МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ - БАРШАМЫЗДЫҢ ПАРЫЗЫМЫЗ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ - БАРШАМЫЗДЫҢ ПАРЫЗЫМЫЗ

         Халықтың баға жетпес байлығы, елдіктің басты нышаны тіл болып келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 - бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін - өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды делінген.

         Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, сақтау және маңызын арттыру қай мемлекетте болмасын өзекті мәселенің бірі болып табылады. Соның бірі біздің елімізде де орын алып жатқан жәйіттер бар. Олай дейтініміз, кейбір жағдайларда ақпараттық технологияны қолдану аясында мемлекеттік тіліміздің көп қолданбауына куә болып жатамыз. Мәселен, сотқа жүгінген азаматтарымыздың кейбірі әлі күнге дейін арыз - шағымдарын және тағы басқа да құжаттарын орыс тілінде «Сот кабинеті» электрондық акпараттық сервисі арқылы жолдап жатады. Мұның себебі неде деген сұрақ туады? Мемлекеттік тілдің айналасында мұндай ахуалдың қалыптасуына бірнеше мәселе түрткі болып жатқанда й. Соның бірі азаматтар арызды орысша жазса, қаралатын іс тез әрі нәтижелі қаралады деп санайды. Ол өте қате пікір. Істердің сапалы қаралуы арыздың қай тілде жазылуына байланысты емес. Әрбір арыз - шағымды қараудың тәртібі құқықтық тұрғыда қарастырылған. Сондықтан мұндай қате пікір ойлайтындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу дұрыс болар еді.

         Еліміздің соттарында қазақ тілін қолдану аясын кеңейту мақсатында көптеген игі шаралар өтіп жатыр. Біздің сот тарапынан да қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту және  мемлекеттік тілдің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстелдер, семинар сабақтары, мемлекеттік мекемелер арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып отырады. Мәселен, жақында аудандық сотта «Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу» тақырыбында мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткен болатын. Шарада сот төрағасы А.Т.Анарбаев мемлекеттік тілді дамытудың мемлекеттік және қоғамдық маңыздылығын айтып, мемлекеттік тілді дамыту мен нығайтуға, соның ішінде сот ісін жүргізу тіліне әсер ететін бірқатар факторларды атады. Ол сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының тілдік қағидатты іске асыруды реттейтін құқықтық нормаларды процестік құжаттарды дайындау кезінде қатаң сақтауға тиіс екендігіне  назар аудартып, құжаттардың мазмұнына және лингвистикалық ережелеріне, іске қатысушы, сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарды сапалы аудармамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Сонымен қатар шарада мемлекеттік тілдегі істер мен жадығаттардың санын көбейту, мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселелері талқыланып, мемлекеттік тілді қолдануға қатысты қажетті ұсыныстар қабылданды. Азаматтардың тілдерді таңдау құқықтарының сақталуын, іс бойынша өндірісті мемлекеттік тілде жүргізілуін, сот ісін жүргізу тілі туралы заңнама нормаларының бұзылуына жол берілмеуі жөнінде де айтылып отырады.

         Сонымен қатар, аудандық сот судьяларымен қазақ тілін қолдану аясын кеңейту мақсатында  «Қазақ тілінің рөлі», «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру - баршамыздың парызымыз» тақырыбында мемлекеттік мекемелер арасында көшпелі дөңгелек үстелдер өткізіліп, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 - бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі екендігі, Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі - барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан - жақты дамытылуы, құқық қорғау органдарымен қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізудегі тілін таңдау құқығын сақтау бөлігінде мемлекеттік тілдің қолданылуының кеңейтілуі, әкімшілік істер бойынша қазақ ұлтты құқық бұзушыға қазақ тілінде хаттама толтырылуы жөнінде айтылып отырады

         Адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды. Еліміз дамып, мемлекетіміз өркендесін десек, әуелі ұлтты ұйымдастырудың құралы болып отырған қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керек деп ойлаймын.

                                               Мұғалжар аудандық сотының судьясы У.А.Айтжанова

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

3 пікір

  1. аватар
    Estela 12 апреля 2024 10:36

    I was suggested this website by my cousin.
    I am now not positive whether this put up is written by him as no one else recognise such targeted about my problem.
    You are wonderful! Thank you!

    Also visit my web-site ... Sherrill

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив