Оралда Кеңес Одағының Батыры М. Мәметова атындағы халықаралық әуежай терминалы іске қосылды

Оралда Кеңес Одағының Батыры М. Мәметова атындағы халықаралық әуежай терминалы іске қосылды

"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде Орал қаласындағы әуежайдың аэровокзал кешенін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жаңа терминалдың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қатысты.

Құрылыстағы қазақстандық қамту үлесі 60%-ды құрайды. Атап айтқанда, әуежай құрылысында пайдаланылған шыны, керамикалық плиткалар, санфаянс және басқа да материалдар өз елімізде шығарылған өнім. Халықаралық әуежай терминалы облыстық құрылыс компанияларымен салынған. Терминалдың аумағы 10 мың шаршы метрді құрайды, жолаушылардың орташа ағыны жылына 600 мың адамға жетеді. Әуежайдың жаңа терминалы IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) халықаралық стандарттарына сәйкес.

"Әуежайдың заманауи инфрақұрылымы оны "ашық аспан" режиміне қосуға ықпал етіп, шетелдік авиакомпанияларды тартуға мүмкіндік береді. Жаңа әуежай жолаушылар санын арттыра түсіп, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, сонымен бірге өңірде туризм саласын дамытуға қуатты серпін береді деп күтілуде", – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Камалиев.

Айта кетерлігі, биыл наурыз айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Орал қаласындағы әуежайға Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың есімі берілген болатын.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив