ЕЛОРДАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ 8 АЙДАҒЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ 8 АЙДАҒЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов ведомствоның қызметі және ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындылары туралы айтып берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Жүргізіліп жатқан жұмыс азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жедел ден қоюға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикасы екі жұмыс блогын қамтиды – бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және әкімшілік практика, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру.

8 ай ішінде департамент қоғамдық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінің, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 4 сыртқы талдау жүргізілді.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 58 ұсыныс әзірленді. (Мемлекеттік сатып алу саласында 14, НҚА өзгерістер енгізу бойынша 16 ұсыным, персоналды басқару бойынша 28 ұсыным). Бүгінгі таңда орындалған ұсыныстардың үлесі 75% құрайды (44 ұсыныс).

6 материал уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді. Көрсетілген материалдар бойынша тексеру жүргізіледі.

Бұдан басқа, 8 айда 7 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг (көліктік бақылау, ЖАО жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу, сұйытылған мұнай газын бөлу, ЖАО қызметі, жүргізуші куәліктерін беру, проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау салаларында), 3 кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 37 ұсыныс әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз қызметінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын басшылыққа алатынын атап өткім келеді. Эфирді пайдалана отырып, азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік танытуға және осындай құқық бұзушылықтармен соқтығысқан кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке не 1424 колл орталығына дереу хабарлауға шақырамын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау және жолын кесу үшін ғана емес, сондай-ақ олардың алдын алу үшін де жауапкершілік жүктелгенін атап өткен жөн, оның тетіктерінің бірі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

Департамент мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша жұмысты жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 8 айында аяқталған істер бойынша ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде тиісті ұйымдарға 33 ұсыныс енгізілді.

Мемлекеттік органдар мен мекемелерде ұсынымдарды қарау кезінде жалпы 300-ден астам қызметкерді қамтитын 13  кеңес өткізілді.

Бұдан басқа, олар бойынша 18 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (сөгіс – 6, қатаң сөгіс – 5, атқаратын лауазымынан босату, Ескерту – 3, ЖЗҚ-1, жұмыстан босату – 3).

Біздің міндетіміз – басшыларды сөзбен емес, іс жүзінде өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жұмыстарын жүргіздірту.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау, сондай – ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Мемлекеттік органдардың жұмысын күшейту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының ведомстволық бағынысты ұйымдарында қызметтің комплаенсі енгізілуде және жұмыс істеуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің негізгі миссиясы ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Елордалық департамент Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп квазимемлекеттік және жеке сектор өкілдерімен 25-ке жуық түсіндіру кездесулерін ұйымдастырды. Ведомстволық бағынысты 63 ұйымда комплаенс қызметтерінің жұмысын енгізу және жұмыс істеуі бойынша жұмыс жүргізілді.

Елордалық Департамент «Атамекенә ҰКП-мен бірлесіп 2018 жылдан бастап «Protecting business and investment» жобасын іске асыруда. Бұл жоба әкімшілік кедергілерді жою, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу бөлігінде инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге бағытталған.

Жоба шеңберінде ағымдағы жылы жалпы сомасы 25,5 млрд.теңгеге 3 келісімге қол қойылды.

Жалпы, жоба іске асырыла бастағаннан бері Департамент 13 жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуді жүзеге асырып келеді, олардың инвестиция сомасы 3,2 триллион теңгені құрайды.

Департаментпен тұрақты негізде қала тұрғындарынан келіп түсетін барлық өтініштер/шағымдарға мониторинг және талдау жүргізіледі.

Департаментке 1155 өтініш келіп түсті, оның ішінде 972 өтініш – жеке тұлғалар, 183 өтініш-заңды тұлғалар.

Көтерілген мәселелердің сипаты бойынша келіп түскен өтініштердің ең көп саны: Жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі жалпы проблемалар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер және Департаменттің өндірісіндегі қылмыстық істерге байланысты мәселелер.

Өтініштер саны бойынша салалар бойынша көш басында тұр: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жер қатынастары саласы, құрылыс саласы, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау мәселелері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кірмейтін өтініштердің келіп түсу жағдайлары орын алғанын атап өткім келеді. Мұндай өтініш бойынша біз уәкілетті мемлекеттік органдарды тарта отырып, жеке қабылдаулар ұйымдастырамыз

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың кез келген фактілеріне нөлдік шыдамдылықты қалыптастыру мемлекеттік органдардың транспоренттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және тәрбиелік сипатта болады.                                                                        

Осылайша, департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штаб аясында 60 мыңнан астам адамды қамтыған 186 іс-шара (тікелей эфирлер мен кездесулер) өткізілді.

«Antikor LIVE» жобасы  аясында 258 тікелей эфир 150 мың адамды қамти отырып өткізілді, оған 301 астам сарапшы қатысты.

Сонымен қатар, жыл басынан бері 80 мыңнан астам адамды қамтитын 153 «Адал көмек» онлайн тікелей эфирі өткізілді.

Департаменттің 8 айдағы қызметін қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және ақпараттық-ағарту іс-шараларын жүргізуден көрінетін алдын алу-алдын алу жұмысы ерекше үлес қосатынын атап өткім келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша барлық іс-шаралар Whatsapp мессенджерлері, ZOOM бейнеконференц-байланысы және Facebook қосымшасы арқылы жүргізіледі. Өскелең ұрпақ арасында парасаттылық сағаттары тұрақты негізде жүргізіледі.

«Адал көмек» жобасы аясында адвокаттармен, заңгерлермен, мемлекеттік қызметшілермен азаматтарға онлайн-кеңестер өткізіледі.

Бүгінде «Antikor LIVE» жобасына ерекше назар аударылуда, оның алаңына күн сайын халыққа өзекті ақпарат беру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары шақырылады, оның шеңберінде мемлекеттік органдар халықты қызықтыратын мәселелер бойынша 1 мыңнан астам сұрақтарға жауап берді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив