Қазақстандықтардың 80%-дан астамы Жолдауда айтылған ұсыныстар туралы оң пікірде

Қазақстандықтардың 80%-дан астамы Жолдауда айтылған ұсыныстар туралы оң пікірде

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялап, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа экономикалық саясат шараларын жариялады.

Орталық коммуникациялар қызметі Жолдау қорытындылары бойынша қазақстандықтарға жедел-сауалнама деректерін ұсынады.

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың 43,46%-ы Президент Қ.К. Тоқаевтың Жолдауының мазмұны туралы жақсы хабардар. Тағы 48,88% жаңа шаралар туралы естіді, бірақ егжей-тегжейін білмейді. Ал 7,67%-ы онымен әлі танысып үлгермеген.

Сауалнамаға сәйкес, Президенттің ұсыныстары ақпараттандырылған азаматтардың басым көпшілігіне оң әсер қалдырды – 80,07%. Ұсыныстың 14,73%-ы бейтарап әсер қалдырды. Теріс әсер туралы 1,11% хабарлады.

Жолдаудың бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңінің ұлғаюы (54,15%), Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ын 18 жасқа дейінгі балалардың жинақтаушы шоттарына есептеу (51,27%), ең төменгі жалақы мөлшерінің 70 мың теңгеге дейін өсуі (46,07%), 61 жастағы әйелдердің зейнеткерлік жасын белгілеу (41,53%), 100 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ету (37,87%) және т.б. тақырыптары ақпараттандырылған азаматтар арасында барынша мақұлдауға ие болды. 

Зерттеу ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте еліміздің 20 өңірінде 18 жастан асқан 800 қазақстандық арасында онлайн-сауалнама әдісімен жүргізілді, әр облыстың қалалары мен ауылдары іріктемелі қамтылды. Сауалнама нәтижелерін Қазақстанның барлық халқына экстраполяциялауға болады – зерттеу үлгісі ел тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық және аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив