Әдеп жөніндегі уәкіл жаңадан тағайындалған  мамандармен бейнебайланыс арқылы кездесті

Әдеп жөніндегі уәкіл жаңадан тағайындалған мамандармен бейнебайланыс арқылы кездесті

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары м.а. - әдеп жөніндегі уәкілі Темірниязова Эльвира Әбілқайырқызы мен Персоналды басқару бөлімінің басшысы Уразгалиева Ақтолқын Самарханқызының Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісімен жарияланған жалпы конкурс нәтижесі бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жаңадан тағайындалған қызметкерлермен бейнебайланыс арқылы арнайы кездесулері өтті.

     Кездесуде сөз алған Э.Темірниязова ең алдымен мемлекеттік қызметтің маңыздылығына тоқталып, қызметкерлерге артылар міндеттерді түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі әдебі туралы хабарлама жасап, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілерге деген халық сенімін нығайту мәселелері жайында жан-жақты сөз қозғады.  Бұдан өзге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа сатысы және ең алдымен, мемлекеттің және қоғам өмірінің түрлі салаларында осы қауіптің пайда болуы себеп-салдарының алдын алу бойынша мемлекеттік қызметшінің ұстанымдары мен жұмыс жүргізе білу қабілеті жайында ашып айтты.    

      Персоналды басқару бөлімінің басшысы А.Уразгалиева жаңадан тағайындалған қызметкерлерге қызметте еңбек тәртібін қатаң сақтау қажет екендерін түсіндірді. Кездесу барысында жаңадан тағайындалған мамандар өз ойларымен бөлісіп, әдеп қағидасын орындау мемлекеттік қызметшілердің басты міндеттерінің бірі екенін ұғынып, оны үнемі қаперде ұстайтындарын да жеткізді.

 

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив