ҚР атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы

ҚР атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы

Сот жүйесі жұмысының тиімділігі көп жағдайда   сот   орындаушыларына,   олардың өз жұмысын Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес мүлтіксіз жүргізілуіне байланысты. Себебі, сенімді атқарушылық іс жүргізу жүйесін қалыптастыру сот билігінің беделін арттырудың негізгі белгісі. Сондықтан, бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауды толығымен қалпына келтіру – сот актісінің шығып,  оның  заңды  күшіне  енуі ғана  емес,   оның   уақытында   орындалуында.   Сот   актілері   орындалғаннан   кейін  ғана біз азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған яғни даулы құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері қалпына келеді.

Қазақстан Республикасының судьяларының 3-съезінде еліміздің Президенті сот жүйесі шешуге тиіс басты тапсырма ретінде сот қаулыларының орындалуын ерекше бөліп көрсетті. Бұл міндетті ары қарай жетілдіру мақсаты мен республика судъяларының 5 сезінде көтерген болатын.

Өзіміз білетіндей, сот шешімдерін орындалуы тәжірибе жүзінде сот билігінің негізгі сатысы. Бұл байланыста қоғамның пікірімен келіспеуге болмайды, сот жұмысы әсерінің бағасы және сот билігінің беделі қабылданған шешімдердің саны мен сапасына тәуелді емес, ол шешімдердің орындалуына азаматтар мен заңды тұлғалардын бұзылған құқықтар мен заңды мүдделердің қалпына келтірілуіне тәуелді.Атқару ісінің сапасына соттың әсері жоғары болғанымен атқару ісінің сапалы және уақтылы орындалуы сот орындаушысының жұмысына тәуелді.

Соңғы уақытта осындай өзекті мәселелерге Қазақстан Республикасының сот билігі органдары көптеп көңіл бөлуде. Сот орындаушысы атқарушылық өндірісте негізгі субъект болып табылады, сондай-ақ атқарушылық әрекеттері басталған сәттен бастап барлық негізгі жұмыстарды жүзеге асырады және атқару құжатын толық орындап, өндіріп алушыны қанағаттандырғанға дейін оған жауапты болады.

         «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушысының мәртебесі» туралы заңның 126-бабының 1-бөлімінің 5-тармағына сәйкес сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде пайда болған сұрақтары бойынша, мерзімді ұзарту жөнінде, атқарудың тәсілі мен тәртібінің өзгергені немесе борышкерді іздестіру жөнінде сотқа жүгіне алады.

Сот орындаушысы үшін шешімді орындау мақсатында борышкерде ақша сомасының болмауы қарапайым және күнделікті іс болып табылады, бірақ өндіріп алушы қабылдайтын қандай да бір мүліктің болуы мүмкін. Атқарушылық іс жүргізу барысында атқару құжатын орындаушы өндіріп алушының жазбаша келісімімен сот орындаушысы борышкердің мүлкін өндіріп алушыға беруі мүмкін. Бұл процесс жаңа қызметін бастаған сот орындаушысына да қиындық туғызбайды.

Жоғарыда көрсетілген нормаға сәйкес өндіріп  алушының  келісімімен атқарушылық іс жүргізу әдісін өзгерту туралы, яғни өндіріп алушыға 50 мың теңгенің орнына тоңазытқыш немесе өзге де мүлікті беру мәселесін шешу үшін сот орындаушысы сотқа жүгінуге тиіс.

Статистикалық  көрсеткіштерге сүйенсек атқарушылық іс жүргізуде орындауға жататын сот актілері жылдан-жылға артып келеді. Бұл көрсеткіш халықтың сот билігіне деген сенімін білдіреді. Өз жұмыстары мен сот орындаушылары шешілмеген даулы мәселелерді сот органдары арқылы заңды жүйемен шешуге болатынын күн сайын дәлелдеуде.

Атқарушылық  іс  жүргізу  органдары сот актілерінің жоғары дәрежеде орындалуы, қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті азайтады деген үміт бар.

 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы

А . Әзімбекова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив