Ақмола облысында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Ақмола облысында Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

 

Бүгін «Көкшетау» мәдениет сарайының қабырғасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы рәсімімен басталды.

Сарайға жиналған қауымды кәсіби мерекесімен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтап, өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерден жоғары кәсібилік, адалдық, заң талаптарына бағынушылық сияқты қасиеттердің талап етілетінін атап өтті.

«Халықтық реформаларды жүзеге асыру үшін сапалы білімге ғана емес, сонымен қатар жұмыс тәжірибесіне ие кәсіби мемлекеттік аппарат қажет. Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік саясаттың жолсерігі, себебі оның мойнына отансүйгіштіктің, адалдықтың және сатылмаушылықтың эталоны болу сияқты ауыр міндет артылған» - деп өз сөзінде Ермек Маржқпаев айтып өтті.

Осыдан кейін өңір басшысы бірқатар мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметте үлгілі болғаны үшін алғыс хаттар табыстап, еліміздің игілігі жолында атқаратын күнделікті еңбектері үшін алғыс жариялады.

«Халықтың сенімі мен игілігі үшін атқарылатын барлық бастамалар бізден тиісті жауап күтуде: біз жаңашылдық пен алға қойылған мақсатты дұрыс түсіну сияқты элементтерді мемлекеттік қызметке жеткізу арқылы әлдеқайда ұйымшыл, мобильді, күрделі істерді тындыра алатын мемлекеттік қызметшілер қатарынан табылуымыз керек» - деп өзінің құттықтау сөзінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов атап өтті.

Бірқатар мемлекеттік қызметшілер Департамент басшысы атынан өңірлік мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан жеке үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Облыстың Мемлекеттік қызмет басқармасының бірінші басшысы, «Құрмет» орденінің иегері Марат Құлмағамбетов мемлекеттік қызмет ардагерлері атынан жас әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Кезінде ерен жүйрік білікті кадрлар тәрбиелеп, ақмолалық мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуының мықты діңгегін орнатқан осы кісі еді.

Өз сөзінде Марат Қадырқұлұлы жастарды өз Отанына риясыз қызмет ету сияқты борыштарын адал атқаруға шақырды.

Осы жолғы салтанатты іс-шараның ерекшелігі – мемлекеттік қызметшілер концерттік бағдарламаны өз күшімен дайындап, танымал туындылармен қатар авторлық шығармалар да қойылды. Бұл ақмолалық мемлекеттік қызметшілердің жан-жақты, шығармашылық қабілеттерге бай, жасампаз екенін көрсетті.

Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында Департаменттің бастамасымен бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Мысалға, «Қайырымды іс» акциясы шеңберіндегі қайырымдылық шаралары, «Жаңа ағаш» акциясы шеңберіндегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ағаш отырғызу, аймақтарды қоқыстан тазарту жұмыстары, спорттық-мәдени  іс-шаралар ұйымдастырылады. Алғаш рет әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық чемпионат өтіп, соның нәтижесінде құрама команда құрылып, қазіргі уақытта олар Павлодар қаласында өтіп жатқан мемқызметшілер арасындағы волейбол бойынша Республикалық турнирде Ақмола облысының намысын қорғауда.

Мемлекеттік басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін тарату, үздік кәсіби білімдері мен дағдылары бар мемлекеттік қызметшілерді айқындау және мадақтау, ынталандыру жүйесін дамыту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауына облысымыздың мемлекеттік қызметшілері белсенді қатысуда.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив