ШҚО-да білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

ШҚО-да білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Ағымдағы аптада Шығыс Қазақстан облысында Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясы шеңберінде панельдік сессиялар өтті. Аталған іс-шараларға ШҚО білім басқармасының өкілдері, облыстың қалалары мен аудандары мектептерінің директорлары, олардың орынбасарлары және басқа да мүдделі тұлғалар онлайн режимінде қатысты.

Тамыз конференциясына қатысудағы басты мақсат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, білім саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу болып табылады.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, қатысушыларды білім беру саласында жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оның ішінде жастардың парасаттылық пен адалдық құндылықтарын дәріптеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою мақсатында білім беру мекемелерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен бірқатар жобалар іске асырылуда. Бұл "Саналы ұрпақ", "Адал ұрпақ", "ADAL BILIM", "Парасаттылық мектебі", "Парасаттылық сағаты" жобалары.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушыларға жалпы жауапкершілікті қатайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына соңғы жылдары енгізілген өзгерістер жеткізілді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив