Сотталғандар арасында кіші футболдан жарыс өтті

Сотталғандар арасында кіші футболдан жарыс өтті

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында кіші футболдан жарыс өтті.  «Pro-bono» қоғамдық қоры мен мекеменің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа 30-ға жуық сотталғандар қатысты.  Қатысушылар төрт командаға бөлініп, жарыс көркін қыздырды. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Тартысты да қызықты өткен жарыста командалық есеп нәтижесінде 1-орынды «Барыс» командасы алса, екінші, үшінші орынды «Орда» мен «Қыран» командалары өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және  сыйлықтармен марапатталды.

 «Мекемеде жазасын өтеуші азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып  тұрамыз. Сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген спорттық шараға  қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.Салауатты өмір салтын ұстануға  бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» - деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Думан Ералиев.

 «Бүгінгі спорттық  ойын  өте қызықты әрі тартысты өтті.  Мекемеішілік мәдени және спорттық шараларға белсене қатысамын. Өнерден де кенде емеспін домбыра тартамын, өлең айтамын. Футболды мектеп жасынан ойнаймын. Бүгінгі жарыста командамыз белсенділік танытып, бірінші орын алдық. Ұйымдастырушыларға алғысым зор», - деді сотталған азамат. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив