2020 жылы ҚРАШМ азық-түлік жұмыртқаларын субсидиялауды  жалғастырады

2020 жылы ҚРАШМ азық-түлік жұмыртқаларын субсидиялауды жалғастырады

Дағдарыс жағдайына байланысты жұмыртқа өндірушілерді қолдау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылдан бастап жұмыртқаларға тауарлық субсидияларды алып тастау қарастырылған. Субсидияны алып тастау туралы норма 2017 жылы мемлекеттік бағдарлама қабылданған сәтте құс фабрикалары басшылары мен құс өндірушілердің салалық қауымдастығымен келісілген болатын.

Алайда, COVID 19 вирусының таралуынан туындаған дағдарысқа байланысты, 2020 жылы жұмыртқаның өзіндік құны күрт өсті. Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндірушілерді қолдауды және өнімнің бірлігіне субсидиялау нормасын 3 тен 1,5 теңгеге дейін төмендете отырып, «азық-түлік жұмыртқаларын өндіруді субсидиялау» бағытын сақтауды ұсынды.

«Құс өсірушілерді қолдау және сәйкесінше жұмыртқаның өзіндік құнын төмендетуге ҚР Үкіметі 5 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Үкімет жұмыртқа өндірушілерге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген қаржы алу мүмкіндігін берді. Бұл құс фабрикалары қиын кезеңде өзін жеммен қамтамасыз ете алуы үшін жасалды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне асыл тұқымды құс сатып алуға субсидия түрінде және экспорттық өнімді тасымалдау шығындарына қосымша қолдау көрсетіледі.

Естеріңіхге салсақ, Қазақстанда жұмыртқа өндіретінін 31 құс бар. Болжам бойынша олар жылына 5,5 млрд жұмыртқа өндіреді.

Сонымен бірге, отандық өндіріс қазақстандық нарықтың 100%-дан астам қажеттілігін қамтамасыз етеді. Демек, құс фабрикаларының артық өнімді шетелдерге сату мүмкіндігі бар.

2019 жылы республиканың құс фабрикалары 527 млн дана жұмыртқаны экспорттады. 2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында экспорт көлемі 1542 тоннаны (30,8 млн. дана) құрады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив