Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастарының мүліктік құқықтары

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы қатынастарының мүліктік құқықтары

 

Елімізде неке және отбасы қатынастарын мемлекеттік қорғау және қолдау мақсатында 1998 жылы 17 желтоқсанда «Неке және отбасы туралы» Заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес: отбасы дегеніміз - некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп, оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы. Біздің елімізде неке ер мен әйелдің арасында пайда болады.

Отбасы - қоғамның ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасы құқығы бойынша неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқықтық одақ.

Отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша бірлескен өмір кезінде жиналған мүлік ортақ меншік болып табылады. Әдетте, отбасындағы мүлік ерлі-зайыптылардың екеуінің еңбегінің нәтижесінде жиналады. Кейде зайыбы жұмыс істемеуі, үй шаруасында және бала тәрбиесімен айналысуы мүмкін. Әрине, егер отбасында мүліктің кімдікі екендігі туралы дау туған жағдайда, олар мүліктің тағдырын шешу жөніндегі өтінішпен сотқа жүгіне алады. Сот мүліктің пайда болуына қатысты барлық мән-жайды ескере отырып, мәселені әділетті шешуі тиіс. Сот ерлі-зайыптылардың тәртіп жағдайын (екеуі де өмір салтын ұстана ма немесе бір жағымсыз қылықтарға бой ұрған ба, ішімдікке салынған емес пе т.б.), бір-біріне деген, балаларына деген қатынасын ескереді. Ортақ мүліктегі кейбір заттар (пәтер, машина т.б.) ерлі-зайыптылардың бірінің атына жазылады. Тіпті осындай жағдайдың өзінде ол ортақ мүлік болып табылады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің келісімінсіз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мұраға қалдыруға құқығы жоқ. Ерлі-зайыптылар ортақ мүлік тағдырын өзара келісіп шешуі тиіс.

Өз мүлкіне келтірілген зиян үшін ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзі жеке жауап береді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыс жасаудың нәтижесінде басқаның мүлкін бүлдірсе, ол өзінің жеке мүлкімен жауап береді, ал егер ол жетпесе, онда ортақ мүліктегі өз үлесінен төлейді. Егер жалпы ортақ мүлік жасалған қылмыстың нәтижесінде пайда болса немесе көбейсе, онда екіншісіне келтірілген зиянның орны жалпы мүлік есебінен толтырылады. Әрине бұл мәселелердің бәрі осы іске қатысты барлық деректер жан-жақты тексерілуі негізінде сот арқылы шешіледі.

Айтылғандардан көргендей, ерлі-зайыптылар арасындағы қатынас жалпыға мәлім моральдық нормаларға ғана емес, заң нормаларына да орай құрылады. Дау туған жағдайда, мүліктің тағдырын сот шешеді, сот алдында олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жауаптылығы да бірдей болады.

 

Бекқалиева М.Т.

Орал қаласының №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Halley 8 февраля 2024 20:49

    I'm impressed, I have to admit. Rarely do I encounter a blog that's equally educative and
    entertaining, and let me tell you, you have hit the nail
    on the head. The problem is something that not enough men and women are speaking intelligently
    about. I am very happy that I came across this during my search for
    something regarding this.

    my site fluctin zonder medisch voorschrift

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив