Батыс Қазақстан облыстық сотында Конституция күніне арналған  салтанатты жиын болып өтті

Батыс Қазақстан облыстық сотында Конституция күніне арналған салтанатты жиын болып өтті

 

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы, алқа төрағалары, судьялары, Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Салтанатты жиналысты Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Р.Мырзакәрім ашып, қатысушыларды Конституция күнімен құттықтады. Өз сөзінде Рустем Мырзакәрім Ата Заңның мемлекеттің, қоғамның дамуындағы, әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап көрсетті. «Конституция мемлекеттіліктің нығаюы үшін оның берік іргетасын қалады. Бейбітшілік, келісім, бірлесу, теңдік, заңның үстемдігі сияқты құндылықтар заң жүзінде беки түсті. Адамның барлық негізгі құқықтары мен бостандықтары осы Конституцияда көрініс тапты», - деп атап өтті.

Облыстық сот төрағасы сөзін жалғастыра келе Конституция күні соттар үшін ерекше маңызды екенін атап өтіп, «Заңдарда іске асырылған конституциялық құндылықтардың орындалуын біз етеуіміз керек», - деді ол.

Сөз соңында Р.Мырзакәрім судьялар мен сот қызметкерлеріне атқарып отырған жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Салтанатты жиналыс марапаттау рәсіміне ұласты.

«Қазақстан Коституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Л.Устагалиева, Г.Миниус, Бәйтерек аудандық сотының судьясы А.Төлегенов және Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Н.Қажғанов, кәмілетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің меңгерушісі Ж.Өтегенова марапатталды.

Заңтану саласында ұзақ жылдар бойы, мінсіз әрі жемісті жұмыс істегені үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Ғ.Даулетқалиева, Орал қалалық сотының судьясы Қ.Өтешев және Бөрлі аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Оразбек марапатталды.

Республика Судьялар одағының «Үш би» құрметті төсбелгілері Орал қалалық сотының судьясы Г.Гимадутдинова мен Бөкейорда аудандық сотының төрағасы Г.Сағитоваға табыс етілді.

Сонымен қатар, қызметтік міндетін үлгілі орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының I дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісі  БҚО Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің басшысы А.Уразғалиеваға берілді.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының  «Құрмет» грамотасымен Жәнібек аудандық сотының төрағасы Ә.Жамантаева,  Ақжайық аудандық сотының судьясы А.Ғапуов,  Бәйтерек аудандық сотының судьясы А.Төлегенов марапатталды.

Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының «Құрмет» грамотасымен Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Кадралиева. Шыңғырлау аудандық сотының судьясы Ә.Маженова, Бәйтерек ауданының № 2 сотының судьясы А.Сидорова марапатталды.

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Р.Исмаилова,  Казталов ауданының №2 сотының судьясы С.Оразғалиева  және Теректі ауданының №2 сотының судьясы Е.Ұсмановқа Қазақстан Республикасы Судьялар одағының  «Алғыс хаттары» табыс етілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиевтың құттықтау хаты Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Ермаханов пен Теректі аудандық сотының төрағасы М.Маликовке табыс етілді.

         Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының Құрмет грамотасы Жаңақала аудандық сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы М.Бақтығұловқа және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының Алғыс хаты Ақжайық аудандық сотының аға сот приставы Ғ.Сақауовқа табысталды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының «Құрмет грамоталарымен» облыс соттарының сот қызметкерлері марапатталды.

Салтанатты жиналыс соңында облыстық соттың төрағасы барлық марапатталғандарды құттықтап, бәріне алдағы уақытта да табысты жұмыс тіледі.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив