Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін не істеу керек?

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін не істеу керек?

 

Тіл ғылымның саласында болмасын қарым–қатынас құралы. Тіл қолданыс аясын таңдамайды. Айталық, ғылымды дамыту, оның даму бағыттарын, қызметін тиімді ету үшін, өндірістен шыққан тамаша өнімдерді тұтынушысына жеткізу үшін, өнімнің, қызметтің құндылығын, жетістігін, кемшін тұстарын, жеткізуге қажетті жақтарын, яғни бәрін бәрін жеткізетін құрал бұл – тіл.

Елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Оның құндылығы сөзсіз. Мемлекеттік тілді күнделікті жұмысымызда қолдануымыз тіл аясын кеңейтуге қосқан үлесіміз. Бұл жүзеге асырылатын жұмыс.

Оқырманның ойына мынадай ой келуі мүмкін: неліктен бұндай тақырып туындап тұр. Бұл заңды сұрақ, орынды ой. Себебі, мемлекеттік тілдің заң саласында қолдану аясы орыс тіліне қарағанда  әлдеқайда кемшін. Бұл шындық.

Тұрғындардың басым бөлігі азаматтық сотқа өтініш, арыз жазған кезде мемлекеттік тілде емес, бұрынғы қалыптасқан қалыппен ресми тілде жазуды оңайсынады.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотына 2019 жылы 2683 талап арыз және материалдар түссе, оның ішінде 290 арыз мемлекеттік тілде, яғни 10,8 % құрайды, ал 2020 жылдың басынан 635 талап арыз түссе, оның 50 мемлекеттік тілде, яғни 7,8% құрап отыр. Бұны да түсінуге болады. Заң бойынша сот азаматтардың сотқа жүгінген талап арыздары қандай тілде келіп түссе, сол тілде қарайды. Оны сот өз еркімен өзгерте алмайды, тек кейбір жағдайларда ғана талапкерлер мен жауапкерлердің қалауы бойынша іс өндірісінің тілі сот ұйғарымымен өзгертілуі мүмкін. Бірақ-та, бұндай да істердің саны әлі өте аз.

Мемлекеттік деңгейдегі қазақ тіліміз сөздік қоры бай, құнды болғанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін қолданыс аясы әлі дамытуды қажесінеді. Сот жүйесінде мемлекеттік тілде ресми іс-қағаздарды жүргізу әлдеқайда жақсы жолға қойылып келетіні рас, нәтиже бар. Әйтседе, азаматтардан келіп түсетін арыз, шағымдар ресми тілде түседі. Сәйкесінше, жоғарыда айтылғандай, сот арыз қай тілде жазылды, сол тілде арыз берушінің талабына жауап береді.

Ал ұйымдарға келетін болсақ, ұйымдар, кәсіпорындар, компаниялар арасында пайда болған түсінбеушіліктен туындаған мәселелерді шешу үшін сотқа арыз жазғанда көбінесе ресми тілде жазылады. Негізгі себептердің бірі қалыптасқан сөздік қорды қолданудағы оңай әрі ыңғайлы қалыпқа сүйену.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жөнінде мәселе туындап отырғаны – осы саланың тілді дамытуға өз үлесін қосуға ұмтылушылықтың белгісі.

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында сот саласында жылдан-жылға әр түрлі байқаулар жүзеге асырылуда. Мысалы, Жоғарғы Сот бастамасымен «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы», «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» атты байқаулар. Прокуратура, қорғаушылар, медиаторлар, сот орындаушылар және мемлекеттік мекемелердің басшылары мен олардың заңгерлері қатысуларымен бірталай кездесулер мен дөнгелек үстелдер және ай сайын «Ашық есіктер», семинар сабақтары жиі өткізіліп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде осы тақырып бойынша бірнеше материалдар да жарияланып келуде. Оның барлығы міндетті түрде өз септігін тигізуде

Тілді меңгеруге кәсіби курстар ұйымдастырылып, өткізіліп келеді, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру маңызды. Сұраныс бар.Тілді дамытуға қажетті қаржы да мемлекет тарапынан бөлініп отырады. Бұл да керемет мүмкіндік.

Мемлекеттік тілді сот жүйесінде қолдануға әрбір қызметкердің азаматтық, моралдық жауапкершілігі, яғни осы саладағы әрбір қызметкер өз деңгейінде үлес қосып, көп болса көл болатыны рас.

Әрине өзге тілдерді және ресми тілді қадірлеуміз қажет екені даусыз. Қазіргі таңда басқа тілде сөйлеп, үйреніп алудың ешбір қиыншылығы жоқ. Кез келген ұлттың не ұлыстың өзіндік ерекшелігі - тіл. Сондықтан мемлекеттік тілді қолданбау, білмеу үлкен адасушылық. Қытайдың атақты философы Конфуций да айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды». Мағыналы сөздер. Қандай тілде сөйлеуге еркіміз жетсе де өз ана тіліңе ештеңе жетпейді, оған сый-құрмет көрсетіп келесі ұрпаққа жеткізуге біз міндеттіміз.

Жоғарыда айтып өткендей тілді үйрену, сөздік қорды кеңейтуге қазіргі таңда мүмкіндіктер де кең, заманауи технологиялар, онлайн білім алу, онлайн сөздіктер барлығы тілдің қолданылуын жақсартуға үлкен мүмкіндік деп санаймын. Тілді таза ұстауды приоритетті бағыт дет тану, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің бірі.

Сотта іс қаралу барысында сот тараптары екі ұлт өкілі болса немесе куәларды жауаптаған кезде мемлекеттік тілін меңгермеулеріне байланысты, құқықтары бұзылмау мақсатында аудармашыны қатыстырамыз. Кей жағдайларда талап арыздарда қандай талап қойылғандығын түсінбей тұратын талапкерлер де аз емес, бұл қазақ тілінде жетік білетін заңгер мамандарының жоқтығы. Мемлекеттік органдардың талап арыздары да сотқа ресми тілде беріледі. Бұл жағдай бірінші басшылардың жауапкершілігін көтеруді қажет етеді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымының бірі. Сол себепті бұл бағыттағы маңызды қадам қатарында мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде білу керек деген талапты жедел түрде күшейтпесе болмай тұр.

“Бірлесіп көтерген жүк жеңіл” демекші қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін бәріміз бірігіп үлес қосуымыз қажет.

 

Нұргүл Кәдірғалиқызы Танкиева

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық

сотының судьясы        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

5 пікір

  1. аватар
    Mae 10 октября 2023 15:53

    What's up it's me, I am also visiting this web page
    daily, this site is really fastidious and the people are genuinely sharing good thoughts.


    Feel free to surf to my blog post ... Walker

  2. аватар
    Everett 20 апреля 2024 01:24

    Hi there terrific website! Does running a blog such as this take a
    large amount of work? I have no understanding of programming however I had been hoping to start my own blog soon. Anyhow, should you
    have any suggestions or tips for new blog owners please share.
    I know this is off topic nevertheless I just wanted to ask.
    Thank you!

    Here is my site Corey

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив