23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні

 

Бүгін «Bolashaq saraiy» қабырғасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінен басталды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерге жоғары талаптардың қойылатынын, олардың кәсіби, адал әрі бәсекеге қабілетті болуы тиіс екенін атап өтті.

«Облысымыздың мемлекеттік органдарында бүгінгі таңда 5 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Олардың сапалық құрамы жылдан жылға артып келеді. 89% жоғары білімге, 15,7% екі немесе одан артық жоғары білімге ие. Жастардың үлесі 15,4% құрайды.

Мемлекеттік қызметшілерге еліміздің егемендігін және біртұтастығын қолдау және дамыту бойынша айрықша міндеттер артылған. Әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану сияқты қасиеттер болуы тиіс» - деді Ермек Маржықпаев.

Мемлекеттік қызметтегі ерекше еңбегі үшін өңір басшысы бірқатар мемлекеттік қызметшілерді «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен және алғыс хаттармен марапаттады, олардың ел игілігі жолындағы күнделікті еңбегі үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, өңірдің мемлекеттік қызметін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шараның екінші жартысы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында Департаменттің бастамасымен бірқатар дәстүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жастардың мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесулері, «Мемлекеттік қызметтегі бір күн» акциясы, «Менің бақытты отбасым» отбасылық фотосуреттер байқауы, басқа да мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шаралар. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында спорттың әртүрлі түрлері бойынша спартакиада өткізілді, оның қорытындысы бойынша бүгінгі күні республикалық турнирде өңірдің намысын қорғап жүрген құрама команда құрылды. Сондай-ақ ақмолалық мемлекеттік қызметшілер «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауына белсенді қатысып, оның қорытындысы бойынша Қосшы қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айнагүл Көңбайқызы үздік деп танылды.

Жазира Тоқтар, баспасөз хатшы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив