Астанада ТЖ департаменті қызметкерлеріне алғыс ретінде мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Астанада ТЖ департаменті қызметкерлеріне алғыс ретінде мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Астанада Алғыс айту күні қарсаңында құтқарушылар мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Байқоңыр ауданында ТЖД қызметкерлеріне алғыс білдіру мақсатында «Батырларға алғыс!» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құтқарушылар күн сайын өз өмірін қауіпке тіге отырып, өзгелердің өмірін сақтап қалады.

Іс-шара елімізде 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту күніне орайластырылған. Оны Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты мен елордалық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.

«Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін ауданымыздағы «Құтқарушылар» алаңына жиналуымыздың себебі – ел игілігі үшін кәсіби міндетін мүлтіксіз орындайтын, қызметте жанқиярлық танытатын мамандарға ризашылық білдіру. Елімізде соңғы жылдары болған табиғи апаттарда әр аймақта қызмет ететін төтенше жағдайлар қызметкерлері міндеттеріне адалдық танытты. Шын мәнінде, бұл нағыз ержүрек азаматтардың қызметі. Өзгелерді құтқарамын деп қайтыс болып кеткен құтқарушылар да аз емес. Олардың қатарында елордалық құтқарушы Асқар Забикулинді ерекше атап өткен жөн. Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауы керек. Сонымен қатар жақында Түркияда болған жер сілкінісіне құтқарушылар мен дәрігерлер жіберілді. Сын сәтте құтқарушыларымыз бірнеше адамды аман алып қалды.

Түркияда күндіз-түні қызмет еткен азаматтарымызға алғыс айтамыз!» - деді Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

Жиналған қауым іс-шара барысында қызмет барысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым ретінде ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, оқушылар ТЖД қызметкерлеріне алғыс ретінде ән шырқап, флешмоб өткізді.

«Оқушылар біздің батырларымызға батылдығы үшін, кәсіби борышын орындағаны үшін алғыс айтуға келді. Біз өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлеміз, өйткені балалар біздің болашағымыз, олар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін білуі тиіс. Ол үшін оқу орындарында түрлі іс-шаралар өткіземіз. Онда біз үздік оқушыларды анықтап, оларды естелік сыйлықтармен марапаттаймыз», - деп атап өтті Астана қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Дастан Алдабеков.

Қазақстандық құтқарушыларға Түркия елшісінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Махмут Шевкет Байрам үлкен алғысын білдірді.

«Біздің еліміз үшін Қазақстанның көмекке ұмтылып, қиыншылыққа тап болған түрік халқына көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанына қуанамын. Бауырлас халықтан моральдық, материалдық және физикалық қолдауды сезіну бізді ерекше сезімге бөледі. Қазақ халқының бізбен бірге шын жүректен қайғырып, түрік халқының тұтастығы мен қауіпсіздігі үшін дұға еткенін көрдік. Біздің еліміз бастан кешкен апатты оқиғалар Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті. Қазақстандықтардың еңбегіне, күш-жігеріне және ыстық ниеттеріне қарап, үлкен ризашылығымызды білдіреміз», - деді елшінің кеңесшісі.

Жиналғандар әр құтқарушыға қауіпті міндетті арқалап жүргені үшін алғыс айтып, еңбегін батырлыққа теңеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив