Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты болдырмау туралы семинар

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты болдырмау туралы семинар

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басқарма басшысы Біржан Хайруллиннің қатысуымен семинар сабағы бейнебайланыс (TrueConf)  арқылы өткізілді. Семинар сабағына кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.

Біржан Хайруллин өз сөзінде әрбір мемлекеттік қызметкердің Республиканың заңдарын басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұра білуі тиіс екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық заңды бұзушылық ретінде ғана емес, ол біздің еліміздің дамуына қауіп төндіретін қатер ретінде қабылдануы тиіс.

Сабақ барысында, мемлекеттік қызметшілердің республика бойынша жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны жөнінде статистикалық мәліметтер айтылды.

Семинар сабағының соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқыға салды.

 

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив