Сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау

Сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау

 

Атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату барысында «Атқарушылық іс жүргізу және және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес өндіріп алушы және борышкер болып табылатын атқарушылық іс жүргізудің тараптарында сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне дау келтіру қажеттілігі жиі туындайды.

Заң шығарушы сондай-ақ сот орындаушысының жекелеген әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) құқықтары мен заңды мүдделері қозғалды деп санайтын үшінші тұлғаларға сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасауға құқық бергенін атап өту қажет.

Жалпы жеке сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Азаматтық процестік кодекстің 250-бабымен регламенттелген.

Шағым аумақтық учаскенің сот орындаушысы қызмет көрсететін сотқа не жеке сот орындаушысының тіркелген жері бойынша берiледi.

Өтініш берушіге оның сотқа жүгінуге құқығы бар процестік мерзімінің болуын, атап айтқанда, сот орындаушысының әрекеттеріне шағым шағым жасалатын әрекеттер жасалған  күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабардар етілмеген өндiрiп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгiлi болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей сотқа беруге жататындығын назарға алу қажет.

Сотқа берілетін шағым өзінің нысаны бойынша Азаматтық процестік кодекстің 148-149-баптарында көзделген белгілі талаптарға сәйкес болуы тиіс, атап айтқанда, шағымда шағым берілетін соттың атауы көрсетілуі тиіс. Өтініш берушінің өзі туралы мәліметтер, атап айтқанда, оның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты мекенжайы, жеке сәйкестендіру коды (ЖСН), ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер.

Шағымда сондай-ақ әрекеттері шағымдалатын сот орындаушысы туралы ұқсас ақпарат, сонымен қатар соттың берілген шағымды қарауы кезінде мүдделері қозғалатын атқарушылық іс жүргізуге өзге де қатысушының (өндіріп алушының, не борышкердің) мәліметтері көрсетілуі тиіс.

Шағымда сот орындаушысымен жіберілген, өтініш берушінің заңмен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға әкеп соққан бұзушылықтарының мәні баяндалуы тиіс.

Сотпен іс жүргізуге қабылданған шағым істі сот талқылауына дайындау аяқталған сәттен бастап он жұмыс күн ішінде, сондай-ақ сотпен іс жүргізудегі он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады, көрсетілген мерзімдер ұзартылмайды.  

Соттың сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау уақыты мен орны туралы атқарушылық іс жүргізудің тараптары және сот орындаушысы  мерзімінен бұрын хабардар етіледі, алайда олардың келмеуі шағымды шешу үшін кедергі болып табылмайды.

Сот сот орындаушысының әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы шағымды қарастыра отырып, сот орындаушысының әрекеттеріне, олардың «Атқарушылық іс жүргізу және және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормаларына және Сот орындаушыларының қызметін регламенттейтін өзге де заңнамалық актілерге сәйкестігіне құқықтық баға береді.

Сот шағымды дәлелді деп тани отырып, сот орындаушысының әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы шешім шығарады және сот орындаушысын жіберілген бұзушылықтарды толық көлемде жоюға не тараптардың бұзылған құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін өзге де тәсілмен қалпына келтіруге міндеттейді.

Егер сот шағым жасалған әрекеттерді (әрекетсіздікті) сот орындаушысымен Заңға сәйкес, оның өкілеттіктері шегінде жасалды, бұл ретте, атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылған жоқ деген қорытындыға келсе, шағымды қанағаттандырудан бас тартылады.

Сотпен қабылданған шешімге заңда белгіленген тәртіпте шағым жасалуы мүмкін.

 

Сержан Щеглов

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы                               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 4

48 пікір

  1. аватар
    Аяулым 26 апреля 2022 20:22

    Құрметті сот ісін басқарушы ағалар менің жеке сот орындаушым болып табылған Айтей Мейрман Мейржанұлы Туркестан облысының адамы менен ақша талап етіп отыр!!Менің карталарымды арестке қойған, шығарып беріңіздер десем 84мың талап етіп. Сұрап жатыр сызден өндіріп бергенім үшін,арестке шотыңызды қойғаным үшін төлейсіз дейді. Мен осыдан 3 ай бұрын 9 февральда өз еркіммен барып кредитімді жауып кеткенмін. Бірақ шоттарымды ашпаған ашу үшін ақша сұрап отыр.Мен кредитіме ақша әрең тауып берген адаммын. Осыны қолға алуларыңызды сұраймын!!! Шымкент қаласы тұрғыны Сәретова Аяулым Әлімханқызы!!!!!

  2. аватар
    Жаудир 1 июня 2022 09:20

    Саламатсыздарма құрметті сот орындаушылар менің шотымды арестке қойып ақшамның 50пайыз емес барлық суммасын жеп отыр меннен алдын ала 100000талап еткен ақшамның қайда құйып отқаның көре алмасам неге ондай сот орындаушылар дұмыс істейді Түркістан облысы Елемес Жақсылық сот орындаушы!

  3. аватар
    Бауан Нұрсұлтан 19 января 2023 05:20

    Ассалаумағаллейкум Сот орындаушы КМФ менеджері екеуі Уйге келіп мені алдап дакументерге кол койдырып кетті Дакумент тусінбеймін тусіндіріп беріңіз десем сіз корыкпаңыз сізге жаксы болады деп кол койдырып 9 мил акшаң 6 милге тусетін кужат деп алдап кол койдырды мен Астер Автодан кредитке Машина алған едім 9 мил жобасында Соның ертесіне Машинамды алып кетті бермесеңіз куштеп алып кететінін айтты улап шуламай коңсы коландарға кулкі болмай турганда Машинаны Айдап бізбен журіңіз деп Штраф стойянкаға апарып тастады енді Маған машинаңды сатасың немесе біз сатамыз міне далел тусініктемелерің ештеңе істей алмайсың жазатын жеріңе жаз деп бабтармен коркытып отыр осы айдың ішінде толемесең 10 мил 200 мың тенге болады деп отыр соны толейсің маған 900 жуз мың акша төлейтінімді айтып отыр Сот орындаушы Турлыбеков Еркеғали С Сот болды Через онлайын бірак не болды не шешілді білмеймін

  4. аватар
    Мақсат 20 марта 2023 11:04

    Ассалаумағалайкум сот орындаушы мырзалар егерде жеке сот орындаушы өз жұмыс атқара алмаса неге жұмыс жасайды толық өз міндетін атқара алмаса менің шотымды жауып 44000₸ салып және тел қоңырау шалсам сағат 10 дер шамасында шәй ішіп отрм деп тастап жберет бұндай сауатсыздарды неге сот орындаушы қылып сайлайды Қызылорда облысы сот орындаушы Ержанова Салтанатқа арыз шағым

  5. аватар
    Абжанова Молдир 3 апреля 2023 18:55

    Саламатсыз! Кызылорда облысынын сот орындаушылары менин четымды аресте койып ашпай отыр Ержанова Салтанат деген кокирегин керип сойлесип бари тойленип тур мен бос емеспин деп касндагы комекшилери сойлесип дурыс жауап бермейди Ержанова Салтанат деген сот орындаушысы озиникин ондирип алган болатын банкке де тойленип тур менин уакытым жок деп сойлеспейди бундай сауатсыздарды неге сот орындаушысы кылып сайлайды Сот орындаушысы Ержанова Салтанат ка арыз шагым

  6. аватар
    Сандугаш 26 апреля 2023 11:35

    Саламатсыз ба!!!
    Атырау қаласының сот орындаушысы Хайруллин Куаныш Бурхановичке шағым түсіремін себебі атқару парағын жіберуге өтініш жазған болатынмын электрондық почтаға жауап бермей отыр ватсаппен жазсам аяқтай алып кетіңіз дейді мен аяқтай бара алмаймын почтаға жіберіңіз дедім. Бірақ жібермеді зарплаттан түгел ұстап қалды неге олай жасайды менің басқада кредиттерім бар төлейтін жартысын кері жіберіңіз десем мен жібермеймін мен оған жауап бермеймін дейді.
    Телефон соққанда алмайды бір шарасын алуларыңызды сұраймын

  7. аватар
    Ерикжан Надиров 28 апреля 2023 19:22

    Ассалаумағалйкум мен Туркистан обылысы Сарыағаш ауданы Култанов Кудакелди сот орындаушы мен Алимент төлеймін айлықтан устап отыр десем сенің ИП бар шоттарымды 4 ай бойы жауып жумысымды тоқтатып қойды айлықтан төлей беругеде мурша бермей маган улкен шығын келтірді осы сот орындаушыны жауабқа тауртуды талап етемін
    15, 12, 2022 жылы жабылып 13, 04, 2023 жылы осы уақытта дейін жауып отырған ,

  8. аватар
    Надиров Ерікжан 30 апреля 2023 12:18

    сот орындаушы Култанов Кудакелдіге арыз шағымым бар менің шотымды 4-ай бойы қултап кридиттімнің пеня өсуіне әкеп соқты маған ескертпестен тусіп турған айлығымнан устамай созбаланға салып жумысыма кедергі жасап келді шара көрулеріңізді суранамын.

  9. аватар
    Жадыра 17 мая 2023 14:41

    Мен Шабдарова Жадыра сот орындаушының үстінен арыз жазғым келеді ,ЧСИ Бежигитова Эльмира Абдыкадыровна Сот орындаушы менің шотындағы пасобия акшамды алып койган ёще Айдиколлекторга 74.395қарызымды 558.899тенге карыз деп жазып жиберген бір шаруа қолдануларынызды суранамын

  10. аватар
    Фарход 22 мая 2023 18:46

    Асмаламалекум,менде АДМ штраф болган ол штрафты толедим каспи арестен шыкты бирак каспидеги акшаларым кайтарылган жок сосын сол штрафты тексерсем штраф шыгып тур толенбеген болып,Акимшилик сотка барсам штраф бойынша жеке сот орындаушы постановление жиберу керек деп айтты сот орындаушыменен сойлессем штраф толенгеннен сон постановление автаматты турде АДМ сотка барады деп айтты,мен тусинбей турганым неге штраф ошпей тур сосын каспимдеги акшалар кайтарылмай тур штраф толегениме 1ай дай уакыт болды

  11. аватар

    Саламатсыздарма құрметті сот орындаушылар менің есімім Зұлпыхарова Майра. Қызылорда облысы Қызылорда қаласының сот орындаушысы Райымбеков Бекайдар Амангелльдиевич менің шоттарымның барлығын арестке қойып ақшамның 50пайыз емес барлық суммасын ұстап отыр. Жұмыс орнымнан түскен барлық 218 000 ақшамды түгел ұстап қалған.Өзім көп балалы анамын. Жолдасым жұмыссыз. Біраз уақыттан бері декреттік демалыста болып қаржылай қиындықтарға тап болдық. Ендігі айға дейін 4 баламды қалай , немен асырайын деп қатты стресске түсіп отырмын. Осындай халыққа пайдасы жоқ, жеке басының ғана пайдасына шешетін сот орындаушыларды лизенциясынан айыру керек деп өз шағымымды білдіремін. Айлықтың тек 50% ұстауға ғана құқылы қылуын сұраймын.

  12. аватар
    Салтанат 24 мая 2023 15:39

    Сәлеметсіздерме
    Сот орындаушысы Абдмразахов Т Е
    Осы кісіге шағымданып отырмын. Бұл Чси телеофондарын алмайды, ватсап аркылы жауап бермейді. Кредитимді уақытылы төдеп келіп , досрочно жапқанмын. Арест туралы сұарп едім мүлдем жауап жоқ. Оқиды бірақ жауап бермейді. Не выписка сұрап едім бермейді. Ограничение әлі тұр. Каспи банкі бойынша. Бұл жерде де жауап ала алмасам, жоғарғы жа дейін шағымданамын. Бір шара қолданыңыздар. Бұл кісілерге тиісті қағаз жүзінде заң жүзінде өтініш жазғанмын, жауап жоқ.

  13. аватар
    Мұсахан 8 июня 2023 15:30

    Мен Тараз қаласынан жазып тұрмын, менде салық комитетіне қарыз болған, сол қарызды төлеу туралы маған ескерту жасалды, ескерту ден кейін бірден төлем жасадым, төлем жасап болғанын кейін шотымды арестке қойып қойған Жеке сот орындаушы енді арестен шеш десем менен ақша сұрап тұр. Бұл жағдайды қалай түсінуге болады. Жеке сот орындаушы Шарипов Бақытьек

  14. аватар
    БАХЫТ 17 июня 2023 18:39

    Салеметсизбе мен счетымды але ашылмай жатыр 399тг калып кеткен Сот орындаушымнын тел ошик канша кун болды звандаймын. Мен ем алуга шетелге шыгуым керек неге жауапкершищик жок адам

    Мен сот орындаушым барлык тел ошик счетымды арестен шыгармаган 399тг калган але тел таппаймын

  15. аватар
    Әйгерім Алдажар 19 июня 2023 15:07

    Қайырлы күн! Сот орындаушым Жабагин Ернұрдың үстінен шағым түсірейін деп едім. Қалай түсірсем болады. Алимент мәселесі бойынша мүлдем қарамайды не жауап жазбайды. Алимент төлеуші бұрынғы күйеуімнен отчет алып беріңіз десем мүлдем жауап жоқ.

  16. аватар
    Ақерке 4 июля 2023 12:18

    Сәлеметсіздере?! Мен Сембиев Орынбай Дауленбекович Шымкент қалпсының сот орындаушысына шағымым бар. Менің машина налогыма байланысты еш ескертусіз ареске қойды шотымды . Мен ол кісіні тауып хабарласып налог төлеп үстіне тағы прямой өзінің каспий нөмеріне 3165 теңге аудардым 19.06.2023 ж күні. Ол кісі айтты болды бітті шоттарыңыз 3 сағат көлемінде ашылады деді. Енді міне бүгін 04.07.2023 ж күні кредитімді төлейін десем банктегілер сіздің шотыңыздан ақша ала алмаймыз сіз аударсаңызда , шотыңыз аресте деп қайтадан осы сот орындаушысын бағыттады. Мен қайта хабарлассам тағы налог сұрап тұр төледім осы күні тексеріңіз десем қайтадан менен 3165 теңге сұрады. И мен оныда төлем сізге жібергенмін 19 күні десем жарайды көрейін деп өшіріп қойды. Қайта қоңырауымды алған жоқ. МЕНІҢ АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ ОСЫНДАЙ ІСІНЕ ЖАУАПСЫЗ АДАМ ЗАҢ САЛАСЫНДА НЕ ІСТЕП ЖҮР? Сонда мен қайта қайта төлеу керекпінбе олар сұрағанда или қалай? Сол дағдайдан соң өзге тел хабарласытым мен пәленшемін не болды деп өзіме қарап атылып тұр бітіріп берем деп. МҰНДАЙ КІСІЛЕР ЗАҢ САЛАСЫНДА БОЛМАУЫ ТИІС!

  17. аватар
    Нургул 11 июля 2023 12:53

    Құрметті сот ісін басқарушы агалар менин жеке сот орындаушым болып табылатын Хамысбаев Женис Актау каласынын жеке сот орындаушысы. 2020 жылы Евразийский банктен алган кредитимди жапканмын. Ол киси озине тиесілі акшасын алды. Казир 2023 жылы али счеттарымды арестен алмай отыр. Ватсаптанда жазып жатырмын, Телефонда согып жатырмын. Бир тұшымды жауап бермейди. Акшасын алдыма неге міндетін орындамайды. Осы Хамысбаев мырзаға бир шара колдануынызды сураймын. 3 жыл болды Евразийский банктеги кредиттин толенгени не. Сондай-ак Каспий банктенде кредитим болган. Оныда банкке барып полный жауып тастадым. Енди жеке сот орындаушы Смайлов Рауан банкке барып неге толейсин деп биз аркылы толеуин керек деп счеттарымды арестен алмай отыр. Осы еки сот орындаушыга шара колдансаныздар

    Жауап болады ма екен. Бос умиттенип калмаймын ба. Арестен алу ушин карайган акша сурап тур. Казирги кымбатшылык заманда балдарымнын аузынан жырып беретин акшам жок. Озим квартира жалдап турамын. Бир жауабы болса.

  18. аватар
    Шынғыс 27 июля 2023 18:14

    Сот орындаушы Рахметов Алиев Адильбекович . Заңсыз шотты жабып отыр. Қызметі үшін 48мың сұрап отыр,бірақ бір рет хабарламаған. 2020ж толық төлемді ИП ЕРКІН САБЫРЖАН ЕРКІНҰЛЫ -на жасағанмын. Толық жабылды деген справка бар. Алматы облысы прокуратурасы қолға алса екен.

  19. аватар
    Абылай 27 июля 2023 22:12

    меним толенген зайымдарымнын акшасын алып оз жумысынын акшасын алып 1 жыл бойы мени просрочка кылып келеген али тооенбеген жеке Сот орындаушы Смайл Рауанга Шагым тусиремин али кунге дейн толенбеди жауап жок

  20. аватар
    Максат 28 июля 2023 18:00

    Қарасай ауданы жеке сот орындаушысы Бимырзаева Разия Жуманалиевна 26.07.2023 жылы сот шешімімен штраф болғандықтан шотымды ареске қойдым деді. Шын мәнінде ол штраф 2022 жылдың желтоқсанында ескерту келісімен ертеңіне төленген болатын. Мен емес сот орындаушыларының жұмысына салғырт қарағанынан немесе қарахалық түсінбейді леп ақша өндіріп алғысы келгегдіктен бе білмедік біз сияқты неше адамның жүйкесін ауру етуде. Арест қойылу үшін әр іс толық тексерілу керек шығар. Осы себепті жоғарғы жауапты тұлғалар сот орындаушының келесі іске жауапты қарауы үшін шара қолдануларыңызды сұраймын

  21. аватар
    Канагат 14 августа 2023 13:16

    Мен казакстан республикаасынын азаматы Кабылов Канагат,Кызыорда каласынын жеке сот орындаушысы Елубайулы Ербол кызыметин асыра пайдаланып менин званогыма жауап берми ватсабтан бугаттап тастап отыр осы аталган кисиге Бир шара корунизди сураймын болмаса жогары сотка арызданамын

  22. аватар
    Арайлым 31 августа 2023 03:49

    Сәламатсыз ба жеке сот орындаушы Аткару парагынын куші жоиылган сондада жардемакыдан устап отыр кызылорда жеке сот орындаушы Ибраев Арман деген калаи акшамызды каитарамыз

  23. аватар
    Нургул 12 сентября 2023 11:09

    Саламатсызба менын шоттарымды култап ішіндегі акшаларды шешып алып жатыр озынын услугасын толе деп отыр оган кукыгы барма калай аштыруга болады телефонмен оте дорекы сойлеседы немесе комекшылеры алып дурыс жауап бермиды орнында болмайды барганда туркыстан облысы сарыагаш каласынын жеке сот орындаушысы Култанов Кудагелди

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив