Дүниежүзілік үй жануарлары күні: қазақстандықтар өздерінің үй жануарларына не сатып алады және қанша ақша жұмсайды?

Дүниежүзілік үй жануарлары күні: қазақстандықтар өздерінің үй жануарларына не сатып алады және қанша ақша жұмсайды?

30 қарашада Дүниежүзілік үй жануарлары күні атап өтіледі. AliExpress командасы қазақстандықтардың саудасын саралай келе, олардың өз сүйікті жануарына қамқорлық жасау мақсатында не сатып алатынын анықтады.

Жануарларға арналған тауарлар санатындағы ең танымалы – иттерге арналған тауарлар. Өткен жылғымен салыстырғанда, 2021 жылы олардың сатылымы 1,2 есеге артқан. Ең өзекті тауарлардың арасында жаттықтыруға арналған дыбыстық сигналдарды беру функциясы мен дірілі бар қауіпсіз жаттықтыру қарғыбаулары, сондай-ақ киім бар. Бұл орайда қазақстандық пайдаланушылар ұсақ тұқымды иттерге арналған жылы киімдерді, рождество тақырыбына сәйкес костюмдерді және покемон, көкөністер мен жемістер, тіпті хотдогтар түріндегі қызықты киімдерді сатып алған.

Сәйкестендіргіш биркалар, мойынжіптер, серуенге алып шығуға ыңғайлы шағын су беретін ыдыстар, және ойыншықтар да иттерге арналған сұранысқа ие тауарлар тізіміне кірді.

Бұл санаттағы тауарлардың бағасы орта есеппен 1 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейінгі соманы құрады.

Танымалдылығы жағынан екінші орынға шыққан топ мысықтарға арналған тауарлар болды, ағымдағы жылы оларға деген сұраныс 1,3 есеге өсті. Мысық әжетханасына арналған тұғырығы бар жабық бокс, фонтан түріндегі су бергіш, электронды массажер, тырнақ қайрауға арналған мұнара және жеміс пішініндегі жұмсақ төсеніштер ең сұранысқа ие тауарлар болып шықты.

Бір сатып алу қазақстандықтар үшін орта есеппен 4 800 теңгеден 8 000 теңгеге дейін түскен.

Тағы бір танымал тауарлар тобын жануарлар гигиенасы мен денсаулығына қажетті заттар құрап, олардың сатылымы 6,5 есеге өсті.

Ең жиі сатып алынатын тауарлар арасында жүн тарауға арналған силикон щеткалар, тырнақ алуға арналған арнайы қайшылар мен тырнақтарға кигізіп қоятын қалпақшалар, сондай-ақ үй жануарларына арналған тіс щеткалары бар. Мұндай тауарлардың бағасы 300 теңгеден 1 500 теңгеге дейінгі сомада.

Бауырымен жорғалаушылар мен бунақ аяқтыларға арналған тауарларға деген сұраныс 1,7 есеге артты. Мұндай экзотикалық жануарлар үшін қазақстандықтар арнайы азық – кептірілген қара шегірткелерді, террариумдерді тазалауға арналған қысқыштарды және салқын қанды еркесі тоңбауы үшін жылытылатын кілемшелерді сатып алған. Бұл санаттағы тауарлардың бағасы 500 теңгеден 10 000 теңгеге дейін құрады.

Балықтар мен аквариум жануарларына арналған тауарларды сатып алу 2021 жылы 1,3 есеге өскен, олардың қатарында аквариумдарға жарық беруге арналған жарықдиодты шамдар, ауа компрессорлары және керамикалық инфрақызыл жылытқыштар бар.

АСТ Қазақстан компаниясы жүргізген сауалнама деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың 56%-ы үй жануарларын асырайды екен. Үйлердің шамамен 64%-ында мысық, 63%-ында ит бар көрінеді, ал сұралғандардың 5%-ға жуығы үйлерінде экзотикалық жануарларды: тасбақаларды, кесірткелерді, жыландарды, ұлуларды, өрмекшілерді, кірпі немесе теңіз шошқасын ұстайтын болып шықты. Бұл орайда респонденттердің 84%-ы жануарлар себепті өздерінің эмоционалдық  жағдайы жақсарады деп санаса, тағы 71 %-ы олар қожайынының денсаулығына оң әсерін тигізеді деп сенеді.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив