмегін көрсеткені үшін төлемді ұлғайту мәселесі бойынша түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар айтты.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив