Қазақстанда қалаларды дамыту бойынша ұлттық стандарттар сериясы әзірленуде

Қазақстанда қалаларды дамыту бойынша ұлттық стандарттар сериясы әзірленуде

Стандарттар Тұрақты даму мақсаттарын және «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру үшін әзірленді.

3 стандарттың әзірлеушісі ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты болып табылады:

- ҚР СТ  ISO 37120 «Қауымдастықтың тұрақты дамуы. Қалалық қызметтер мен өмір сапасының көрсеткіштері»;

- ҚР СТ ISO 37122 «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар. Ақылды қалалардың көрсеткіштері»;

- ҚР СТ ISO 37123 «Қалалар мен қауымдастықтардың тұрақты дамуы. Тіршілікке төзімді қалаларға арналған көрсеткіштер».

«Қалалардың жұмыс істеу тиімділігін өлшеу үшін белгілі бір стандартталған көрсеткіштерді бағдарға алу қажет. Қолданыстағы жергілікті көрсеткіштер көбінесе стандартталмаған, келісілмеген немесе уақыт кезеңдері бойынша немесе әртүрлі қалалар бойынша салыстырмалы талдауға жатпайды», - деп ведомствода атап өтті.

Қалалық  қызметтер деп келесі салаларды қамтитын қала ұсынатын қызметтер түсініледі:

- тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, қоқыс шығару және қайта өңдеу;

- қоғамдық қауіпсіздік;

- өрт күзеті;

- жолдар және қозғалыс;

- демалыс;

- рұқсаттар мен лицензиялар;

- жоспарлау;

- құрылыс;

- қала ғимараттарын жалға беру және қызмет көрсету;

- сумен жабдықтау, су бұру және кәріз жүйелері, сондай-ақ мүлік салығы мен коммуналдық төлемдер.

«3 стандарт жобасын енгізудің мақсаты бірінші кезекте Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Бұл әр адам жақсы жағына қарай өзгерістерді сезінетін сала, өйткені осы стандарттарды қабылдау қалалардың инфрақұрылымын толығымен жақсартуға мүмкіндік береді», - деп Q-88 Қазақстандық урбанистер қауымдастығының өкілі толықтырды.

Бүгінгі таңда ҚазСтандарт Q88 Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға және урбанистика саласында ҚР ұлттық стандарттарын енгізу/қолдану жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізуде.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 340 стандарт әзірленетінін, оның ішінде 131 стандартты 22 ТК сарапшылары әзірлейтінін (2021 жылы 8 ТК сарапшылары тартылды) естеріңізге саламыз.

ҚР-да қолданыстағы ұлттық стандарттар http://shop.ksm.kz/ интернет-дүкенінде тегін қолжетімді.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1661238505 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив