Этиқалық кодекс халықтың мемлекеттік органдарға  сенімін нығайтуға бағытталған

Этиқалық кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға бағытталған

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі Эльвира Темірниязова мен Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Нұрбек Батырханов Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандарына бейнебайланыс арқылы арнайы дәріс сабағы өткізілді.

 Кездесуде сөз алған Э.Темірниязова Этиқалық кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың  жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс екенін атап өтті.

 Бұдан өзге, Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Н.Батырханов сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа сатысы және ең алдымен, мемлекеттің және қоғам өмірінің түрлі салаларында осы қауіптің пайда болуы себеп-салдарының алдын алу бойынша мемлекеттік қызметшінің ұстанымдары мен жұмыс жүргізе білу қабілеті жайында ашып айтты.

 Кездесу барысында сот қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, әдеп қағидасын орындау мемлекеттік қызметшілердің басты міндеттерінің бірі екенін ұғынып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты теріс қылықтарды жасамайтындықтарын және оны үнемі қаперде ұстайтындарын да жеткізді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив