ҚР АШМ: жұмыртқа саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы

ҚР АШМ: жұмыртқа саласын мемлекеттік қолдау шаралары туралы

Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері мен Қазақстан құс өсірушілер одағы, Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы, сауда желілері мен Құс фабрикалары одағының басшылары Қазақстандағы құс шаруашылығының өзекті мәселелерін талқылады.

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының мәліметінше, 2022 жылдың 9 айында қазақстандық құс фабрикалары 2 млрд 790 мың дана жұмыртқа өндірген. Бұл бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңнен 7,8%  артық. Бұл көлемдер ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Жұмыртқа шаруашылығын дамыту үшін өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі тәуліктік балапандарды бір басына 60 теңге көлемінде сатып алуды субсидиялайды. Бұдан бөлек, субсидиялау қағидаларына толықтырулар енгізілді, оған сәйкес нақты өндіріс үшін жылына 5 млн данадан 3 теңге нормативпен жұмыртқа құнын арзандату үшін қолдау қайта қалпына келтірілді.

Жалпы, биыл жұмыртқа өндірісін субсидиялауға 7,5 млрд теңге бөлінді.

Құс шаруашылығы ұйымдарының субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі, салалық қауымдастықтар, Қазақстан құс өсірушілер одағы, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арасында меморандум жасалды. Оған сәйкес Азық-түлік корпорациясы мал және құс шаруашылықтарына тоннасын 117 мың теңге бағамен 150 000 тонна астық сатады, бұл нарықтық құнынан 30% төмен. Сондай-ақ жемдік астықты жөнелту бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалды.

Аталған мемлекеттік қолдау тетігі келесі жылы да жалғасатын болады. Бұл мақсатта азық-түлік корпорациясы 2023 жылға арналған жем қорын құрады.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1667986104 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив