Қазақстанда қалалар аумағын сапалы жоспарлау стандарттары енгізіледі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында еліміздегі қалалар аумағын сапалы жоспарлау стандарттары жобасын ұсынды.
Министрдің айтуынша, жаңа стандарттар ықшам құрылысты жобалау мен енгізудің, тартымды және жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастырудың, жаяу жүргіншілер мен велосипед инфрақұрылымын дамытудың қарапайым және түсінікті эталоны болады.
"Қазіргі жағдай жаңаша шарттарды талап етеді. Озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, қала құрылысын жоспарлау, жаңа урбандалу тәсілдерін дамыту жүйелерін трансформациялау қажет. Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттарын әзірлеу қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осы мақсатта біз еліміздің ірі елді мекендерінің қалалық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасының пилоттық жобаларын іске асыруды жоспарлап отырмыз", - деді министр.
Қайырбек Өскенбаев сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп, Ақтау және Атыраудың қала кеңістіктерін трансформациялау жұмыстарын бастағанын хабарлады.
[xfvalue_img]