Батыс Қазақстан облысы  бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  жанындағы  соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты)  басшысы  Н.Ахметзакировтың 14 қазан 2020  жылғы өкімімен Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары лауазымына Қадесов Олжас Тұрланұлы тағайындалды.

Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов жаңадан тағайындалған соттар Әкімшісі басшысының орынбасары Олжас Қадесовты облыстық сот ұжымына таныстырды.

Қадесов Олжас Тұрланұлы 1993 жылы 28 қаңтарында Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2014 жылы Экономика және құқық академиясын бітірген.

2012 жылдан бастап сот саласында түрлі қызмет атқарып келеді. Осы кезең аралығында Орал қалалық сотда жетекші, бас маман, сот отырысының хатшысы, БҚО бойынша соттар Әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы, Теректі аудандық соты мен Орал қаласының әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі болып қызмет атқарды.

БҚО бойынша Соттар Әкімшісі басшысының орынбасары қызметіне келгенге дейін Орал қаласының Мамандандырылған Тергеу сотының кеңсе меңгерушісі қызметін атқарды.

БҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Н. Қажғанов  О.Қадесовты жаңа қызметімен құтықтап, алдағы қызметіне сәттілік пен жеміс тіледі.

Батыс Қазақстан сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив