Сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау

Сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау

 

Атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату барысында «Атқарушылық іс жүргізу және және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес өндіріп алушы және борышкер болып табылатын атқарушылық іс жүргізудің тараптарында сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне дау келтіру қажеттілігі жиі туындайды.

Заң шығарушы сондай-ақ сот орындаушысының жекелеген әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) құқықтары мен заңды мүдделері қозғалды деп санайтын үшінші тұлғаларға сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасауға құқық бергенін атап өту қажет.

Жалпы жеке сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Азаматтық процестік кодекстің 250-бабымен регламенттелген.

Шағым аумақтық учаскенің сот орындаушысы қызмет көрсететін сотқа не жеке сот орындаушысының тіркелген жері бойынша берiледi.

Өтініш берушіге оның сотқа жүгінуге құқығы бар процестік мерзімінің болуын, атап айтқанда, сот орындаушысының әрекеттеріне шағым шағым жасалатын әрекеттер жасалған  күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабардар етілмеген өндiрiп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгiлi болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей сотқа беруге жататындығын назарға алу қажет.

Сотқа берілетін шағым өзінің нысаны бойынша Азаматтық процестік кодекстің 148-149-баптарында көзделген белгілі талаптарға сәйкес болуы тиіс, атап айтқанда, шағымда шағым берілетін соттың атауы көрсетілуі тиіс. Өтініш берушінің өзі туралы мәліметтер, атап айтқанда, оның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты мекенжайы, жеке сәйкестендіру коды (ЖСН), ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер.

Шағымда сондай-ақ әрекеттері шағымдалатын сот орындаушысы туралы ұқсас ақпарат, сонымен қатар соттың берілген шағымды қарауы кезінде мүдделері қозғалатын атқарушылық іс жүргізуге өзге де қатысушының (өндіріп алушының, не борышкердің) мәліметтері көрсетілуі тиіс.

Шағымда сот орындаушысымен жіберілген, өтініш берушінің заңмен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға әкеп соққан бұзушылықтарының мәні баяндалуы тиіс.

Сотпен іс жүргізуге қабылданған шағым істі сот талқылауына дайындау аяқталған сәттен бастап он жұмыс күн ішінде, сондай-ақ сотпен іс жүргізудегі он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады, көрсетілген мерзімдер ұзартылмайды.  

Соттың сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау уақыты мен орны туралы атқарушылық іс жүргізудің тараптары және сот орындаушысы  мерзімінен бұрын хабардар етіледі, алайда олардың келмеуі шағымды шешу үшін кедергі болып табылмайды.

Сот сот орындаушысының әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы шағымды қарастыра отырып, сот орындаушысының әрекеттеріне, олардың «Атқарушылық іс жүргізу және және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормаларына және Сот орындаушыларының қызметін регламенттейтін өзге де заңнамалық актілерге сәйкестігіне құқықтық баға береді.

Сот шағымды дәлелді деп тани отырып, сот орындаушысының әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы шешім шығарады және сот орындаушысын жіберілген бұзушылықтарды толық көлемде жоюға не тараптардың бұзылған құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін өзге де тәсілмен қалпына келтіруге міндеттейді.

Егер сот шағым жасалған әрекеттерді (әрекетсіздікті) сот орындаушысымен Заңға сәйкес, оның өкілеттіктері шегінде жасалды, бұл ретте, атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылған жоқ деген қорытындыға келсе, шағымды қанағаттандырудан бас тартылады.

Сотпен қабылданған шешімге заңда белгіленген тәртіпте шағым жасалуы мүмкін.

 

Сержан Щеглов

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы                               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 4

48 пікір

  1. аватар
    Айгерим 22 сентября 2023 01:40

    Саламатсыз ба менің жеке сот орындаушым Түркістан обл Қазығұрт ауданың сот орындаушысы Сүйінәлі Ержігітке шағымым бар 3 айдан бері балаларыма алимент өндіріп беру орнына өзімді кіналап озің ондіріп ал диді құжаттарыңды алып менен бас тартып құдатымды алып кетуімді талап етіп отыр борышкер оңтүстік Кореяда болған үшін жұмыссыз ретинде алимент шығарған заңсыз . Борышкерлің табысы 1500000миллион бизге 104000 толиды . Олда заңсыз оған да көз жұмдым соның өзінде өндіре алмай жатыр

  2. аватар
    Таншолпан 28 сентября 2023 12:42

    Құрметті Басқарушы мырза
    Мен Бармакова Таншолпан
    Ақтау қаласы
    Сот орындаушы Бақытжан Базарбаев Ерболовичтын устінен шағымданамын
    Себебі баланын пособя тусетин каспи счётна арест қойып онымен қоса ақшасын алған ол кісіге ескертім отв жоқ
    Алған ақшасын қайтаруын талап етемін!
    Бул іс заңға қайшы баланын ақшасын алуға Ата -Анасынан басқа ешкімнін құқығы жоқ!

  3. аватар
    Оралхан 12 октября 2023 18:44

    Усыпбеков Талғат Талғатович деген кісі менің төленіп қойған кредитімді төлемедің деп бүкіл чотты арестке қойып тастады, ақшамды қайтармай жатыр, нагыл жауып бермейді адам ұқсап дікендеп, бүкіл қағазды жібердім қарыз жоқ банк те деген сондада өз міндетің асыра пайдаланып тұр, ақшада жоқ бүкіл чот арестте тұр, ешкім ештене шеше алмайды ол кісінің құқығы бар дейді, қандай құқық ол жоқ жерден аресть қойу еш қарыз жоқ болсада?

  4. аватар
    Shonda 4 декабря 2023 08:33

    I visited various websites however the audio quality for audio songs existing at this website is in fact excellent.


    Also visit my web page ... Sol

  5. аватар
    Мухит 16 декабря 2023 17:51

    Қызылорда облысы жеке сот орындаушысы
    Райымбеков Бегайдар Амангелдиевич 87057227729 пен Аукенов Айбол Серіковичке 87479015133 шара қолдануыңызды сұраймын

  6. аватар
    Мадина 20 декабря 2023 22:22

    Сот орындаушысы Камила Серимбетова шотима шектеу қойган халык терминалмен толесемда кайта төле каспимен төле деп отыр озыны шотына услугасында аударып койгам звандасам алмайды қалаған уахтында өте дорекы мәмлемен аузына келгенін ватсаппен жазып оттайды екеуынде төлеп койсамда шоттарымдағы шектеуды алмай жатыр қайталап төле деп оның былай истеуге қуқуғы барма и мены жеке омырыме қатысты быраз әңгімелер кемситпе сөздер айтады устынен кайда шағымдансам болады кеңес берыңыздершы звандаса мулдем алмайды жөндеп тусындирмеген өте уғыпсыз өз жумысына немқурайлы қарайтын мынандай мамандарды жумыстан алса екен Халққа ебимен тусынтиретин копшылыкпен жумыс жасай алатын кадрлер керек мансапты адамға адемлеп қарапайым халыққа жеркып сойлейтын Сот орындаушысы КАМИЛА СЕРИМБЕТОВА сияхты мамандар емес ????????????????????????

  7. аватар
    Фарида 21 декабря 2023 01:36

    Саламатсыздарма!!! Менин Каспи счетымды Смаилов Рауан Темиргаливич деген сот орындаушысы 30.10.2020 арест койган,бирак ол адам в данный момент жумыс жасамайды екен. Мен карызымды толедим но Али счеттым арестте тур.Соны тез арада ашуга Каспи банкке запрос жиберулеринизди сураймын.

  8. аватар
    Динара 2 февраля 2024 17:12

    саламатсызба Актау қаласынан жазвп турмын сот орындаушысы Аханов Серіктің устінен шағым жазгым келеді неодыкватный адам емес ол,кімге хабарлассам болады

  9. аватар

    Саламатсыздар ма!Мен Ақтөбе облысы бойынша жеке сот орындаушы Ниязбаев Манап Куптилеуович мырзаның үстінен арызданып отырмын.19/07/2023жылы банкроттыққа арыз тапсырғанмын.шешімі 08/08/2023жылы қабылданды 6ай ішінде жауап келеді деген.Шешім шығып 24/01/2024жыл 6айдан соң банкрот болып танылды.Каспий шотым ашылып историядан қарасам Жеке сот орындаушы Ниязбаев Манап Куптилеуович 14/08/2023жылы өзінің қызметіне 6мың элит кз18мың аударып жіберген . Ниязбаев Манап хабарлассам чекті алып кел дейді өзі шешіп алса,менен чек сұрап тұр.Менің шотымдағы 25мыңды осы сот орындаушы Ниязбаев Манап шешіп алған.Оплата инкассового распоряжения 25/08/2023√9305927деп Каспийде историядан шығып тұр.соттан тыс банкрот қабылдаған справканы барин уатсабпен жібердім ақшамды алып алған қайтармайды.Сот орындаушы өзінің жалған 6мыңын элит кз аулаған 18мың қайтармай отыр 8күн болды.Сот орындаушы Ниязбеков өзі шешкен ақшаның чегін неге меннен сұрайды неге қайтармайды.Телефонмен сөйлесу мүмкін ,"емес өзіңіз біліңіз мен шеше алмайм "-дейд.Сот орындаушының мәселесін мен қалай шешем.кімге барып шағымданам.Неге заңсыз алып отыр ,мен шоымнан алғанын 6айдан соң ,шотым ашылғанда бір білдім,неге жеке адамның заңын аяққа таптайды .Жеке Сот орындаушы Ниязбаев Манап Куптилеуович заң жүзінде жауапқа тартылғанын қалаймын.Менің азаматтық құқым ескермей отыруына байланысты заң алдында жауап бергенін қалаймын.

  10. аватар
    Дуйсен 5 февраля 2024 18:33

    Саламатсыз ба? Мен ,Сартабанов Дуйсемби Казахстан Республикасынын азаматымын. Казахстан Республикасы,Актобе каласынын жеке сот орындвушысы, Ниязбаев М.К niyazbaevm@mail.ru 87765591199 менин ||-топтаты мугедигимди билип отырып телефонмен сойлесуге бастартып отыр. Жане ескертусиз пенсиямды токтатып отыр ед. Счётымды кулыптап тастаган. Ескерту берип ,менимен сойлесип инвалидни картамды шешип беруин жане 50% устамауын. Ескерту жасаунызды сураймын.

  11. аватар
    Нурлибек 13 февраля 2024 09:19

    Сәлеметсіздерме! Сот орындаушылар неге қазақша ақпарат бермейді? Қазақ тілі егемендік алғанымызға 30жылдан асса да күшіне ене алмай келе ме? Қазақ тілінде жоқ! деп нақты сөйлейді. Сонда тілді кім қорғайды? Маған нотариустан қазақ тілінде ақпарат алып бере алмай, мені қазақ тілінде құжатпен таныстырмай счётымдағы ақшаны шешіп алғаны үшін, қалай оларды жауапқа тартуға болады кім айта алады?

  12. аватар
    Раяш 2 апреля 2024 10:20

    Сәлеметсізбе мені Мураханов Досан Дуйсекович деген сот орындаушысы 153мың тенгеге ареске қойған менің негізгі қарызым 76мың тенге болады и менің шотымнан 27мың ақшамды шешіп алған енді кімге шағымдансам болады ол кісі менің аресімді шешпей отыр мендегі қарыз ақша дом канфортқа 76мың тенге

  13. аватар
    Гулмира 5 апреля 2024 08:51

    САЛАМАТСЫЩДАРМА ОСЫ СООТОРЫНДАУШЫЛАР НЕГЕ ОЗДЕРИНЕ ЖУКТЕЛГЕН МИНДЕТТЕРИН ТОЛЫК ДУРЫС ,КАНАГАТТАНДЫРАРЛЫК АТКАРМАЙДЫ ЕКЕН Смайлова Мая Болаткызы унеми квартальный бир реттик алатын постоновлениени жазып бермиди не звоноктарга жауап бермиди кандай адам бир шара барма биздин кинамиз не осы ?егер исти алмаса неге баска сот орындаушылар откизбиди документтерди

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив