Сотталғандар арасында жарыс өтті

Сотталғандар арасында жарыс өтті

          ЗК-169/5 мекемесінің тәрбие бөлімі мен  «Pro bono» қоғамдық қоры бірлесіп, сотталғандар арасында спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Олар дойбы, шахмат, қол күрестен сынға түсіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

         Шараны  сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлім бастығының міндетін атқарушы Байқадам Балтабайұлы ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Тақта үстіндегі соғыс деп аталып кеткен шахмат  ойынында  сотталғандар  ерекше ойын көрсетті. Олар бар ынта- жігерін салып, шеберліктерін көрсете білді. Нәтижесінде, 1 – орынды А.есімді, 2 – ші орын М.есімді иеленсе, ал 3 – ші орынды Е.есімді азаматтар иеленді. Білік күшінің мықтылығын көрсететін қол күресте де сотталғандар өздерінің осал еместігін көрсетті. Білек күшінің мықтылығымен қарсыластарын жеңген В. есімді сотталған І орын иеленді.

Одан соң сотталғандар командалық «Арлан», «Қыран», «Батыр» топтарына бөлініп,  викториналық сұрақтарға жауап беріп,  өлең айтып, домбыра тартып, өнерлерін  көрсетті. Сотталғандардың  спорттық ойынына, өнеріне мекеме қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы өз бағаларын берді.Сұрақтарға шапшаң, әрі жылдам жауап беріп, өлең орындауда алдына жан салмаған «Батыр» командасы жүлделі орынды иеленді.

            Сайыс соңында жеңімпаздар «Pro bono» қоғамдық қорының грамоталармен және сыйлықтарымен марапатталды. Сайысқа қатысқан  сотталған  азаматтар «Pro bono» әлеуметтік жобаларын ұйымдастырушы қоғамдық қорына және мекеме қызметкерлеріне алғысын айтты. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД          

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив