Агенттік 4 мың адамның мәселелерін шешуге көмектесті

Агенттік 4 мың адамның мәселелерін шешуге көмектесті

 

Барлық өңірлер мен орталық мемлекеттік органдарда құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері сервистік жұмыс моделіне көшіру арқылы мемлекеттік органдарды трансформациялауды жүргізуде.  

Жалпы бұл жоба қоғам ішіндегі тұрмыстық жемқорлықты түбегейлі жоюға бағытталған.

Қазіргі сәтте ел бойынша әр түрлі деңгейдегі 280 сервистік әкімдік ашылып, 1500 мемлекеттік мекеме ашық кеңістік пен кедергісіз фронт-кеңселер жасақтаған, мемлекеттік органдар мен мекемелердің 5000 басшысы азаматтармен жедел қарым-қатынас орнату үшін бірінші қабатқа жұмыс бөлмелерін ауыстырды.

Мұндай жұмыс үлгісі ең алдымен әкімшілік кедергілерді болдырмай, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасай отырып жедел қызмет көрсетуге бағытталған.

Мысалы, Талдықорған мен Петропавл қалаларының сервистік әкімдіктері карантин жағдайында жабық болған Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ауыстырып, азаматтарға өз мәселелерін шешуге және қауіпсіз жағдайда мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндік берді.

Агенттіктің департаменттері де өз есіктерін азаматтар үшін айқара ашты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын жүзеге асыру аясында 16 сервистік Антикор-орталықтары салынып, азаматтарды кедергісіз қабылдау әрі құқықтық және консультациялық көмек беру жұмыстарына кірісіп кетті.

Агенттік мемлекеттік мекемелерді, үкіметтік емес ұйымдарды, белсенді азаматтарды, кәсіпкерлердің сұрақтарын талқылау әрі шешу үшін Антикор-орталықтардың алаңын барынша пайдалануға шақырады.

«Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру барысындағы маңызды жетістіктер мен нәтижелерге жету көбіне азаматтардың мәселесін шешуде өңірлердегі әкімдердің жеке араласуы мен мүдделілігіне байланысты екендігін атап өткен жөн.

Өңірлердегі жобалық кеңселердің жетекшілерінің қойылған міндеттерді бірігіп оңтайлы жүзеге асыру мақсатында әкімдердің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалуы осыған мысал бола алады.

Әкімдердің жеке қызығушылығы мен Агенттіктің күш-жігерінің бірігуі өз мәселесімен келген азаматтардың төрттен үш бөлігінің сұрағын шешіп берді, бұл шамамен 4 мың адам деген сөз.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив